2024-07-27

МЕДИАЦИЯ «МОДАҒА» ЕНІП КЕЛЕДІ

alttories/aaaaa.jpg» />Анықтама орнына: Нұрказы Бектайұлы Шетенов 1978 жылдың 1 мамырында Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданында туылған.        Еңбек жолын 1997 жылы Шымкент қалалық 1 полиция бөлімінде (ПБ) учаскелік полиция қызметкері болып бастап, Шымкент қалалық 2 ПБ анықтаушы, тергеуші, ОҚО ішкі істер департаментінің жедел уәкілі қызметтерін 2004 жылға дейін атқарған. 2004-2007 жылдары Қазығұрт ауданы әкімінің заң кеңесшісі, 2007-2010 жылдар аралығында «Бейбарс и К», «Төлеби Мұнай Газ» ЖШС-де заңгер болған. 2010 жылдан бері Сайрам аудандық сотының судьясы лауазымын атқарып келеді.

                              Медиация «модаға» еніп келеді           

-Нұрказы Бектайұлы, Сайрам аудандық сотында судья болын істегеніңізге 6 жылға жуықтапты. Осы жылдардағы жинақтаған тәжірибеңізге сүйеніп 2015 жылы сотта қаралған істерге тоқталып өтсеңіз?

Әрине, жалпы аудандық соттағы барлық істерге терең талдау жасау төрағаның құзырында болғандықтан, мен бәрін жіліктеп айтып бере алмаймын. Тек жария мәліметтер бойынша өткен жылы аудандық соттың кеңсесіне 526 қылмыстық іс түскенін, оның 120-сы медиация тәртібімен қаралғанын айтуға құқылымын. Қылмыстық атқару инспекциясынан 180 материал түсіп, олардың 178-і қаралды. Жеке айыптау тәртібімен 370 шағым түссе, оның 43-і сот өндірісіне қабылданып, тиісті шешім қабылданған.          Тергеушінің және анықтаушының әрекетсіздіктеріне байланысты 20 шағым түсіп, 6-ы кері қайтарылды. Бесеуі қанағаттандырылып, тоғызын қанағаттандырудан бас тартылды.Ал, азаматтық істер бойынша 1938 шешім шығып, 3326-талап-арыз түскен. Осы ретте айта кетер жәйт, 2014 жылы медиация тәртібімен 30 іс қаралса, 2015 жылы ол 23-ке артып, 53 іс қаралды. Әкімшілік істер бойынша 12 жеке қаулы қабылданды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабымен сотқа құрметтемеушілік білдіру негізінде 11 әкімшілік іс қаралса, оның 10-ы бойынша әкімшілік ескерту, біреуіне әкімшілік қамақ жазасы тағайындалды.

Соңғы кездері бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отырған сыбайлас жемқорлыққа жол берген шенеуніктер жайында көп жазылып жүр. Білуімізше, Сайрам ауданында да мұндай оқиғалар кездесті. Осы жайында айтып өтсеңіз?                                                                                       

— Сайрам аудандық білім беру бөлімі мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік сатып алу бөлімінің есепшісі Г.С.Халметов аталған мекемеде жұмыс атқарған кезінде жеке кәсіпкер Р.Уланованы сатып алудың жеңімпазы деп тану үшін бас бухгалтерге 100000 теңге беруі керектігін айтып, осы қаржыны қолма-қол алған. Осы іс бойынша 2015 жылдың 26 тамызы күні сот үкімімен Г.Халметовке Қазақстан Республикасы ҚК-нің 58 бабының 2 бөлігіне сай жаза тағайындалған. Сонымен бірге өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айырылып, 3 000 000 теңге айыппұл салу жазасы тағайындалған. Алайда, Г.Халметов айыппұл төлеуден жалтарған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 19.12.2003 жылғы «сот актілерін әдейі орындамағаны үшін жауаптылық туралы нормативтік қаулысының 12-бөлігіне сай, борышкердің міндеттемесін толығымен орындауға мүмкіндігі бола тұра, сот актісін орындаудан жалтару мақсатында шамалы соманы қасақана енгізуін әдейі орындамау деп қарастыру керек. Осыған байланысты Сайрам аудандық сотының 29.12.2015 жылғы қаулысымен Г.Халметовке қатысты тағайындалған айыппұл жазасы 11 (он бір) ай 1 (бір) күн мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Медиация өзінің тиімділігін көрсете бастады. Осылай айтылып жүр, сіз осы сөздерді қандай мысалдармен нақтылар едіңіз?

Ашып айтсақ, қашан да даудың мұраты – бітім ғой. Осы орайда ауданда бірқатар ілкімді істер баршылық. Медиаторлық тәртіппен 2014 жылғы 4-наурызда С.Камиловтың жауапкер Н.Музраповпен татуласуына байланысты іс қысқартылды. Келтірілген материалдық шығын 151936 (бір жүз елу алты мың тоғыз жүз отыз алты) теңге қаржыны Н.И. Музрапов 2014 жылдың 30- қарашасына дейін беріп құтылуға міндеттенді.Бұл келісімге екі жақ та тоқталды.2015 жылы 23 маусымда кәсіби емес медиатор С.Х.Юсановтың қатысуымен медиация тәртібімен жер дауы мәселесі оң шешімін тапты.Биылғы жылдың өзінде медиация тәртібімен екі істі қысқартуға қол жеткізілді. Жауапкер Г.Бектеміров өзінің қарыз екенін мойындап, 2016 жылдың 30- наурызына дейін талапкер Б.Асановаға 260 000 ( екі жүз алпыс мың) теңгені толық қайтарып беруге міндеттенді. Дау осылай бейбіт бітімгершілікпен бітті.

Соттағы іс құжаттарының мемлекеттік тілде жүргізілуі қалай, БАҚ пен арадағы ба         йланыс туралы айта кетсеңіз?

-Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» деген қанатты сөзі жадымда қатты сақталып қалыпты. Мен өзім тіл жанашырларының отбасында бала күнімнен қазақ тілін ардақтап өстім. Әкем жарты ғасырдай облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде тілші, Қазығұрт аудандық «Қазығұрт тынысы» газетінде редактор қызметін абыроймен атқарып, зейнеткерлікке шыққан. «Ата көрген – оқ жонар» дегендей, қазақ тіліне деген құрметім шексіз. Сайрам ауданы көп ұлтты аудан болғандықтан іс құжаттары қазақ, орыс тілдерінде жүргізіледі. Өткен жылы тіркелген 12609 кіріс құжатының 10071-і мемлекеттік тілде, ал 2538-і орыс тілінде түскен. 11397 шығыс құжатының 9832-і мемлекеттік тілде, ал 1565-ы орыс тілінде шығарылған. Осының өзі бірте-бірте қазақ тілінің басымдыққа ие болып келе жатқанын байқатса керек. БАҚ-пен байланысымыз өте тығыз. «Газет – халықтың үні, тілі һәм құлағы» деп ағартушы Ахмет Байтұрсынов айтқандай соттағы іс-шаралар мен кездесулер БАҚ-тың қатысуынсыз өтпейді. Әсіресе, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдаған әрбір жолдаулары мен мемлекетіміздің заңдарына енгізілген жаңа толықтырулар мен өзгертулер талқыланып, түсіндірілгенде жалпы қарапайым халыққа кеңірек жеткізу көзделеді. Соған сәйкес сот саласындағы әрбір қызметкеріміз ыстық ықыласпен ақпарат құралдарында насихат және түсіндіру материалдарын тұрақты жариялап келеді.      

-Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбаттасқан Озипа АЛТАЕВА

 

Түйін: Еліктегіш халықпыз деп өзімізді сынап қоятынымыз бар. Модашылдығымыз да бар. Және бұл «жаңашылдығымыз» қоғамның барлық саласынан байқалады. Егер осы әдеттеріміз қоғамды оңалтып жатса қуанамыз. Мода демекші медиация «модаға» еніп келеді. Бірақ, бұл тез өте шығатын талғамға қатысты құбылыс емес. Олай болатыны бітімгершілік қазақтың қанында бар, тарихында таңбаланған мінез.   Оны уақыт көрсетіп отыр.

Яндекс.Метрика