2024-07-27

*Мерекелік сұхбат

tories/IMG-20140216-WA0000.jpg» width=»180″ height=»320″ alt=»IMG-20140216-WA0000″ style=»float: right;» />

        Индира Бектенова, спорт коментаторы: «Қызмет еткен саламда жеңімпаз болғым келеді»

        Ол жап-жас.Бірақ тыным таппайды. Бір күні Алматыда, бір күні Шымкентте… Берісі өз еліміз, арысы шетелдерде шапқылайды да жүреді. Мақсаты қазақ спортшылары қатысып жүрген түрлі дәрежедегі отандық,халықаралық дәрежедегі спорттық сайыстардан репортаждар дайындау.Қызметі  Қазақстан ұлттык арнасында, спорт жаңалықтарынын жүргізушісі, «Қазспорт» телеарнасынын редакторы.Әлеуметтік желідегі ең  белсенді журналистердің бірі. Ол Қазақстан телеарналарындағы сүйкімді тележүргізушілердің бірі. Оның сүйкімділігінің сыры- еңбекте.

        -Бүгінде  еліміздегі танымал  әрі өзіне өте сенімді аурулардың  бірісің, бұл балалық шақтағы арманның жемісі ме, жоқ алдыңа қойған мақсаттың орындалғаны ма?

        -Кішкентайымнан спортпен айналыстым. Бұл мені  кез келген жұмысты нәтижелі аяқтауға үйретті деп айтсам да болады. Әрине өмірде де сол қағиданы ұстануға тырысатыным жасырын емес. Тек каратэде ғана емес  әр салада жеңімпаз болғым келеді. Негізі анам мені тележүргізуші болса деп армандайтын. Менің бала күнгі арманым   әнші болу еді. Сол себептен тіпті музыка мектебінде тәлім алған кездерім болды. Бірақ спортқа деген құлшынысым басым болғаннан кейін каратэмен айналысуды жалғастырдым.

tories/IMG_25792665533541.jpeg» width=»180″ height=»235″ alt=»IMG_25792665533541″ style=»float: right;» />

       -Адамның өзіне деген сенімділігін қалыптастыру оңай шаруа емес. Ізденіс керек, еңбек керек, білім керек, жай көкірек қаққандар ұзаққа бармайды.Бойыңдағы сенімділіктің қалыптасуына ненің немесе кімнің әсері болды?

       -Отбасымның  ықпалы болса керек. Менен басқа отбамысызда әпкем Айгүл нысана көздеуден Азия чемпионы, әлем кубогының иегері, ағам Алмас еркін күрестен халықаралық турнирлердің жеңімпазы, інім Олжас каратэ до шотокан спортынан қара белбеу иегері, Қазақстан чемпионы.  Чемпиондар арасында өскеннен кейін бойында сенімділік пайда болады. Әр бір жеңіс адам бойындағы сол қаситетті дамытады. Одан кейін адамның мүмкіндіктері шексіз. Ең бастысы ерінбей еңбектену керек және өз өзіңе сене білу. Егерде өзіңе сенбесен, басқа адам қалай саған сенеді?

       -Журналистикаға қалай келдің, неге спорт саласын таңдадың, біз сенің қолөнерге, жалпы дизайнге де бейімің бар екенін білеміз және жергілікті телеарнада жаңалықтар қызметінде де біршама тәжірибе жинақтағаның бар…

       -Журналистикаға спорт арқылы келдім. Каратэ до шотоканнан Қазақстан чемпионатында абсосолюттік жеңімпаз атандым. Сол кезде «Қазақстан Шымкент»  телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат беруге шақырған. Эфирге шығып болғаннан соң түскі асты ішуге телеарнаның асханасына кірдім. Шәй ішіп отырған кезде бір үлкен кісі қасыма келіп менің қандай спорт түрімен айналысатынымды сұрап қызығушылық танытты. Ол кісі елімізге белгілі журналист сол кездегі «Қазақстан Шымкент» телеарнасының директоры Қалыбек Атжан ағамыз екенін кейін білдім. Маған бізге спорт жаңалықтарының жүргізушісі керек жұмыс істейсің бе деп деп ұсыныс айтты. Мен келістім. Осылайша Қалыбек Атжан ағамыз менің журналистика саласына келуіме себепкер болды. Сөйтіп анамның арманы орындалды. Сондықтан армандаудан шаршамаңыздар, дегім келеді. Шыны керек, « Қазақстан Шымкент» телеарнасында шеберлігім шыңдалды. Жаңалықтар жүргіздім, әр түрлі хабарлар дайындадым. Бос уақытымда достарымның, таныстарымның арнайы тапсырысы бойынша эксклюзивты қолға тағатын әшекейлер жасағам. Дизайінін өзім ойлап табатынмын. Өкінішке орай қазіргі кезде шыдамдылықты шыңдайтын хоббиге мүлде уақыт жоқ. Бірақ келешекте жалғастыру ойымда бар.

       -Еңбек жолыңды ерте бастауыңа не себеп болды, өзіңнің кейбір құрдастарың, мектепті енді тәмамдағалы отырған іні-сіңлілерің  міндетті түрде студенттік өмірді көру керек, бастан кешіру керек деген пікірде.

       -Әрине әр адамның кез- келген тақырыпқа қайталанбас өзіндік пікірі,көзқарасы  бар. Кез -келген адам өз тағдырына байланысты өзі ғана шешім қабылдай алады. Ерте жұмыс істеймін десе де өз еркі. Мен қызықты студенттік өмірді бастан кешіргенмін деп ойлаймын. Өйткені 9 – шы сыныптан кейін оқуды колледжде жалғастырдым. Егер  қызығушылығың болса оқуды да жұмыстыда  бірге алып жүруге болады. Менің қолымнан келген әйтеуір.

       -Ел аузына іліккендіктен, Индира қандай отбасында өсті екен, балалық шағы қайда өтті, арманы қандай деп қызығушылық танытатындар аз болмаса керек?

       -Қарапайым  көпбалалы отбасыдан шыққанмын. Алматы облысы, Кербұлақ ауданында   дүниеге келдім. Ұзақ уақыт Талдықорған қаласында тұрдық. Әкемнің жұмысын Шымкентке ауыстырды. Сол себептен Шымқалаға 2001 жылы көшіп келдік. Әкем шапқылап жұмыс істесе, анам үйде отырып біздің оқуды қадағалап, өзінің өмірін балаларына жақсы тәрбие беруге арнады.Анама алғысым шексіз. Арманым көп. Орындалғанда оқырмандармен бөлісе жатармын.

tories/IMG_89791411765549.jpeg» width=»200″ height=»300″ alt=»IMG_89791411765549″ style=»float: right;» />

       -Сочи бұл сенің  жұмыс бабындағы алғашқы олимпиадаң, алған әсеріңмен бөлісе отырсаң, қазақстандық жанкүйерлердің үміті зор болды, бірақ ақтала қоймады,неге деген сұрақты  жанкүйер мен спортшы арасында дәнекер болып жүрген өзің де қойған шығарсың, қандай жауап алдың?

       -Әрине алған әсерді сөзбен жеткізу қиын. Керемет енді. Шекара асып әлемдік жарыстарға бару бір бөлек, ал олимпиада ойындарын көзімен көру мүлдем басқа нәрсе. Бұл ретте осындай үлкен жобада жұмыс істеуге маған мүмкіндік берген «Қазспорт» телеарнасының директоры Диас Ахметшарипке алғысым шексіз.  Шынымды айтсам жан алысып жан берісіп жатқан сәттерді көріп спортшылардың шыдамдылығына қайран қалдым. Өз басым кезінде спортшы болғаннан кейін оларды жақсы түсінемін. Кейде бабы келісіп тұрады бірақ бағы жанбайды. Жеңіске жету жолы оңай емес. Жеңілістің себебі көп. Сол қателіктермен жұмыс істеуге спортшыға көмектесетін мамандандырылған спорттық психологтар керек деген ой пайда болады. Бірақ бұл олимпиадада Қазақстан қысқы спорт түрлерін дамыту жолында тағы бір сенімді қадам жасады деп айтуға болады. Бұрын қатыспаған спорт түрлерінде бұл жолы саңлақтарымыз күш сынасты. Бұл 2011 жылы елімізде өткен Азиаданың жемісі болса керек.

       -Сенің жетістігіңнің. Табысыңның кілті неде?

       -Еңбекқорлықта.

       -Достарың көп пе?

       -Достарым көп.

       -Мінезіңдегі кемшілік, артықшылық дегенде нені атап айтар едің және мұның кәсіби жұмысыңа әсері бар ма?

       -Өзіме мінездеме бере алмаймын. Бірақ егерде мақсат қойсам сол мақсатқа жетуге тырысамын.

       -Сенің қамқоршың, жанашырың  кім?

       Әрине ата- анам, жақындарым. Қамқоршы болам деушілерге конкурс жариялаймын!

       -Танымал адамдар, соның ішінде жастардың  арасында «жұлдыз ауруы» деген дерт бар. Өзіңді жұлдызбын деп есептейсің бе?

      -Жоқ жұлдыз деп есептемеймін. Индира Бектенова ол  спорт журналисі.

       -Жұмыс бабындағы ең бір қызықты сәтің туралы айтып өтсең…

        Өмірдің өзі қызық қой. Және Индира Бектенованың әр жұмыс күні қызықты өтеді.

       -8-ші наурыз ерекше мерекелердің бірі. Сені бірінші кім құттықтайды, сен кімді құттықтайсың?

       -Кез келген мерекеде мен бірінші әке шешемді, олар мені  құттықтайды. Содан кейін достарымды, әріптестерімді құттықтаймын. Мүмкіндікті пайдаланып Қазақстанның бүкіл нәзік жандыларын осы мерекемен құттықтағым келіп тұр. Сіздерге тілерім жыл 12 ай  көтеріңкі көңіл күй, бақыт, денсаулық және махаббат тілеймін.

       Индираның мерекелік ас мәзірі

       Наполеон торты

       Май — 100 гр.
       Қант — 1 стақан
       Бал — 2 ас қасық
       Жұмыртқа — 2 дана
       Ұн — 400 гр.
       Сода

       Ақырын жанып  жанып тұрған отқа ыдыс қойып ішіне май, қант, бал, екі жұмыртқаны салып араластырамыз. Әбден араластырып болғаннан кейін үстіне 200 гр. ұн саламыз. Ұн мен қоймалжын қоспаны толықтай араластырамыз. Үстінен қалған 200 гр. ұнды салып, қамыр илейміз. Осылайша бірнеше шелпек жасап пісіреміз. Және сыртын кез келген адам өзінің қалауы бойынша безендіреді .


Бейсенкүл Жақсыбекқызы «Қызмет» газеті





Яндекс.Метрика