2024-07-27

…«БІЗГЕ ДЕМАЛУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ КЕРЕК»


tories/_2.jpg» width=»359″ height=»315″ alt=»_2″ style=»float: left;» />Ақмарал Нұрланқызы, «Мейір» ардагерлерге арналған сауықтыру орнының директоры: 

«Бізге демалу мәдениетін қалыптастыру керек»

Қазіргі кезде сауықтыру орталықтарының маңызы ерекше. Әсіресе, денсаулығын табиғи еммен қалыпқа келтіруді мақсат тұтқан жасы ұлғайған, денсаулығы сыр бере бастаған ардагерлер қауымы үшін. Сайрам ауданында орналасқан «Мейір» атты сондай сауықтыру орындарының бірі өзінің тамаша табиғатымен ерекшеленеді. Жайқалған жасыл бағы, таза ауасы адам жанына сая бола алады. Ардагерлерге арналған сауықтыру орнын арнайы іздеп бардық. Директоры Ақмарал Нұрланқызы жылышыраймен қарсы алды.

-Сайрам ауданында саф  ауасы бар мынадай табиғаты ерекше тамылжыған аумақ бар деп ойламаппыз. Жазылып жатқан жазықтың оймақтай ғана шұрайлы жері екен. Сауықтыру орны қай жылдан бері жұмыс істеп келеді?

-Шынында сауықтыру орны табиғаты сұлу аумақта орналасқан. Сауықтыру орны ретінде 2006 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Бұрындары іргедегі колхоздың саяжайы болған. Одан кейін «Пионер» лагері болған. Осыдан 10 жыл бұрын құрылысы аяқталып «Мейір» сауықтыру орталығы болып ашылды. Ашылған жылдары 90 адамды қабылдайтындай мүмкіндігі  болды. 2011 жылдан бастап қосымша құрылыс жүргізіліп 190 адамға лайық мекен-жайға айналды. Бізде жылына 20 қабылдау болады. Әр қабылдауда 190 адамнан қабылдағанда жалпы есеппен жылына сауығуға 3800 адам келіп кетеді.

-Келушілерге қандай қызметтер көрсетіледі?

Сауықтыру орталығының  ауруханадан ерекшелігі бар әрине. Негізінен табиғи ем жасалады. Денсаулыққа дәрмен беретін емнің бәрі қарастырылған. Саумалмен сауығамын деушілерге де қазір жағдай жасалынған. Жақында Майбұлақ елді-мекенінің Ерболат есімді кәсіпкері келіп бізбен ақылдасып, рұқсат сұрап жанымыздан жер алып  қажет еткен демалушыларды саумалмен сауықтыруды қолға алды. Демалудың өзі адамның ағзасы үшін өте қажет нәрсе. Күнделікті жұмыс барысында жүргізген бақылаудың қорытындысында мен қазіргі қоғам үшін демалу мәдениетін қалыптастыру өте қажет деген ойға келдім. Өйткені, өмір сүру дағдысы өзгерді. Қарбалас тіршілікте уақытты жеткізе алмайтын жағдайға жеттік. Компьютер, қалта телефоны сияқты техникалар өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Осының бәрінен адам денсаулығына келетін зиян аз емес. Сол себепті де демалу мәдениеті керек. Демалу адам денсаулығын сақтаудың, жақсартудың маңызды бір бөлігі.

-Сіз үлкен бір мәселе көтеріп отырсыз, мен ойыңызбен келісемін. Денсаулық ең бірініші адамның өзі үшін керек болғандықтан замандастарымыз жаңағы өзіңіз айтқан қарбалас тіршіліктен бір сәт те болсын тыным алып өз денсаулығына үңілуі өзі үшін маңызды. Бізде балалардың демалысына, қарт адамдардың демалысына жақсы көңіл бөлінеді. Жазда балаларға арналған сауықтыру орындары жұмыс істейді. Және осы «Мейір» сияқты орындар бар. Ата-әжелереміз осында келіп демалу үшін қандай құжаттар әзірлеуі керек?

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt; vertical-align: baseline; background: #e8e9eb;»>-Ерекше атап өтер жәйт бізге келушілер өте көп. Демалушыларды Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ғана қабылдаймыз. Ал, келушілердің көбісі Шымкент қаласынан келіп жатыр. Жылына келетін 3800 адамның 1000-ға жуығы осы іргедегі облыс орталығынан келеді. Қалғандары аудан-аудандардан келеді. Негізі мойындау керек көптеген  ардагерлер бұндай орталықтың барын әлі күнге дейін білмейді. Құжат дегенде айтарым демалушылар арнайы жолдамамен келеді. Облыстағы әр елдімекенге халық санына қарай жолдама бөлінеді. Жолдама алу үшін жер-жердегі бұрынғы (собез) қазіргі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласу керек.

Келушілердің 20 пайызын ғана құрайды ер кісілер. Ал қалғаны әйел адамдар. 8-наурыз мерекесіне орай тіпті 90 пайызға дейін әйел адамдардың келушілері байқалады. Себебі статистика бойынша ер кісілер әлдеқайда аз.

-Тағы бір мәселенің басын қылтитып отырсыз. Ер кісілердің өмір ұзақтығы салыстырмалы түр де аз. Назар аударарлық мәселенің бірі осы. Жолдама ақысыз болды ғой?                                                                                    — Әрине, ақысыз. Таратылатын жолдаманың барлығы дерлік тегін таратылады. Келушілерге берілетін 4 мезгіл тамағы, жасалатын табиғи емі секілділердің ешқайсысына да ақы сұралмайды. Барлығы тегін.

-Бір демалу мерзімін қанша күн құрайды?

-15 күн уақытқа келеді жолдама арқылы. 15 күннен кейін келесі келушілерді қабылдаймыз.

-Үлкен кісінің көңілі де баланыкіндей. Ренжуі де тез, қуануы да тез. Көңілдерін қалай тауып жүрсіздер?

-Дұрыс айтасыз. Қарияларымыздың көңілдері жас баланың көңілі секілді. Кешкі салқын түсіп, күннің қызуы басылған шақта ардагерлердің көңілін аулау үшін күн сайын түрлі мәдени іс-шаралар, сайыстар өткіземіз. Топ-топқа бөліп жарыстар ұйымдастырамыз, өнерлерін ортаға саламыз. Оларды аудан-ауданға бөліп жармай араластырып немесе тұрып жатқан қабаттарына қарай топқа бөлеміз. Аудан-аудан болса, намысқа тырысып ренжісіп қалуы мүмкін. Осы жағына көбірек көңіл бөліп  қадағалаймыз. Шахматтан жарысады. Ал соңында билетеміз. Жалпы кеш қызықты өтеді.

Сенбі күні түске дейін жұмыс жасаймыз, жексенбі демаламыз. Сол демалыс күндері ардагерлерге арнайы көлік дайындаймыз. Сайрамның киелі, қасиетті жеріне келгендіктен әр демалыс сайын әулие жерлерді аралап, зиярат етеді келушілер.

Ал жатын бөлмелеріне келсек барлық жағдай жасалған. Теледидарлары бар. Өздерінің қалаған бағдарламаларын көре алады. Қалаған уақыттарында демалып, қалаған уақытында серуендейді. Аулада әр 50 метр сайын орындықтар орнатқанбыз. Шаршағандары болса отырып демалып алуға ыңғайлы. Ата-әжелеріміз уақыттарын тиімді өткізуді біледі.

-Бәріміздің ата-әжеміз бар. Үлкен кісілермен әңгіме құрғанды жанымыз қалап тұрады. Басшы болған соң жұмыс көп, десе де  қарт кісілердің жағдайын сұрап, көңіл-күйлерін бағып, әңгімелесіп тұруға уақыт табасыз ба?

-Әрине. Кей кездері білесіз бе қарт кісілердің жанынан шыққың келмейді. Себебі олар біз көрмеген, біз естімеген, тіпті біз білмейтін қызықты деректер мен тарихтарды біледі. Өзім осында қызмет атқарғаннан кейін әр келушілерді зерттеп жүретінім бар. Бірі қарапайым кісі болған, бірі лауазымды қызмет атқарған, бірі өнерлі дегендей. Аралап жүріп әңгімелесіп отырған қариялардың сөзіне құлақ түремін. Олардың өмір жолдары, асқан асулары мен бағындырған белестері бір-бір кітапқа жүк болардай күрделі, қызықты. Одан кейін әңгіме айтқанда әңгіменің майын тамызып тұрып әдемілеп айтады. Тыңдасаң тыңдай бергің келеді. Бастан өткен оқиғаларын тізбектеп айтқанда  уақыттың қадірі мен қымбаттығын түсінесіз, бағалайсыз. Нағыз шынайы көріністер  көз алдыңнан өтіп жатқандай болады. Өзіңе қарап өмірден алған тәжірибең мен біліміңнің әлдеқайда аз екенін түсінесің. Енді біреулері бар өзінің өміріндегі қиыншылықтарын баяндап отырады. Әңгімелеріне қарап, біз өмір сүріп отырған қоғамның артықшылығы мен кемшілігі, пайдалы жағы мен зияндығын байқап отырасың. Кейбірі отбасылық жағдайы, бала-шағасы, немерелерінің қызметтерімен мақтанып, соларға берген тәрбиесі мен көрсеткен өмірлік жолдарын айтып отырады. Бір тыңдағанға іш пыстыратын әңгіме сияқтанады. Ал бірақ, жақсылап тыңдасаңыз, әсіресе, әйел адамдарына, отбасы жағдайына керекті талай кеңес жинауға болады екен. Олардың барлығы да өмірлік қажеттіліктер болуы әбден мүмкін. Жалпы уақытым болып жатса жандарына барып әңгіменің арқауын тарқатуға асығамын. Ол өзім үшін де маңызды. Себебі, біздің олардан үйренеріміз көп.

— Ақмарал Нұрланқызы әңгімеңізге үлкен рахмет. Жұмыстарыңыз табысты әрі жемісті бола берсін!

 Ж.Үсентаев

Яндекс.Метрика