2022-12-06

ТОҒЫЗ ҰЛТТЫҢ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ БАР БІЛІМ ОРДАСЫ

Spread the love

tom: 0.0001pt; text-align: center;»>

tom: 0.0001pt; text-align: center;»>Тоғыз ұлттың мәдени орталығы бар білім ордасы

tom: 0.0001pt; text-align: center;»>немесе  ата-аналары тәрбие сағатын өтемін деп кезекте тұратын мектеп

tom: 0.0001pt; text-align: center;»>

tom: 0.0001pt; text-align: center;»>tories/sholpan.jpg» width=»210″ height=»314″ alt=»sholpan» style=»vertical-align: middle;» />

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>
      Шымкент қаласы ғана емес, бүкіл Қазақстан, тіпті Еуропаның өзін мойындатқан танымал білім ордасына барғанымызда Қазақстан халқы Ассамблеясының бала танымына сәйкестендірілген кішкене үлгісін көріп тамаша  әсерде болдық. Басынан айтайық. Бізді жылы қарсы алған гимназия директоры Шолпан Бейсенбаева бірден білім ошағындағы «Шаңырақ» этносаралық балалар клубындағы таңғаларлық экпонаттармен таныстырды. «Біздің гимназия мемлекетіміз сияқты көпұлттан құралған. Бүгінде білім ошағында жиырмадан астам ұлттың балалары білім алады. Көпұлттан құралған педагог қызметкерлер мен оқушылар қауымы Қазақстанды мекен еткен барлық ұлттардың мәдениетіне, салт-дәстүріне қызығушылықпен қарап, бауырластық, отансүйгіштік және төзімділікті қадір тұтады» — дейді М.Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 гимназиясының директоры Бейсенбаева Шолпан Асылбекқызы.

       Жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын аттаған біздің әңгімеміз әлқиссасы сағыныштан басталды. Біз де бала болдық, үш ай демалыс қанша қызық болса да мектебімізді, достарымызды сағынатынбыз. Ұстаздар ше? Сол бала кездегі мені толғандырған сауалды мен салғаннан-ақ мектеп басшысына қойдым. Оқушыларыңызды сағынып қалған боларсыз?

       Әрине. Жалпы мектепке жұмысқа өзінің саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнаймын деп  шешкен мамандар келеді. Баланы, мектепті шынайы сүймейтіндер білім ордасында ұзақ жұмыс істей алмайды. Оны біз жұмыс барысында көріп жүрміз. «Балалы үй базар» — деп дана халқымыз бекер айтпаған ғой. Жазғы демалыс кезінде гимназияға келгенде шулап жүрген балалар жоқ. Шынымды айтайын, білім ошағының тым-тырыс ауласын көргенде жаным жабырқап қалады. Қыркүйекке дейін оқушыларымызды сағынып қаламыз. Үш айдың ішінде балаларымыз біршама өсіп, өзгеріп те қалады. Мұны көрудің өзі бақыт. Жаңа оқу жылында жаңадан гимназия табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерді, бұрынғы өзіміздің оқушыларымызды көріп ерекше қуанышпен оқу жылын бастап отырған жайымыз бар. 

       «Шаңырақ» ұлтаралық балалар клубы қалай құрылды?

       Қазақстан үшінші мыңжылдыққа бай тарихы бар, мәдениеті қалыптасқан ел ретінде ғана емес әлемге ұлтаралық достықтың үлгісін көрсете білген мемлекет ретінде еніп отыр. Халықаралық ұйымдар елімізді саяси тұрақтылық және ұлтаралық келісім сақталған мемлекет ретінде мойындады. Елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай, біз Тәуелсіздік жылдарындағы барлық жетістіктерге еліміздегі тұрақтылық пен тыныштықтың арқасында жеттік .

Бүгінде Қазақстанды әлем бейбітшілікті жоғары бағалайтын тұрақтылық пен келісімі сақталған мемлекет ретінде таниды. Оған шетелдерге жұмыс бабымен сапарлап барғанда өзім де куә болып жүрмін. Бізді біріктіретін бір-біріміздің салт-дәстүрімізді бағалауға деген бір көзқарас және  ішкі рухани туыстық сезімдері.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Бұл балаларға да тән сезім. Оқушылар арасында ұлтаралық мәдениеттің айтарлықтай белсенді үдерісінің қалыптасуы біздің гимназияда Ұлтаралық балалар «Шаңырақ» клубының құрылуына әкелді. 

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»> Біздің гимназия мемлекетіміз сияқты көпұлттан құралған. Иық тіресе жарыса оқып келе жатқан жиырмадан астам ұлттың балалары бірін-бірі жақсы көреді, дос, ынтымағы берік. Сондықтан гимназиядағы «Шаңырақ» клубының табысты қалыптасуы таңқаларлық жағдай емес. Клуб баланың төзімділік тұлғасын, жарқын көшбасшылық қасиетін арттыруға, оқушылар арасындағы өзара құрметтің қалыптасуына және әлеуметтік атмосферадағы кішіпейілділіктің теңдессіз барометрі болып табылады.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Бәрі де 2005  жылы гимназияда Қазақстан халқы Кіші Балалар Ассамблеясының құрылуынан басталды.  Бұған үлкендер мен балалардың  назарын өзіне тарта білген «ХХІ ғасырдың ғажайып техникасы» интерактивті тақтаның пайда болуы көп әсерін тигізді. Ол былай болған еді. 2008 жылы Ассамблея өз шеңберін кеңейтіп тұңғыш рет республика көлемінде онлайн режимінде «Біз-Қазақстан халқымыз!» атты конференция өткізген-ді. Сол конференцияға біздің мектепте белсенді қатысты. Керемет әсер алып, ұлтаралық достықты насихаттайтын іс-шаралар ұйымдастырдық. Тәжірибе жинақтадық, өзегелермен сол тәжірибемізді бөлісетіндей жағдайға жеттік. Сол кезде мектебімізде  құрылған Қазақстан халқы Кіші Балалар Ассамблеясы 2010 жылы «Шаңырақ» ұлтаралық мәдени клубы мәртебесін алды. Клуб жұмысы жаңа бастамалармен толықты. Оқушылар «Жастар арасындағы этносаралық дау-жанжалдардың кеңейуі және ескерту әдісі» тақырыбында семинар-тренинг өткізуді бастады. Балалар ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан қызығушылықтарына және қалаулары бойынша топтарға бөлінді. Солардың алған әсерлері мен қызығушылықтары негізінде білім мекемесінде 9 мәдени орталық құрылды. Олар: қазақ, славян, корей, шешен, грек, өзбек, грузин, татар және қырғыз орталықтары.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Клуб жұмысының бір бағыты – конференциялар өткізу. Конференция қатысушыларына ұжым және жеке тұлғалар тарапынан 11 жоба ұсынылды. Сондай-ақ «Музыкалық фестиваль», «Менің өлкемнің қызықты тұлғалары», «Шет елдегі қазақтар өмірі», «Ұлттық киімдер конкурсы» ұйымдастырылады.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Қазақстан халқының заманауи жағдайында ұлттардың мәдениетін білу, этникалық және қалыптасу тарихымен таныс болу қажеттігін балалар түсінеді.

       Орталықты құжаттандыру, экспонаттармен толықтыру туралы айта кетсеңіз, бұл мектеп оқушылары үшін қиын болған жоқ па?

       Бәрі де заңға сәйкес болды. 2010 жылғы «Біздің таңдауымыз – достық және төзімділік» тақырыбындағы клуб мәжілісінде клубтың Жарғысы, оның рәміздері: туы, эмблемасы, гимні қабылданып, бекітілді.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Орталықтың қызметін түрлендіру бойынша балалардың қызығушылығы және өзара құрметі негізінде гимназия әкімшілігі ата-аналардың демеушілігімен «Қазақстан халқының достық залын» клубтың туған күніне сыйлады. Мәдени орталықтардан жиналған барлық материалдар залға орналастырылып әдемі рәсімделді. Көрермендер назарына түрлі ұлттардың тұрмыстық бұйымдары, ұлттық киімдер, ескі суреттер және монеталар ұсынылды. Бүгінде клубтың белсенді мүшелері келушілерге осы залда таныстыру дәрістерін жүргізеді.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Ал, мақсаты туралы айтар болсам, «Шаңырақтың» басты мақсаты – оқушыларды біздің көп ұлттан құралған Отанымыздың аумағында өмір сүретін эностардың мәдениетін түсінуге және бағалауға шақыру.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Жыл сайын дәстүрлі өтетін  «Қазақстан халқының бірлігі күні», «Мемлекеттік тіл және Қазақстан халқы тілдер мерекесі күні», «Денсаулық фестивалі», теңдессіз, ұмытылмас Наурыз мерекесіндегі әрбір ұлт өз салт-дәстүрін, мәдениетін көрсетуі түрлі ұлт балаларының түсіністікте өмір сүруіне шүбәсіз көмектеседі. 

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Гимназия облыстағы мәдени орталықтармен тығыз қарым-қатынаста.  Біздің оқушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстағы филиалы ұйымдастыратын іс-шаралардың белсенді қатысушылары болып табылады.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Біздің оқушылар  Қазақстанды мекен еткен барлық ұлттардың тек қана достықта  өмір сүріп қана қоймай, Қазақстан деп аталатын үлкен үйіміздің  бақытты болашағының кілті достықта екенін, осы бағыттағы жұмыстарға  белсене атсалысу қажет екенін жақсы түсінеді.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Сондай-ақ оқушылар үшін жазғы және қысқы демалыс кезінде тілдерді үйрету лагері жұмыс істейді. Оқушыларды көшбасшылық қасиетте тәрбиелеу, жасөспірімдер арасындағы дау-жанжалдарды болдырмау бойынша жүйелі жұмыстарды клуб лагерде де жүйелі түрде жүргізеді.

       140 жылдық тарихы бар білім ордасының оқушылар күнделігі де ерекше екен?

       Күнделік деген сөзге әбден лайық деп ойлаймын. Біздегі оқушылар күнделігін де әр аптаның сабақ кестесіне қосымша осы аптада өтілетін іс-шаралар тізімі де жазылады. Оқушылар «мен бұл аптада мынадай мереке болатынын ұмытып кетіппін» деп жүрмейді. Күнделіктің жоғарғы шетінде апта қалай басталып қалай аяқталғанын білдіретін «смайллик» қояды. Сондай-ақ апта соңында ата-ана және бала қысқаша эссе жазатын бағана да жасалған.

       Нәтижелі жұмыстарыңыздың жарқын көрінісі деп 2012 жылы Оксфордта (Ұлыбритания) Еуропалық бизнес Ассамблеясы Сократ комитетінің Халықаралық серіктестікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Сізге және педагогикалық ұжымға берген наградасын айтар едік. Көпшілікті таңқалдыратындай гимназияның ерекше бастамалары туралы айтсаңыз?

       Нәтижелі білім беруге қол жеткізу үшін мектеп жұмысына ата-аналардың қатысуына ерекше көңіл бөліп келеміз. Енді ата-аналар бұрынғыдай жиналысқа барсақ тек сынып жетекшілер жөндеу жұмысына ақша жинау туралы айтады деп қорықпайды. Жиналысты сынып жетекшісі емес, ата-аналар комитетінің төрағасы жүргізеді.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Әр аптаның дүйсенбі күні болатын тәрбие сағатын да ата-аналар жүргізеді. Бұлай етудегі мақсатымыз оқушылардың түрлі салада тәжірибе алуын қамтамасыз ету. Бірде қалалық орталықтандырылған жылу жүйесінде қызмет атқаратын 7,9 сыныптарда баласы оқитын ата-ана екі сыныптың балаларын автобуспен апарып орталықтандырылған жылу жүйесінің жұмысымен таныстырды. Балалар қалаға жылу қалай келетіні туралы толық мәліметке қол жеткізді. Ата-аналар өткізетін тәрбие сағаттарына өзім де қатысып тұрамын. Бес ұл баланы тәрбиелеп отырған ананың мына әңгімесін басқаларға үлгі ретінде айта кеткім келеді.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>-Мен әр балама күнде кешкі ас үстінде осы күні адамдарға жасаған он жақсылығың туралы айтып бересің деп тапсырма беремін. Олар соны орындайды. Бірде үйге бір туысқанымыздың баласы келді. Одан да сұрадым. Бала сол күні  қалай бір күнде он жақсылық жасауға болады деп ешнәрсе айтып бере алмады. Бір қызығы ертеңіне мен айтайыншы деп таласып отыр. Таңертең  автобуста үлкен кісіге орын бердім деп бастады ол бір күндегі жақсылығын, осылайша онға дейін жеткізді.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Көрдіңіздер ме, балалар тәрбиесімен үйде отырған ата-ананың да көпшілікпен бөлісер мол тәрбиесі бар. Қазір бізде ата-аналар мен қашан тәрбие сағатын өтемін деп кезекте тұрады. Балалардың  әке-шешесі мектеп табалдырығын аттағандағы қуанышын көрсеңіздер. Міне біздің осындай бастамаларымыз бар. 

       Сөз соңында айтарыңыз?

       Барлық балалар бізге қызыға қараса деп армандаймыз. Өйткені біздің сабақтан қалмай оқуда озат болып, өзара құрметті, достықты нығайтатын, барлық халықтардың ұлттық мерекелерімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру бағытындағы іс-шараларда белсенді оқушыларымыз баршаға үлгі болуды көздейді. Басқа балалардан да осыны күтеміз.

tom: 0.0001pt; text-align: right;»>Сұхбаттасқан

tom: 0.0001pt; text-align: right;»>Әлия Ахметова

Яндекс.Метрика