2024-07-27

«АЙНАЛАМДАҒЫ ЖАҚСЫ АДАМДАРҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК МЕНІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУГЕ ЖЕТЕЛЕДІ»

Қазақ халқына деген құрметпен

Зарина Бациева,

№90 жалпы орта мектебінің мұғалім-логопеді

 

«Айналамдағы жақсы адамдарға деген сүйіспеншілік мені қазақ тілінде сөйлеуге жетеледі»

 

tories/IMG-20150902-WA0001.jpg» width=»336″ height=»448″ alt=»IMG-20150902-WA0001″ style=»float: left;» />Бұрындары «л», «р» дыбыстарына тілі келмейтін балалармен ата-ана да мектепте те жүйелі жұмыс жасамайтын. Жалпы қарапайым халықтың түсінігінде бұл туа бітті қалыптасқан тіл кемістігі деген түсінік болатын. Бүгінде ғылым дамыған. Тіл кемістігі бар балалармен мектепте арнайы логапед маманы жұмыс жүргізеді. Біздің кейіпкеріміз қазақ орта мектебіндегі тіл кемістігі бар балалармен нәтижелі жұмыс жасап келе жатқан шешен қызы Зарина Бациева.    

       Зарина бойыңда өз ұлтыңның болмысын сақтай отырып, өзге тілді жетік меңгеруіңнің сыры неде?

       Бәрі де ата-ана тәрбиесіне байланысты. Әке-шешем биязы, кішіпейіл болуға тәрбиелеп, бала кезімізден қысқа етек көйлек кимеуімізді қадағалап өсірді. Орыс мектебінде білім алдым. Мектепте Бану есімді сынымтас дос қызым болатын сабақтар орыс тілінде өтілгенімен, басқа кезде екеуміз үнемі қазақша сөйлесуші едік. Содан қазақ тіліне әбден төселіп алдым. Әрі, сынып жетекшіміз Айжамал Аманқызымен де жиі қазақша сөйлесетінмін. Айналамдағы жақсы адамдарға деген сүйіспеншілік, достық мені бүгінгідей қазақ мектебінде жұмыс істеуіме себепші болды. 

       Ата-ана, пән мұғалімдерімен қандай жұмыстар атқарасыздар?

       Тіл кемістігі бар балалардың ата-аналарымен, сынып жетекшілерімен де жүйелі жұмыс істейміз. Жұмыс барысы туралы педагогикалық кеңесте баяндама да жасаймыз. Баланың тіліне отбасы мүшелерінің күнделікті сөйлеу дағдысы көп әсер етеді. Сөйлеу тіліндегі олқылықтар балаға мектепке барған кезден бастап  көптеген ауырпалықтар алып келеді. Ол өзін қалыпты балалардан оқшаулау ұстап, топтан шеттеп қалады. Мұндай кезде сынып жетекшісі де баланың өзге оқушылардан шеттеп қалмауын қадағалау керек. Отбасындағы ұрыс-керіс немесе балаға қатты айғайлау, жеку оның сөйлеу тіліне әсер етпей қоймайды. Яғни әлеуметтік әлсіз отбасында өскен балалардың сөйлеу тілінде тұтығуы жиі кездеседі.

  Сөйлеу тілінде кемістіктері бар балалардың мұғалім-логопед сабағына дер кезінде қатыспауының соңы неге әкелуі мүмкін?

  Сөйлеуі дамыған балада саналы, жоспарлы және реттелген мінез-құлық әрекеті болады. Тілдік қарым-қатынас дамудың әр түрлі формаларының қалыптасуына жағымды әсер етіп, жалпы психикалық дамуды қамтамасыз етеді.

Сөйлеу тілінің қандай да бір дәрежеде тілдік бұзылыс сипатына қарай бұзылуы баланың барлық психикалық дамуына, іс-әрекетіне, тәртібіне әсерін тигізеді. Сөйлеу тілінің күрделі бұзылуы баланың қоршаған орта шындығын тануы іске асатын әлеуметтік (негізінен тілдік) қатынастардың шектелуімен және сөйлеу мен ойлаудың тығыз өзара байланысымен шартталған таным әрекетінің жоғарғы деңгейлерінің қалыптасуына, ақыл-ой дамуына әсер етеді. Сөйлеу бұзылысы, тілдік қарым-қатынастың шектелуі баланың тұлғасының қалыптасуына кері ықпалын тигізеді, психикалық қабаттауларды, ерік-жігер сферасының спецификалық ерекшеліктерін туғызуы мүмкін, балада ұялшақтық, ұяңдық, негативизм, т.с.с. кері  мінез сипаттарының дамуына әсер етуі мүмкін. Бастауыш сынып оқушыларында кездесетін сөйлеу бұзылыстары оқытудың бастапқы кезеңдерінде жазу мен оқуды меңгеруге, ал келесі кезеңдерде ана тілі грамматикасын және гуманитарлық пәндер бағдарламаларын меңгеруге бөгет болады. Сөйлеу тілі бұзылыстары себебінен баланың бастауыш мектеп бағдарламасын меңгере алмауы, ал күрделі жағдайларда оның жалпы мектепте оқуға мүмкіндігінің болмауы туралы сұрақтың туындау жағдайлары да кездеседі. Түзету жұмысының дұрыс ұйымдастырылуы мен өткізілуі кезінде логопед-мұғалім мұндай балаларға оларда бар сөйлеу тілінің бұзылуларын жеңуге және өзге балалармен тең дәрежеде мектептік білімдерді меңгеруге, соның нәтижесінде толыққанды, жан-жақты дамуға көмектеседі.

— Баланың өзіне деген сенімін арттыру үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланасыз? Нәтижесі туралы айтсаңыз?

       Өткен оқу жылында мектеп бойынша 28 оқушы логопед сабағына қатысатын. Солардан 7 бала жақсарып қалыпты балалардың қатарына қосылды. Кейбір ата-аналар басқалардан намыстанып баласын логопед сабағына қатыстырғысы келмейді. Егер баланың сөйлеу тілінде олқылықтар болса кішкентай кезінен логопед сабағына қатысқаны жөн.

Логопед баланың л,-р дыбыстарын қоюына көмектеседі. Оқушының сөйлеу тіліндегі тұтығуды түзету, дыбыстарды қою, тіл кемістігін жою бойынша аптасына 2-3 рет жұмыс істейміз. Психологиялық дамуы кешеуілдеген баланы ынталандыра отырып жұмыс істемесең нәтижеге қол жеткізу өте қиын. Бір қыз бала болды. Өте жабық. Мен оны ашу үшін оған ерекше ықылас танытып, жылы сөйлеп, кішкентай жетістігі болса тәтті шокаладтар беріп өзіме деген сенімін қалыптастыруға тырыстым. Шүкір, бүгінде ол біршама ашылып қалды. Біздің мақсатымыз балалардың тіл кеместігі уақыт өте келетінін түсіндіру және сол мақсатқа жету.

Шешен қызы қазақ тілінде шешен сөйлеп қана қоймайды, білімі  мен біліктілігін олардың мемлекеттік тілде анық сөйлеуіне салады. Осы арқылы оқушылар алдында өз ұлтының беделін көтеріп, өзге ұлтқа құрметін көрсетеді. Мемлекеттік тілде сөйлеу өзің тұрып жатқан мемлекетке деген құрметтің белгісі. Өзін сыйлаған әрбір азамат осыны түсінгені жөн, дейді орыс мектебін бітіріп , қазақша сабақ беріп жүрген бойжеткен. Біз балаларға бар мейірімін төгіп, қазақ орта мектебінде ұстаздық борышын адал атқарып жүрген шешен қызының еңбегі жана берсін деп тілейміз.

Сұхбаттасқан

Әлия Ахметова

Яндекс.Метрика