«ДӘСТҮР ҒАНА ХАЛЫҚТЫ ТУРА ЖОЛДАН ТАЙДЫРМАЙТЫН ҚУАТТЫ КҮШ, ЖАЗЫЛМАҒАН ЗАҢ»

Әдіжәлел АҚКӨЗОВ,

доцент ҚИП «Халықтар Достығы»

 университетінің тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры:

 

«Дәстүр ғана халықты тура жолдан тайдырмайтын қуатты күш, жазылмаған заң»

tories/akkozov.jpg» width=»448″ height=»336″ alt=»akkozov» />

Биылғы жылы елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы болып жарияланды. Дүниежүзінде баламасы жоқ деп бағаланған ұйымның жұмыс істегеніне 20 жыл. Ел халқының біртектілігі мен бірлігі туралы кеңінен жазып жүрген басылым болғандықтан Шымкенттегі «Халықтар достығы» деп аталатын білім ордасының жастарды ұлтаралық достыққа баулудағы тәрбие жұмыстары туралы жазуды міндетіміз санадық. Мақсаты айқын университеттің тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры Әбдіжәлел Әбутәліпұлымен әңгіме-дүкен құрдық.

       Әдіжәлел Әбутәліпұлы жаңа оқу жылы құтты болсын. Бірінші курс студенттерін университет өміріне баулу жұмыстарын жүргізуде Сізге жүктелетін тапсырмаларда көп шығар, оның үстіне оқу ордасының түрлі ұлт өкілдерінің жастарын біріктіріп отырған ерекшелігі бар дегендей…

       Мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан әрбір оқушы  университетке түскеннен кейін асқар биіктерді бағындырып өзін тұлғалық қырынан көрсетуге асығады. Жалынды жастармен жұмыс істеу өте қызықты әрі күрделі тұстары да баршылық. Кейде жастардың енді ата-анамыздың қарамағынан шығып жаңа өмір бастадық еркінсіп кететін де тұстары болады. Осындайда әке-шешелерің алыста болса сендер бақылаусыз қалған жоқсыңдар, біз бармыз деп өзіміздің жетекшілігімізді көрсетеміз. Бірінші курс студенттерінің түрлі ағымға алданбай, қала өміріне еркін етене икемделіп кетуі үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен дін өкілдерін шақыртып арнайы кездесулер өткіземіз.

     Бүгінгі жастар «Білегіңе емес, біліміңе сен» деген қазақтың мақалын жақсы түсінеді. Өйткені бұрынғыдай жаңадан бірінші курсқа келген студент жігіттердің үлкен топтармен иық тіресіп қалатын жайттар болмайды десем артық айтпағаным. Қазір дамыған заманмен бірге жастардың санасы да өзгерген білекпен емес біліммен иық тіреседі. Ұжымымыз «Халықтар Достығы» деген құрметті атты иеленіп отырғандықтан оның жауапкершілігін жақсы түсінеді. Жоғары оқу орнының ұйымдастырушысы, президенті Әбдімұса Қуатбеков жомарттығымен  елге танылған азамат. Абитуренттерге тегін грант табысталарда оның ұлт ерекшелігі емес, білімі ескеріледі, әлеуметтік  дәрежесі бұл өз алдына бөлек әңгіме. Бізде әр студент өзінің ұлты, тілі, мәдениеті туралы мақтанышпен айта алады. Мұны да ел тәуелсіздігінің жетістігі деп айтуға болады.

tories/rektor.jpg» width=»448″ height=»299″ alt=»rektor» style=»vertical-align: middle;» />

       Сана өзгерген деп отырсыз, есіңізге түсіріп көріңізші Сіздің студенттік кезіңіздегі қоғам қандай болды? Қазіргі студенттер қандай?

       Студенттік өмірім Кеңес үкіметі үстемдік құрған кезбен тұспа-тұс келді. Ол кезде бүгінгідей емес, әрбір ұлт өзінің дінін, дәстүрін, тілін, мәдениетін сәл ерекше мақтанышпен көрсете қалса ұлтшылдыққа теңейтін қағидат қалыптасып қалған кез еді. Алайда бұл пікір егемендік алған жылдардан бастап басқаша мағынаға ие болды. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Біздің қоғамымыздың көптүрлілігі — біздің әлсіздігіміз емес күшіміз» — деді. Бүгінде біздің университетте 14 ұлт өкілінің балалары теңдей білім алып келеді. Бәрінің де мақсаты бір. Ол – Қазақстан Республикасына адал еңбек ететін бәсекеге қабілетте маман болып шығу.

Алда 22 қыркүйек ҚР Халықтарының Тілдері мерекесі тойланатыны белгілі. Біз жыл сайын дәстүрлі түрде мемлекеттік тілді еркін меңгерген өзге ұлт студенттерін мерекелік-іс шараға қатысуға шақырып, өзге ұлт өкілдерінің де ана тілінде концерттік номерлер көрсетуін басшылыққа аламыз.

Ел тәуелсіздігінің басты құдылығының бірі – мемлекеттік тіл-қазақ тілі екенін баршамыз білеміз. Сондықтан еліміздің әрбір азаматы мемлекеттік тілді өз деңгейінде білуге тиіс.

Университет қабырғасында ереше аталынып өтілетіні тағы бір шоқтығы биік мереке 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл мерекенің дайындығына ұстаздар да, студенттер де  ерекше серпінмен кіріседі. Әрбір ұлттың ана тілі мен ата дәстүрі бар. Бәріде өзінің ұлтын ерекше сүйеді. Сондықтан да дәстүрін дүйім жұртқа мақтанышпен паш еткісі келеді.Әр жылда бұрын естімеген ұлттық ойындарын немесе, дәстүрін көпшілікке көрсетуге талпынады. Бізде ұлттар достығының салтанат құрған мерекесі жыл сайын жаңа қырынан көрініп, түрленіп өте қызықты өтеді десем жаңылыса қоймаймын.

tories/IMG_0627.png» width=»600″ height=»264″ alt=»IMG_0627″ />

Университет «Халықтар достығы» деп аталғандықтан да Өзбекстаннан, Монғолия, Қытайдан келген қандас бауырларымыз осы білім ордасын таңдап жатады. Өзге елдің білім бағдарламасы бойынша тәлім алған жастардың Қазақстанның білім беру бағдарламасына икемделуі үшін қандай іс-шаралар жүргізесіздер?

Атамекенін аңсап, өз елімде білім алсам деген асқақ арманмен келген жасқа бірден  алып сен мынаны білесің бе немесе бізде оқу бағдарламасы мынау, меңгеруің керек деп алқымнан алғандай әрекет ету орынсыз. Қазір білім беру әдістемесі де өзгерген сондықтан да таныстықты  күрделі сұрақтан бастамай,  «Сен мемлекеттік  рәміздерді білесің бе?», «Әнұранды ше?», «Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қашан тойланады? » – деген сұрақтардан бастаймыз. Бір байқағанымыз, өзге елде туып-өсіп, тарихи Отанына келген балаларымыз еліміздің мемлекеттік рәміздерін, заңдарын  осында мектеп бітірген балалардан артық білмесе, кем түспейді.

— «Халықтар достығы» универсиетінің құлаққа жылы, жағымды естілетін «Бірлігіміз жарасқан» деп аталатын газеті бар екен. Бағыты туралы айтып өтсеңіз?

Газет «Халықтар Достығы» университетінің Құрметті Президенті Әбдімұса Қуатбековтың тікелей бастамасымен дүниеге келген. Газетте белсенді студенттер мен магистранттар  өзіндік ойларымен бөліседі.  Саналы, ой-өрісі кең, талантты жігіттер мен қыздарымыздың өлеңдері, мақалалары, газетте үздіксіз жарияланып келеді.

Осы мерзімдік баспасөзде ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығына, көрші елдермен серіктестіктің нығаюына, достықтың күшеюіне зор мән беріледі.Сонымен қатар, спорт пен салауатты өмір сүру салтын насихаттауға, халық педагогикасына, жастарымыздың ұлттық тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді. Нашақорлық пен маскүнемдіктің, терроризм, экстремизм және діни фанатизмнің алдын алу іс-шаралары талқыланады.

Әр шығарылым сайын «Бірлігіміз жарасқан» жаңа оқырмандарын табуда. Оны облысымыздың бар тараптарына да танымал ету – алдыңғы мақсатымыз. 

— Әдіжәлел Әбутәліпұлы алда 1 қазан – Қарттар күні келе жатыр. Айтулы мереке қарсаңында білдей университтің тәрбие жөніндегі проректорынан сұхбат алудың сәті түсіп тұрғанда жастардың үлкендерді құрметтеуге тәрбилеу маңыздылығы туралы айта кетсеңіз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» дейміз. Білім ордасындағы жасы үлкендерге қандай құрмет көрсетесіздер?

Мереке қарсаңында бір топ студенттер қауымымен бірге ардагер ұстаздардың үйіне барып құттықтаймыз. Мұндай шаралардың мақсаты көргендері өнеге, айтқандары тұнып тұрған насихат  дана қарттардың айтарын жастарға ұғындыру. Сондай өнегелі сұхбаттардың  тым болмағанда бәрін демей-ақ қояйық, бірсыпырасын жастарымыз жадына тоқып алса мақсатымыздың орындалғаны. Ардагер  ұстаздар жастарды еңбекке, мәдениеттілікке, отансүйгіштікке шақырады. Әулеттің қариясын пір тұтқан халықпыз ғой. Үлкендердің ақылын жүрдім-бардым тыңдамай, өсиет, ақыл-кеңестеріне байыппен тыңдау парызымыз. Дәстүрден ажырамау үшін бәрін жасау керек. Дәстүр бұзылса, қоғам бұзылады, іриді, ұлт, халық жойылады. Дәстүр ғана халықты тура жолдан тайдырмайтын қуатты күш, жазылмаған заң. Ұлттық рухты сақтайтын, асқақтататын қуат көзі де дәстүр.

«Халықтар Достығы» университетін құру идеясы қалай туындады, осы туралы айта кетсеңіз?

Кезінде тағдыр тәлкегімен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлттар мен ұлыстар қоныс аударғаны белгілі. Қазіргі күні сол көп ұлттың барлығы қосылып, тәуелсіз елдің төл тумасы атанып, тегі басқа болғанымен – теңдігі бір, қаны басқа болғанымен – жаны бір, бір тудың астына біріккен халыққа айналдық.

«Мені небір қиын күндерде де демеп жүретін  халықтың қолдауы, Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың достығы. Біз қоғамда қалыптасқан саяси тұрақтылықты, ұлттар арасындағы ауызбіршілікті, ағайын арасындағы сыйластықты, адамдардың бір-біріне деген мейірімділігін көздің қарашығындай сақтауды балаларымыздың балаларына аманат етіп өтуге тиіспіз!», — деген болатын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде.

О баста ассамблея идеясына Қазақстандағы қоғамның тарихи бастаулары негіз болды. Бұндай үлкен құрылым аймақтардағы кіші Ассамблеяларды құрудан бастау алып, қоғамды топтастырушы үлкен тетікке айналғандығын бүгінгі күндегі атқарылып жатқан іс-шаралар айқындайды.

Елбасымыздың бірлік пен татулықты сақтаудағы саясатын жүзеге асыру мақсатында іргетасы қаланған Қазақстан Халықтар достығы университетінің өзге оқу орындарынан артықшылығы көп. Университет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі, екі-жақтық елшілік пен диаспораның келісімімен еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бірлік пен ұлтаралық қатынас идеясын жүзеге асыру мақсатында жүзеге асырылған. Мұнда Өзбекстан азаматы болып саналатын қазақ ұлтына, Қазақстан азаматы болып табылатын өзбек ұлтына білім беру ісі ерекше жолға қойылған.

Университет өзбек мектептерін бітіруші түлектерге тестті өзбек тілінде тапсыруға мүмкіндік беретін аймақтағы бірден-бір оқу орны. Өзбекстан, Монғолия, Қытай Халық Республикасы, Түркия, Түркіменстаннан келген тыңдаушылар «Дайындық бөлімінде» оқып, білім грантына ие болуға да мүмкіндігі бар.

       Көптеген ұлттардың басын біріктіріп отырған білім ордасында қандай мамандықтар бойынша білім беруге басымдық берілген?

       Қоғам дамуының қазіргі жағдайында білім беруді дамытуға, өндірістің барлық салалары үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандар даярлау сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлініп отыр. Ал білікті де білімді маман даярлау – жоғары оқу орындарының, яғни біздің басты міндетіміз. Университет бүгінде гуманитарлық-педагогикалық мамандықтармен қатар, халықаралық деңгейдегі мұнай және газ, радиотехника, электроника және телекоммуникация, құрылыс, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету салалары бойынша білікті мамандар даярлауда.

tories/100.jpg» width=»299″ height=»448″ alt=»100″ />

       Ұраншыл халықпыз, жалпы бұл барлық халықтарда бар үрдіс іштегі тілек, арман-мақсаттарымыздың бәрі шын ықыласымызбен айтқан ұранға сыйып тұрады. Халықтар достығы университеті жастарының ұраны қандай?

       Көңілде қалған патриоттық сезімді қозғаған мына бір іс-шара туралы айта кетейін. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын халыққа түсіндіруге бағытталған шаралар аясында университетте 1 қыркүйек жаңа оқу жылының басталуына орай «Жастар – нұрлы болашаққа бастауы» флеш-мобын ұйымдастырып өткіздік. Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің құрамына енуі символы ретінде көк және сары гель шарын ұстаған 30 студент «Қазақ елі осындай» әнінің сүймелдеуімен ортаға шығып «100 қадам, алға басам, сенім артам!», «Ел басымен бірге – жаңа жетістіктерге», «Мәңгілік елге қайратты, 100 қадаммен айбатты!», «Ұлы болашаққа – ұлы жоспармен!» — деп ұрандады.  «Елім менің» әні орындалып қатысушылар үлкен шеңбер және флэш-моб жасады. «Жаса Қазақстан» әнін орындап қолдарындағы шарын көкке ұшырған студент жастарымыздың жүзінен болашаққа деген мол үміт,  арман, мақстатарына жетуге деген сенімді көріп қуандым.  «Ұлы болашаққа – ұлы жоспармен!» біздің ұранымыз осы.

Сұхбаттасқан

Әлия АХМЕТОВА

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика