2024-07-27

«АЙТЫСТЫ ӘДЕП МЕКТЕБІНДЕЙ СЕЗІНЕМІН»

tom: 10pt; text-align: center; text-indent: 1cm;»>
Анар Жаппарқұлова, айтыскер ақын:

tom: 10pt; text-align: center; text-indent: 1cm;»>tories/thumb.jpg» width=»208″ height=»243″ alt=»thumb» style=»float: left;» />

tom: 10pt; text-align: center; text-indent: 1cm;»>«Айтысты әдеп мектебіндей сезінемін»

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>-Анар айтыссүйер қауым сізді таниды, жанкүйері бар ақынсыз, одан бері де сізді ғалым ретінде де білеміз, жақында ғана республикада жас оқытушылардың арасында «ХХІ ғасыр мұғалімі» атандыңыз. Бұл әрине, үлкен жетістік, құттықтаймыз, десе де әңгімені бүгінгі тілмен айтқанда ақындық мансабыңыз жайынан бастағымыз келіп отыр. Айтыста өз ойыңызды бүкпесіз айтасыз ба? Әлде өзіңізді қатаң бақылауда ұстайтын кездеріңіз көп пе?

-«Ақындық – Алладан берілген сый»,– деп жатамыз ғой. Шынында ақындық өнер әуелі Алланың пәрменімен, сосын атаның қанымен, ананың сүтімен дарыған қасиет деп санаймын. Атам Жаппарқұл отырған ортасында домбыра тартып, замандастарымен айтысып отыратын ақынжанды адам болған екен, нағашы атам Бекмұрат қырық жастан сәл асқанда-ақ өмірден озыпты. Өзінің қойын дәптеріне жазған өлеңдерінің кей қолжазбасын көзбен көрдім. Анам Зылиха әкеміздің өлең дәптері пәленшенің қолында екен деп айтып отыратын. Балалық салғырттықпен дәл кімдерде екенін біле алмай қалдым.

Айтыста айтар ойымды бүкпесіз айтуға тырысамын. Бірақ әзіл-қалжың жағынан өзімді тыйыңқырап, қатаң бақылауда ұстайтын кездерім көп болды. Айтысты ойды бүкпесіз айтумен қатар халықтың алдына шыққасын әдеп мектебіндей сезінемін.

«Жүрсін аға, мені айтысқа шақырыңызшы»,-деп өтінген кезім болған емес

tom: 7.5pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; vertical-align: baseline;»>-Айтыс көрермені бар өнер. Өзіндік жанкүйері бар айтыскердің бірісіз. Оның көп болуы аз болуы маңызды емес. Сондай жанкүйеріңіздің бірі өзіммін. Сіздің алғашқы айтысыңыз бен қазіргі айтысыңыздың қарасақ көп өзгере қоймағансыз. Өзіңіз де сөз саптауыңыз да,тіпті әуенде. Өзгеріп тұруға қарсысыз ба әлде қалыптасқан болмыстан ажырағыңыз келмей ме?Айтыс қазір шоуға айналып келеді…

-Сұрағыңыз сіздің ақындық өнеріңізде өсу жоқ дегендей әсер қалдырады екен. Ол жағын көрермен қауым таразылай жатар. Жалпы өзгеріп тұруға қарсы емеспін. Бірақ өзім сол өзгере алмай қала берем. Бұл адамның болмысына да байланысты сияқты. Мен өзім табиғатымда сондай бірқалыпты адаммын. Оның үстіне көрермен куә соншалық көп айтысқа қатысып жүрмін, бар күш-жігерімді айтысқа арнадым деп те айта алмаймын. Мұның да әсері болуы әбден мүмкін. Ақындар айтысына біраз уақыт қатыспай жүрдім. Оған түрлі себептер де болды, бірақ біржолата қол үзіп те қалған жоқпын. 2001-жылы ата-анам жол апатынан бірдей қайтыс болғаннан соң екі жылдан астам уақыт өз-өзіме келе алмай жүрген кездер болды, кейінірек ғылыми жұмыспен айналысам деп жүрдім, одан кейін кішкентайларымыз өмірге келді сол аралықтарда айтыс өнерінде де үзілістер болды, әрі өзім де «Жүрсін аға, мені айтысқа шақырыңызшы»,-деп өтінген кезім болған емес. Ол кісі өзі шақырса барамын, шақырмаса өкпелемеймін. Жүрсін ағамыздың өзі де көрген кезде, «Айналайын Анар, менің телефонымды жазып алып, өзге ақындар сияқты «аға мен бармын, айтысқа шақыруды ұмытпаңыз»,- деп айтып тұрсайшы»,-деп ескертіп қояды.

Жақында «ХХІ ғасыр мұғалімі» байқауына қатысу үшін дипломдарымды, мадақтамалар мен алғыс хаттарымды жинастырдым. Жетпіске жуық дипломдарым бар екен, соларды көріп менің де ақындар айтысында әжептеуір еңбегім бар екен-ау деп ойладым. Оның арасында жоғалып кеткендері де бар.

Қазіргі кезде облыс көлеміндегі түрлі байқауларға, сайыстарға қазылық етемін, облыстағы кітапханалардың жұмыстарына атсалысамын, өсіп келе жатқан жас ақындарға білгенімді айтып, дұрыс жол көрсетуге тырысамын.

tom: 7.5pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; vertical-align: baseline;»>-Ақындық ғылыммен, ғылым ұстаздықпен ұштасып жатыр екен. Ғалымсыз, балалар айтысы деген ұғым балалар фольклорында қолданыста бар оны білесіз. Осы пікірге қалай қарайсыз?

-М.Әуезов жіктейтін айтыстың алғашқы түрлері «жар-жар айтысы», «өлі мен тірінің айтысы». Кейінгі түрлері сүре, түре, қыз бен жігіт айтысы, жұмбақ айтысы, өтірік өлең айтысы. Балалар айтысы деген ұғымды ғалым Кенжехан Ісләмжанұлының «Рухани уыз» атты еңбегінен оқыдым. Балалар айтысы айтыс өнеріне деген ықыласты туындатады. Және ол ойын түрінде де көше-көше,сынып-сынып қағысуларынан да тұрады. Балалар айтысы бізге там-тұмдап қана жеткен. Бұл айтыста күлкі және жеңіл әзілдер араласып келеді. Бұл қазақ фольклорлық балалар поэзиясының өзіндік бір қырын танытатын жанрлық түрі. Жалпы ақындар айтысы қазақ деген елмен бірге жасап, өсіп өркендей беретін бекзат өнер түрі ғой. Әрине айтыстың айналасында түрлі пікірлер бар. Бұл заңды да. Ізденіс бар, өсу бар, заманға бейімделу бар. Мұның бәрі пікір, сын туғызады. Бірақ қалай болғанда да айтыста өсу бар. Осыған қуану керек.

 

tom: 7.5pt; text-align: center; text-indent: 1cm; vertical-align: baseline;»>Ғылымға деген кіршіксіз адалдықты көрдім

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>-Енді ғалым Анармен әңгімемізді сабақтай түссек, қандай тақырыпта қорғадыңыз, сол жолдағы ізденістер туралы айта отырсаңыз…

Ұстазым академик Рахманқұл Бердібайдың жетекшілігімен 2010 жылы «Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармашылық мұрасы» деген тақырыпта Алматыдағы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында кандидаттық диссертация қорғадым. Диссертация тақырыбы алғашында «Майлықожа шығармаларындағы әлеуметтік және діни сарындар» деп аталатын. Алдын-ала қорғаудан кейін тақырыпты ғалымдардың пікірлерімен санаса отырып аздап өзгерттік. Бірақ жұмыстың өн бойында сол Майлықожа шығармаларындағы әлеуметтік мәселелердің көрінісі мен өлең-толғауларындағы дін жайы таразыланады. Ғылыми тақырыпты алғанда жетекшім Рахманқұл ағай «Майлықожаны жарыққа шығарған ғалым Әсілхан Оспанұлы, бірақ ол саясаттың әсерінен әлеуметтік мәселелердің шығу тарихына, дін жағына тоқтала алмады, сен сол мәселені қарастыр, Әсілханға жолық»,- деп тапсырма берді. Зылиха, өзіңіз де кандидаттық диссертация қорғадыңыз ғой, тақырыпты таңдау да, тақырыпты түйсіну де ұзақ процес. Тақырыпты толық меңгеремін деп жүргеннің өзінде 1-2 жыл уақыт өтті. Әсілхан Оспанұлымен бірнеше рет сұхбаттастым, кеңесін тыңдадым. Ол кісінің адамгершілігін, ғылымға деген кіршіксіз адалдығын енді ғана түсінген сияқтымын. Ғылыми тақырыпты бекіткен кезде небары 24-25 жастағы жаспыз. Мынау әлі бала екен, осының қолынан келе ме, келмей ме деп күмәндану жоқ. Әсілхан ағайым бір күні жұмысқа Майлықожа мұрасы бойынша шығарған 5-6 кітабының әрқайсысына ұзақ автограф жазып алып келгені дәл кешегідей есімде.

Академик Рахманқұл ағайыммен ғылыми жұмыс жазу барысында талай рет сұхбаттастым, талай кеңесін тыңдадым. Нағыз ғұлама деген атқа лайық дара тұлға болатын. Жетекшімнен тек ғылыми жұмыс жазуды ғана емес, жалпы адамгершілік, ұлтқа деген жанашырлық, Отанға деген патриоттық сезімді қалыптастыруды да үйрендім деп сеніммен айта аламын.

 

Қазақ әдебиетінің жауһарларын ағылшын тілінде айтып бере алатын болсам…

-Мына әңгімеңізден кейін сіздің «ғасыр мұғалімі» атануыңыз заңдылық сияқты. Оспанұлының ғылымға деген кіршіксіз тазалығын сіңірдіңіз, Рахманбердиевтей ұстаздың ұлағатын көрдіңіз, «ғасыр мұғалімі» қалай таңдалады екен?

 

-Бұл байқау алғаш рет Алматы қаласындағы Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық университетінде өткізілген екен. Екінші рет осы Шымкент қаласында, ОҚМПИ-да өткізілді. Байқаудың талаптары да жоғары болды. Байқау алдында іріктеу жүргізілді. Іріктеуге 50-60 тан астам оқытушылар қатысып, отыз оқытушы осы республикалық конкурста бақ сынасты. Бірінші әр қатысушы өзінің ғылыми-педагогикалық жұмыстарымен таныстырады. Екінші өзінің «Ғылыми жобасымен» таныстырады. Ал, үшінші педагогика, психология пәндері бойынша тест тапсырады. Ең жауаптысы қатысушылар әділқазылар алқасының алдында 15-20 минут ашық сабақ өткізеді. Бұдан өзге талаптар оқытушы портфолиясында беріледі. Яғни республикалық, халықаралық конференцияға жариялаған материалдар, әдістемелік құралдар, жарыққа шыққан монографиялық еңбектер бәрі де оқытушы портфолиясында көрсетілуі тиіс.

Бұл байқауға қазылық еткен қазылар алқасының құрамы да мықты болды. Профессор-ғалымдар үміткерлердің еңбектерін сарапқа салды. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Құсайынов мырза қазылар алқасының төрағасы болып, ашық түрде байқаудың әділ өтуін қадағалады. Ол кісі өз кезегінде республикалық сайыстың өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына риза болып, институт ректоры, профессор Оңалбай Аяшұлына ризашылығын білдірді.

Шынында бұл байқау тек озу, жарысу үшін ғана емес, жас оқытушылардың бір-бірімен тәжірибе алмасуына да зор мүмкіндік туғызды.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Бас жүлдені иемденген Қарағанды медициналық институтының оқытушысы Гаухар Тастанбекқызының атқарып жатқан тірліктеріне, үш тілде еркін сөйлей алатындығына өзім де риза болдым. Және келешекте қазақ әдебиетінің жауһарларын ағылшын тілінде айтып бере алатын болсам деген ойға қалдым. «ХХІ ғасыр мұғалімі» байқауында 2-орынды иелендім. «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек»,- деп Шәкәрім атамыз айтқандай, мен үшін бұл сайыстың орны бөлек болды. 3 жылдық бала күтіміне байланысты демалыстан соң биылғы оқу жылында ғана жұмысқа түскенмін. Өзіңіз білесіз, жоғарғы оқу орындарының ұстаздарына деген талап күннен-күнге өсіп келеді. Сол талап деңгейінен көріну үшін қаншама ұйқысыз түндерді өткізіп дайындалуға тура келеді. Сондай түндер өтті.Тіпті педагогика, психология пәндері бойынша тест тапсыратын болғандықтан, алдын-ала берілген сұрақтар бойынша ізденіп, ҰБТ тапсыратындай тест жаттадым. Өзімнің үлкен әпкем Гүлбибі Абусайылқызы Назарбаев зияткерлік мектебінің озат мұғалімі. Сол кісіден Кембридж әдісі бойынша, интербелсенді әдістерді пайдалана отырып сабақ өткізудің түрлі тәсілдерін үйрендім. Нәтижесі жаман болған жоқ сияқты.

Жоғарыда айтып өткенімдей, үш жылдық үзілістен кейін аудиторияға кіріп, алғаш сабақ өткенімде кәдімгідей қобалжыдым, сабаққа өзім жан-жақты дайындалдым. Алғашқы сабақтан-ақ қазіргі студенттердің деңгейінің жоғары екендігін көріп қуандым. Әдетте біз қазіргі жастар кітап оқымайды деген сөзді жиі айтамыз. Басқа оқу орындарын айта алмаймын, бірақ біздің ОҚМПИ-дың студенттерінің шынында да өздеріне де, оқытушыларға да жоғары талап қоятындықтарын сезіндім. Бұл менің бір өзім қызмет атқаратын оқу орнының абыройын көтеріп сөйлейін деген саясат емес, шынында қазіргі жастардың талғамы жоғары, олардың заманнан қалғысы келмейді, қайта осы заманның озат, дара тұлғалары болып қалыптасқысы келетіндігінің көрінісі.

Қағазбастылық азайды деуге ертерек

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>-Оқу, білім саласында өзекті мәселелер өте көп. Солар жайында ой бөліссеңіз. Мысалы, қағазбастылық. Оқытушы дайындайтын қағаздар. Студент даярлайтын презентация, реферат студенттің ғаламтордан көшіріп әкеле салуы, студентті шығармашылықтан алыстатын сияқты. Сіз қалай ойлайсыз?

-Қағазбастылықты жоямыз деген талпыныстар бар, бірақ әлі сол жұмыстар азайды деп айтуға ертерек.

Презентация, реферат деген нәрселерді өзім де қабылдадым, ол да силлабус бойынша, жоспарға сай қабылданатын жұмыстар. Интернеттен алса да, кітапханалардан алса да, қалай да студент сол тақырыпты жазу барысында ізденеді, оқиды, тапқанын әкеліп оқытушы алдында қорғайды. Студенттің өз ойын айтуға, оқығанын қорытуға бұл жұмыстардың да өз септігін тигізетінін жоққа шығара алмаймын. Ескеретін бір мәселе кез-келген ізденістерді студент қызығып, талаптанып атқаратындай етіп тапсырма беру керек. Мәселен, ХХ ғасыр басындағы алғашқы жазылған романдарды оқыту оңай емес, бірақ мен сол шығармалардың бас жағын айтып, студенттерді қызықтырып, оқиғаның шарықтау шегіне жеткен кезде арғы жағын өздеріңіз тауып оқыңыздар деймін, олар сосын бәрі болмаса да, жартысынан көбісі сол шығарманы тауып, оқып келеді. Бұл жерде оқытушының оқуға тиісті шығарманы қызықтырып айта білуі де көп мәселенің шешілуіне әсер етеді деп айтуға болады.

Тараз қаласында «Отбасым – тірегім, Отаным – жүрегім» атты республикалық ақындар айтысында:

Түтіні әр ошақтың түзу шықса,

Бақытты әрбір адам, бар Алашым!-деп жырладыңыз. Өз отбасыңыз, отбасы бақыты, отбасылық өміріңіз жайында білгіміз келіп отыр.

-Жиырма үш жасымда тұрмысқа шықтым. Жолдасым Құрманбаев Ержан екеуміз бір қыз, екі ұл тәрбиелеп отырған ата-анамыз. Жолдасым Ержан өнер адамы болмаса да өнерде де, ғылымда да қолдау көрсетіп отырады. Әсіресе, кандидаттық жұмыс жазып, қорғау барысында тұрмысқа қатысты тірліктің бәрін жинастырып, тек біржақты ғылыми жұмыспен айналысу үшін Алматы қаласында апталап, айлап жүрген кездерім көп болды, соның бәріне де сабырмен, түсіністікпен қарады.

-Балаларыңызға әлди жырын айттыңыз. Ақын баласына қандай бесік жырын айтты екен, осы қызық көрініп отыр. Ақын Анардың бесік жыры бар ма?

-Әрине ұл-қыздарымызға бесік жырын айтып, бесікте тербетіп өсірдік. Біздің бесік жырымыздың «Айналайын ақ бөпем, Ақ бесікке жат бөпем деп басталып. Өзі сондай тәтті екен, Өзі сондай бақ бөпем. Жасаған да бергенде, Жаратқан да игенде, Апасына берген де, Атасына ерген де. Әкесіне келген де, Анасына берген де»,- деп жалғасып кететін кездері көп болады. Диас деген ақ балам, Мирас деген бақ балам, Ұйықтап қалсаң шаттанам, Жігіт болсаң мақтанам,-деп бесік тербеттік.

Әлпештеу жырлары қазақ фольклорында мәпелеу мен уату-алдарқату болып бөлінеді.

Мәпелеу дене жаттығуын жасағанда, уату-алдарқату бала жылағанда жұбату мақсатында айтылады.

Бала алғаш отырған кезде :

Отырсын балам,отырсын.

Құшағын гүлге толтырсын!-деп әндеттік.

Мәпелеу жырларының негізінде дене жаттығуларын жасағанда айтылады дедім ғой.

Сәбиді шомылдырып жатқанда:

Шылдыр,шылдыр,шылдырақ.

Су ағады сылдырап,

Балам менің тап-таза,

Шыға келді жалтырап.

Бесікте жатқан кездерінен-ақ осындай өлеңдерді тыңдап өскендіктен болар дейміз, ұл-қыздарымыз әнге, өлең-жырға, ертегі тыңдағанға құмар.

-Өнегелі өмірден сыр суыртпақтаған бұл бір өрісті, қызыты әңгіме болды. Сұхбатыңызға рахмет. Тек қана сәттіліктер тілеймін.

 

Сұхбаттасқан Зылиха Жантасова

Яндекс.Метрика