2022-12-08

«ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА БАСЫМДЫ ИІП, ҚҰРМЕТПЕН ҚАРАЙТЫН БОЛДЫМ!»

Spread the love

 

Профессор Ремзи Девлетов:

«Қазақ халқына басымды иіп, құрметпен қарайтын болдым!»


Халықаралық Қазақ Түрік университеті түркі дүниесі тоғысқан мекен. Білім іздеген түркіtories/remzy.jpg» width=»379″ height=»336″ alt=»remzy» style=»float: right;» /> тілдес халықтардың жастарына академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша алыс жақын шет елдерден, оқымыстылар келіп, дәріс береді. Солардың бірі Түркияның Ардахан университетінен келген қонақ, профессор Ремзи Девлетов. Елдерді елдестіретін де жақындастыратын да білім деген пікірдегі ғалыммен әңгімелесудің сәті бізге де түсті.

-Ремзи мырза, түркінің төрі Түркістанға қош келдіңіз! Қазақстанда бұрын болдыңыз ба?

Түркияның Ардахан университетінен 2 апта мерзімге дәріс оқуға «Визитинг профессор» бағдарламасымен шақырылғандықтан студент-жастармен білгенімді бөлісудің сәті түсті.. Ұлтым қырым татары. Екі жыл бұрын Қырымнан Түркияға қоныс аударғанмын. Ардахан университетінде «Орыс филологиясы» кафедрасы ашылып, сонда қызметке шақырды.Оған дейін Симферопольдегі Қырым мемлекеттік педагогикалық институтында қызмет істегенмін. Түркия жастары орыс тілін білуге ықылас танытып отыр. Сондықтан бар тәжірибемді жастарға білім беруге жұмсап, қызмет етіп жүрмін. Қазақстанда бұған дейін 2 рет болдым. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде, Алматыдағы университеттерде, Қорқыт ата атындығы Қызылорда мемлекеттік университетінде біраз уақыт дәріс бердім.

«Мұндай ерлік қазақтан басқа бірде-бір ұлттың қолынан келмейді»

-Сізге Түркия, Ресей, Қазақстанның ЖОО-ның жұмысы таныс деп айтуға болады. Осы үш мемлекеттегі білім саласында өзара сабақтастық, ұқсастық бар ма? Немесе айырмашылығы қандай?

— Мен осы сіздердегі академиялық ұтқырлық бағдарламасына өте тәнтімін. Бұл бағдарлама болашағы кемел бағдарлама. Бағдарлама білімдегі интеграцияны жолға қоятын, өзара ғылым-білім алмасуда таптырмас құрал болып тұр деуге болады. Қазақстан жаңағы аталған елдердің қай-қайсысынан болмасын білім саласында озық тұр деп айта аламын. Себебі, Қазақстан халқы, оның ішінде қазақ халқы білімге құштар халық. Болмысында ашық-жарқын, қонақжай халық. Осы қонақжайлылығы білімнің дамуына қызмет етуде. Мәселен, Түркияда шеттен ғылым-білімге шақырылды ма, оған өздері тарапынан білім беріледі. «Бізге келдің бе, біз сені оқытамыз-дейді. «Сізде не бар, Сізден не үйреніміз?-деген мәселе айтылмайды. Ал, академиялық ұтқырлықтың мәні- екі жақты қозғалыста. Беру де керек, ала да білу керек. Яғни, білімнің интеграциялануы –басты назарда болғаны жөн. Қазақтар білім алуға ықыласты, әрі өзінде бармен бөлісуге әзір. Міне, Қазақстандағы осы модель, қос тарапты білім, білімдегі –үйлесімділік бүгінгі әлемдік білім берудің шарттарына, талабына сай келеді. Айырмашылығы, артықшылығы да осында деп есептеймін. Біз түркі халықтарының барлығы да қонақжаймыз. Алайда, дүние жүзінде қазақтан асқан қонақжай халық жоқ деп есептеймін. Мен біраз жылдардан бері Л.Гумилевтің шығармаларын орыс тілінен шет тілдеріне аударумен айналысып келемін.Ағылшын, түрік, польяк, украин, қарашай жалпы 9 шет тіліне аудардым. Осы Л.Гумилевтің естеліктерінде бір оқиға айтылады. Сонау 30-жылдардың дүрбелеңінде АЛЖИР абақтысында орыс халқының зиялыларының бірінің әйелі отырады. Оларды түрлі өндіріске пайдаланғанын білесіздер. Сол тас үгіп, құм тасып ауыр жұмыстан әрі аштықтан қалжыраған әйелді сырттан , қорғанның сыртынан қазақ әйелдері таспен атқылап жатады. Жұмыстан оралғанда күнде кешкісін, таңертең таспен атқылайды. Кішкентай ақ-сарғылт тастармен үсті-үстіне атқылап жатады. Қазақ тілінде бірдеңелерді айтып қайта-қайта әлгі әйелге тас лақтырып қоймайды. Ал, АЛЖИР жандармдары масайрап: «Көрдіңіздер ме, қазақтар, отанына опасыздық еткендердің әйелдерін қалай қорлайды. Бұлар кеңес үкіметін, большевиктерді құрметтейді-деп өздерінше ұйғарып масайрайды. Әлгі әйел есінен танып құлап қалады. Есін жиып өзіне келгенде мұрнына айранның, сүзбенің әдемі дәмі келеді. Әлгі «тастың» бірін аузына салып байқаса, дәмі керемет. Сөйтсе тас деп отырғаны – құрт екен. Кәдімгі құрт! Содан бәрін жинап алып, бүкіл казармаға аш әйелдерге тарқатады. Сол құрт қуғын-сүргін құрбандарын аштықтан құтқарды.Сол кезде жергілікті қазақтардың да шекесі шылқып отырғаны шамалы. Әлгі қайырымдылық көрсеткен әйелдің өзінің шиеттей бала-шағасы бар. Немерелері бар. Елде аштық. Соған қарамастан өз бала-шағасының аузынан жырып, жазықсыз жапа шеккен әлгі әйелдерді құтқарды.Қазақтар жазықсыз жандарды құтқару үшін өздерін құрбан етуге барды.Мұндай ерлік қазақтан басқа бірде-бір ұлттың қолынан келмейді-деп жазады Л. Гумилев.

Мен бұл естелікті оқымай тұрғанғанда да, яғни бұл ақпаратқа дейін де қазақтардың қонақжайлығынан хабарым болатын. Алайда, мына деректен кейін қазақ халқына басымды иіп, құрметпен қарайтын болдым!

Ы.Алтынсаринды өзімнің ұстазым санаймын.

-Білім іздеген жастар,студенттер туралы пікіріңізді біле отырсақ…?

— Жалпы университет маған өте ұнады. Университет қалашығы да, студент-жастарға жасалған жағдай керемет. Түрік филологиясына келгелі әріптестер қаумалап «ананы танисыз ба, мынаны танисыз ба» -деп сұрап жатыр. Университетте өте жоғары деңгейде сыртқы байланыс орнатылған. Барыс-келіс, білім мен ғылымдағы тәжірибе алмасу өте керемет. Студенттердің білімге құштарлығы зор. Екі күн болды дәріс өтіп жүрмін, балалар үзіліске шығуға асықпайды. Бұл мені аса шабыттандарды. Жалпы, қазақтар білімге құштар келеді. Мен сонау студенттік шақтан қазақ зиялыларымен таныспын. Ы.Алтынсаринды өзімнің ұстазым санаймын. Себебі, мен оның педагогикалық методикасын оқып, танысып, тәжірибеде қолдандым. Қазақтың А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейхан сынды зиялылары біздің Исмаил Ғаспыралыны ұстаз тұтқан. Исмаил бей айтқандай: «Істе- бірлік.Тілде –бірлік! Жүректе –бірлік! Осы ұлағатты сөз бүгінгі түркі халықтарының түп ұраны болуы тиіс. Болып қалмақ та!»

Сұхбаттасқан: Әтіргүл ТӘШІМ

Яндекс.Метрика