2024-07-27

«ӨЗГЕ ҰЛТТЫҢ АНА ТІЛІҢДЕ СӨЙЛЕУІ ЖАНЫҢА ЖЫЛУЛЫҚ СЫЙЛАЙДЫ»

Зулфия Балгимбаева,

психология ғылымдарының докторы, доцент:

 «Өзге ұлттың ана тіліңде сөйлеуі жаныңа жылулық сыйлайды»

tories/__copy.jpg» width=»200″ height=»134″ alt=»__copy» style=»float: left;» />Анықтама орынына: Зулфия БАЛГИМБАЕВА, психология ғылымдарының докторы, доцент, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру институты директорының орынбасары.

Ол адамдарды бірлестіретін механизмнің бірі ортақ тіл деп біледі. Ал, мемлекеттік тілді өз тіліндей меңгеруіне әкесі себепкер болған екен. Ұйғыр қызы Алматы облысы, Жаркент қаласында (бұрынғы Панфилов) туып өскен. Анасы саналы ғұмырында мектепте орыс тілі мен әдебиетінен дәріс берсе әкесі құрылыс саласының маманы болған.Бүгінде екеуі де зейнеткер.

— Менің туған тілім қазақ тілі, мен оны мақтанышпен айта аламын. Сіздің туған тіл туралы көзқарасыңыз қандай, соны білігім келіп отыр.

  -Менің тұлғалық қабілетім кеңес дәуірі кезенде қалыптасты. Біз отбасында бір-бірімізбен негізінен орыс тілінде кейде ұйғырша тілдескендіктен менің туған тілім орыс тілі деп есептеймін. Неге дейсіз ғой?! Мектепті орыс тілінде бітірдім, жоғары оқу орнында Мәскеу де орыс тілінде тәмамдадым.Бірақ, бала кезімде біздің ата-анамыз қазақ тілін меңгеруімізге бастамашы болды. Сол бала кезімде әкем айтқан мына сөз есімде қалып қойыпты. Әкем: «Қазақ тілін оқыңдар! Ол сендерге өмір бойы қажет болады» — дейтін. Әкем айтқандай қажеттілік туды, мен қазақ тілінде сөйлеуді университетті аяқтаған соң бастадым. Ал, қазір қазақ тілді ортада әрдайым қазақша сөйлеймін. Бұл туып-өскен жерге, елге деген құрмет деп есептеймін.

— Құрбыларыңыздың көбі қазақ қыздары екен. Қай тілде көп сөйлесесіздер?

— Сұрағыңызға боямасыз шынайы жауап берейін. Мен араласатын ортада тек қазақ тілінде немесе тек орыс тілінде сондай-ақ қазақша да орысша да қарапайым сөзбен айтсақ «аралас» тілде сөйлесетін достарым бар. Мысалы, орысша әңгімелесіп келе жатып «анекдот» немесе бір болған жайтты қазақша айтқанда түсінікті болатын кездер болады. Сондай кезде әңгімеміз қазақша жалғасып кетеді.

— Біліктілікті арттыру институты директорының орынбасары қызметін біраз жылдан бері абыройлы атқарып келесіз. Жұмыс барысындағы қарым-қатынас тілі туралы не айтасыз?

— Университетті бітірген соң орыс бөлімінде дәріс бердім. Біліктілікті арттыру институтына қызметке келгеннен бері әріптестеріммен, тыңдаушылармен көбінесе қазақ тілінде сөйлесетін болдым. Кейбір пікірімді дұрыс жеткізе алмай қиналатын сәттерде әрдайым әріптестерімнің көмегіне жүгінемін. Олар маған сөзді мағынасына қарай дұрыс қолдануды үйретіп отырады. Мойындауым керек менің әлі қазақ тіліндегі сөздік қорым аз. Сөз арасында жалғауларды дұрыс пайдаланбаймын. Сондай сәттерде қиналсамда арланбай маған қазақша тіл қатып тұрған жанға қазақша жауап беруге тырысамын.

— Зулфия Махмұтқызы Сіз өзіңіз психологсыз. Айтыңызшы әңгімелесушімен оның ана тілінде сөйлесу психологиялық тұрғыдан қандай оң әсерін береді?

— Мен ойлаймын кез-келген ұлт өкілі үшін ана тілін өзге адамнан есіту жанына жылулық сыйлайды. Әсіресе, жерлесіңді шет елде кездестірсең. Шетелге шыққан іссапарымның бірінде ойламаған жерден өзіміздің қазақтарды кездестіріп қалдым. Қаншалықты қуанғанымызды білсеңіздер ғой. Дереу бір-бірімізбен қазақша сөйлесіп кеттік. Осы жағдайға орай айтарым адамдарды бірлестіретін механизмдердің бірі — ортақ тіл.

— Сөз соңында қалың оқырманға деген ізгі тілегіңізді білдірсеңіз?

— Көгілдір аспан астындағы кең байтақ жерімізде әрдайым бейбітшілік орнап, балаларымыз бақытты отбасында өсе берсін!

— Ақжарқын, ашық әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан

Әлия АХМЕТОВА

Яндекс.Метрика