2024-07-27

ЖАҚСЫ КӨРШІ ДЕ БІР БАҚЫТ ЕКЕН

tom: 10pt; text-align: center;»>

tom: 10pt; text-align: center;»>Жақсы көрші де бір бақыт екен

tom: 10pt; text-align: justify;»>         tories/bak1.jpg» width=»200″ height=»129″ alt=»bak1″ style=»float: left;» />Былтыр Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ – сессия барысында 2015 жыл   «Қазақстан халқы ассамблеясы жылы» деп жарияланып, жыл басынан бері еліміздің түкпір-түкпірінде осы атаулы мерекеге байланысты айшықты іс-шаралар жалғасын тауып келеді. Білетініміз Ассамблея 20 жыл ішінде қоғамдық келісімнің қазақстандық моделінің негізгі құрушы бөлігіне айналды. Осы жылдарда Қазақстан халқы Ассамблеясы өзін ұлтаралық татулық пен тұрақтылыққа ұйытқы болар тетік қана емес, үлкен істердің бастамашысы болатын азаматтық институт ретінде жақсы жағынан танытты. Ынтымақ алдымен отбасы, кейін көршімен арадағы татулық пен түсіністіктен басталады. Жақсы көрші де бір бақыт екен.Оған біз күнделікті куә болып жүрміз.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>Отбасымызбен қоныс аудару туралы келісіп, талай көшелерді аралап көрдік. Бір күні кешке қарай Жанысбеков көшесіне келіп, бір ақсақалға   жөнімізді айттық:

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>– Үй керек болса, біздің жанымызда бар. Біз бірнеше жылдан бері «Көрші ақысы, құдай ақысы» дегендей, осы   үйді қарап отырмыз. Бір директор баласына арнап салған. Бірақ, баласы қалада тұрады, – деді Ермұрат ақсақал.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>Сөйтіп, біз сәті түсіп ақсақал айтқан үйді көрдік. Жаңа үй. Есік алдында ауыз суы да ағып тұр, жалғыз ғана алма ағашы бар. Байқаймын, жөн сілтеген болашақ көршіміз қазақшаға судай болғанымен, өзбек ұлтының өкілі екені көрініп тұр.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>Айтайын дегенім нәсіп болып, әлгі жөн сілтеген ақсақалмен көрші тұрғанымызға, міне, биыл 18 жыл болыпты. Бүгінде ұлымыз ержетті, қызымыз бойжетті. Ел аузында мынандай әңгіме бар. Біреу қызмет бабымен қалаға көшпекші болып, үйін қымбат бағаға сатыпты. Бірақ олар оған қуана қоймапты. Көршісі келіп:

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>– Үйлеріңнің саудасы жақсы болды, неліктен қуанбайсыңдар? – деп сұрапты. Көшіп бара жатқан үй иесі:

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>– Е, біз сіздермен ұзақ жыл тату көрші болдық. Ешбір реніш-өкпе болмады. Біз көшіп баратын жақта сіздей көрші табылар ма екен? – деп, уайымдап жүрміз – деген екен. Сол айтпақшы, жақсы көрші де бір бақыт екен. Көршімізбен араласа келе, олардың отбасының бір мүшесіне айналып кеткенімізді білмей де қалдық. Жұмыс барысында жиі-жиі жолсапарға шығатынбыз, балаларымызды көршінің үйіне қалдырамыз. Ол кезде балаларымыз жас. Бір жаққа қыдырып кетсек те, қонаққа барсақ та, балаларымызды солардыкіне қалдырып, үйімізге көз қырларыңызды сала салыңыздаршы дей саламыз. Олардың қабақ шытқанын көрмедік. Керек десеңіз, есігіміздің құлыбы да жоқ болатын. Шүкірлік, ешбір зат жоғалып көрмепті. Біз жұмыста жүргенде, атамыз бен апамыз малдарымызды талай рет   бұзаулатқан кездері де көп болды. Бізге қабақ шытпайтын. Ауырыңды жеңілдетуге, жоғыңды тауып беруге ұмтылып тұратын, адамгершілігі мол кісілер.   Менің көршім деп отырғаным – Қалматовтар отбасы. Ермұрат атамыз өткен жылы ауырмай-сыздамай дүние салды. Небәрі бір күн ауырып, өмірден өтті. Талайға дейін көз таныстар менен:

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>– Көрші шал көрінбейді ғой, жақсы кісі еді – деп, сұрап жүрді. Артық ауыз сөзі жоқ өмір бойы еңбек еткен   тыл ардагері   болатын. Кемпірі   Қатира   апамыз құрылыс саласында еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан. Таңқаларлығы, шаруаға қатысты құрал-саймандары өте көп еді. Бізде бірі болса, екіншісін таппайсың. Ата мен апа көктемнен бастап, қара күзге дейін бау-шарбағынан шықпайтын. Қашан қарасаң да, кетпені мен күрегі күннің көзіндей жылтырап тұратын-ды. Есік алдындағы бау-бақшаларында гүлдердің сан алуаны жайқалады. Екпесіңе қоймайды.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>– Ерте тұрыңдар, ерте ұйықтаңдар. «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық», – деп үнемі ескертіп отырушы еді Қатира апамыз.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>Есік алдындағы аядай жерде   жеміс-жидектері мен жүзімдері де иіліп салып, алманың сан түрі піседі.Орталық базарға алмалары мен өріктерін өткізіп, немесе өріктің дәнектерін шағып,жеміс сусындрын әзірлеп немерелері, шөберелері Фатима, Рустем, Дастандарға апарып беретін-ді. Кейіннен бабасы қайтыс болған соң, шөбересі Фатима:

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>– Барлығың жиылып, бір Ермұрат бабама жетпедіңдер, – депті. Бабасы немерелерін күн сайын мектепке әкеліп, әкететін. Енді ол атасы Құрбанның мойнына түсті.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>Осы жылдар аралығында үш қызын ұзатып, бір ұлын үйлендірді. Тойларына бір кісідей қатысып, қызметін атқарып жүрміз. Қайбір жылы қайын атамыз қайтыс болғанда, ауа райы жауынды-шашынды болып кеткен-ді. Қонақтар көршіміздікіне орналасты. Қалматовтар тек біздің үймен ғана емес, көршілер Рахима, Райгүл, Қалампыр, Фатима, Хадиша апайлармен де өте тату-тәтті өмір сүріп келеді. Ермұрат ата көшедегі жиын-тойларға белсене қатысып, құдайы тамақтар ұйымдастырса, үйме-үй кіріп ақшасын жинап беретін. Ауылдың, елдің ынтымағын ойлап жүретін қариялар қайсы үйге барса да төрде отырып, ақ батасын беретін. Ал, Қатира апамыз көшеміздің наурыз көжесін ұйымдастырып, рәсімдерін өзі жасайтын. Биылғы наурыз көжені Қатира апасыз өткіздік. Көршілердің барлығы да Ермұрат ата мен Қатира апаның адамгершілігі жайлы жақсы пікірлер айтып, еске алысты. Келіні Тәжі мен ұлы Құрбан, немересі Раушанбек пен немере келіні Гүллола да атасы мен апасы секілді елдің ынтымағы мен бірлігін нығайтуға, көрші-қолаңдармен тату тұрудың салып кеткен сара жолын жалғастыруды парыздары санайды. Бізге ең басты керегі – татулық, ынтымағы мен бірлігі жарасқан тіршілік. «Бақ қайда барасың?» – деп сұрғанда, ескі тәмсілде «Ынтымаққа барамын» – деген, – дейді. Қазір бізге керегі – бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, басынан бағы ұшпаған еліміздегі тыныштықты сақтап, жеріміздегі ырыс-құтты арттырып, терезесі тең, керегесі кең елге айналу ғана. Ендеше әрбіріміз өркениетке бет алған елімізге өз үлесімізді қосайық! Сіз көршіңізбен қалай тұрасыз?

tom: 10pt; text-align: right; text-indent: 22.7pt;»>     Ж. ЖӘНІБЕКҚЫЗЫ,

tom: 10pt; text-align: right; text-indent: 22.7pt;»>Қазығұрт ауылы.

Яндекс.Метрика