2022-08-10

Жастар: кеше, бүгін, ертең…

top: 10px; padding-right: 0px; padding-bottom: 10px; padding-left: 0px; border-style: initial; border-color: initial; background-image: none; background-attachment: initial; background-color: initial; list-style-type: none; list-style-position: initial; list-style-image: initial; border-width: 0px; margin: 0px;»>to.gif» style=»border-style: initial; border-color: initial; background-image: none; background-attachment: initial; background-color: initial; list-style-type: none; list-style-position: initial; list-style-image: initial; color: #78818c; border-width: 0px; padding: 0px; margin: 0px;»>to» src=»http://qogam.kz/files/2011/09/photo-300×300.gif» alt=»alt» width=»300″ height=»300″ style=»margin-top: 0px; margin-right: 15px; margin-bottom: 6px; margin-left: 0px; border-style: initial; border-color: initial; background-image: none; background-attachment: initial; background-color: initial; list-style-type: none; list-style-position: initial; list-style-image: initial; border-width: initial; float: left; padding: 0px;» />

top: 10px; padding-right: 0px; padding-bottom: 10px; padding-left: 0px; border-style: initial; border-color: initial; background-image: none; background-attachment: initial; background-color: initial; list-style-type: none; list-style-position: initial; list-style-image: initial; border-width: 0px; margin: 0px;»>

top: 10px; padding-right: 0px; padding-bottom: 10px; padding-left: 0px; border-style: initial; border-color: initial; background-image: none; background-attachment: initial; background-color: initial; list-style-type: none; list-style-position: initial; list-style-image: initial; border-width: 0px; margin: 0px;»>Кешегі буынның тәлімі

top: 10px; padding-right: 0px; padding-bottom: 10px; padding-left: 0px; border-style: initial; border-color: initial; background-image: none; background-attachment: initial; background-color: initial; list-style-type: none; list-style-position: initial; list-style-image: initial; border-width: 0px; margin: 0px;»>Рас, әркімнің өмірінде «жұлдызды сәті» болады. Мәселе, сол «жұлдызды сәт» ғұмырының қай кезеңіне тап келмек? Тағылымын ала білсек, тарихта жастық отын жанып, жалындаған шағында биік шыңды бағындырған тұлғалар аз емес. Ұлт үшін уайым жеп, ұлттық мүдде жолында текетірескен белсенділер нақ осы жастардың ортасынан шықты. Елдік мәселесіне келгенде «жаспын» деп жасқанбаған олардың тағылымын бүгінгі ұрпаққа зор мақтанышпен айта аламыз. Мәселен, Мұстафа Шоқай Түркістан мемлекетін құру туралы идеясын ұстанып, «Алаш» партиясының съездерін өткізуге атсалысып жүргенінде 26 жаста болған екен. Ал 28 жасында Мұстафа Түркістан автономиясының алғашқы үкімет басшысы Мұхамеджан Тынышпаевтың (Тынышпаев 1918 жылы өз еркімен қызметінен босаған) орнына сайланған. Классик жазушымыз Мұхтар Әуезов небары 20 жасында «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, сахналаған. Сол сияқты көрнекті ақын, түркітанушы, тарихшы, педагог Мағжан Жұмабаевтың «Шолпан» жыр-жинағы жарық көргенде ол 17 жаста болған. Аталмыш туындыға сол кездегі қазақ интеллигенциясы жоғары баға берген.

top: 10px; padding-right: 0px; padding-bottom: 10px; padding-left: 0px; border-style: initial; border-color: initial; background-image: none; background-attachment: initial; background-color: initial; list-style-type: none; list-style-position: initial; list-style-image: initial; border-width: 0px; margin: 0px;»> Жасындай жарқылдап өткен, бар болғаны 30 жыл ғұмыр кешкен Шоқан Уәлиханов, Ғани Мұратбаев, Төлеген Айбергеновтің қалдырған мұрасы да аз емес. Шоқан 27 жасында Орыс жағрафиялық қоғамына мүшелікке өтіп, 28 жасында әйгілі Қашқар сапарын жасайды. Ал Ғани Мұратбаев 19 жасында Түркістан Республикасы комсомол ұйымының бірінші хатшылығына сайланып, «Жас алаш» газетін шығаруға атсалысқан. Төлеген Айбергенов те өзінің аз ғана ғұмырында әдеби құны өлшеусіз – «Арман сапары», «Өмірге саяхат», «Құмдағы мұнаралар» атты кітаптарын қалдырды. Тізе берсек, жаспын деп «жайылмай», биік белестерді бағындыруға ұмтылған қайсар азаматтарымыз жетерлік. Демек, жастық жігерді пайдаланып, орынды мақсатқа жұмсай білсе, жастардың қоғам игілігіне тигізер септігі зор.

top: 10px; padding-right: 0px; padding-bottom: 10px; padding-left: 0px; border-style: initial; border-color: initial; background-image: none; background-attachment: initial; background-color: initial; list-style-type: none; list-style-position: initial; list-style-image: initial; border-width: 0px; margin: 0px;»>Бүгінгі буын билікте жүр

top: 10px; padding-right: 0px; padding-bottom: 10px; padding-left: 0px; border-style: initial; border-color: initial; background-image: none; background-attachment: initial; background-color: initial; list-style-type: none; list-style-position: initial; list-style-image: initial; border-width: 0px; margin: 0px;»>Бүгінде Қазақстанда 700-ден астам жастар ұйымы бар деп өзеурейміз. Жастардың саяси белсенділігі туралы әңгіме қозғағанымызда осы ұйымдарды алға тартамыз. Әрине, сандардың астарындағы сапасын санамалап жатқан ешкім жоқ. Жастар ұйымдарының жұмысы науқан кезіндегі даңғазалықтан әріге аса алмайды деп ренжігенімізбен, жас та болса бас болып жүргендері баршылық. Әсіресе, соңғы кездері шетелде білім алып келіп, мемлекеттік қызметте біршама ысылған «алтын жастар» жоғары лауазымдарға тартылуда. Мысал ретінде, ең жас шенеунік ретінде таяуда тағайындалған Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің вице-министрі Қаныш Төлеушинді айтып өтуімізге болады. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Оксфорд университетінің білімімен сусындаған 27 жастағы Қаныш лауазымды «таққа» отырмай тұрып, осы министрліктің Инновациялық саясат басқармасын басқарды. Жаңалыққа жаны құмар ынталы жасқа жоғарыдағы ағалар елдің инновациялық жаңғыруы жолында белсенділік танытады деген сенім білдіріп отыр.

top: 10px; padding-right: 0px; padding-bottom: 10px; padding-left: 0px; border-style: initial; border-color: initial; background-image: none; background-attachment: initial; background-color: initial; list-style-type: none; list-style-position: initial; list-style-image: initial; border-width: 0px; margin: 0px;»> Негізі, әлемдік тәжірибелерге сүйенсек, көптеген елдерде жоғары лауазымды қызметтің тізгінін жастарға ұстату үрдісі кеңінен етек алған. Тіпті, шығыста уақытша «қонақ» саналатын қыз балаларға өзге мемлекетте «төрден» орын беріледі. Мәселен, билік тізгінін жастардың, әсіресе арулардың қолына сеніп тапсыруда Грузия алда екен. Грузияның Экономика және тұрақты даму министрі Вера Кобалияның жасы 28-де. 2010 жылдың шілдесінен бастап министр лауазымындағы Вера әзірге өз ісін абыроймен атқарып келеді.

top: 10px; padding-right: 0px; padding-bottom: 10px; padding-left: 0px; border-style: initial; border-color: initial; background-image: none; background-attachment: initial; background-color: initial; list-style-type: none; list-style-position: initial; list-style-image: initial; border-width: 0px; margin: 0px;»> Украина радасында 24 жасар Элина Шишкина – халық депутаты. Жастайынан саясатқа қызыққан бойжеткен бүгінде қоғамның үнін билікке жеткізуде белді атқамінерлерден кем жұмыс жасап жүрген жоқ. Аймақты аралау, сайлаушылармен кездесу сияқты жұмыстарды өзге депутаттар сияқты екінші «планға» ысырып, демалысқа ыңғайламай, «депутат үшін маңызды, нағыз қызу жұмыс» деп есептейді. Ал алман елінде 32 жастағы Кристина Келер – Әйелдер мен жастар министрі қызметіне кіріскелі елде белсенді жастар қатары біршама артқан. Тізе берсек, әлемдік саясат сахнасында қатарластарының алды болып, ел бастап жүрген жастар жетерлік.

top: 10px; padding-right: 0px; padding-bottom: 10px; padding-left: 0px; border-style: initial; border-color: initial; background-image: none; background-attachment: initial; background-color: initial; list-style-type: none; list-style-position: initial; list-style-image: initial; border-width: 0px; margin: 0px;»>Келешек – техниктердікі

top: 10px; padding-right: 0px; padding-bottom: 10px; padding-left: 0px; border-style: initial; border-color: initial; background-image: none; background-attachment: initial; background-color: initial; list-style-type: none; list-style-position: initial; list-style-image: initial; border-width: 0px; margin: 0px;»>Қоғам дамуының ақпараттық кезеңінде техника тілін меңгерген, ғаламтордың «жілігін шаққан» жастардың айы оңынан туып тұр. Әлемдегі ең жас миллиардердің бірі Марк Цукерберг өзінің достарымен бірге 2004 жылы Fasebook әлеуметтік желісін ойлап тапқан-ды. Сайтты ашқан кезде оның жасы небәрі 19-да болған. 2011 жылы Forbes журналы Марктың байлығы өткен жылға қарағанда 238 пайызға өсіп, 13,5 миллиард долларға жеткендігін жариялады. Сол сияқты 1977 жылы туылған Чад Херли де YouTube сайтының негізін қалап, ең бай адамдардың тізімін толықтырды. Жапондық Йошиказу Танака да олардан қалыс қалмайды. 28 жасында Gree әлеуметтік желісінің негізін қалаған оның шотында 2,2 миллиард доллары бар. Техниканың күні озған заманда бізге де есебін тауып баюға болмай ма?!

top: 10px; padding-right: 0px; padding-bottom: 10px; padding-left: 0px; border-style: initial; border-color: initial; background-image: none; background-attachment: initial; background-color: initial; list-style-type: none; list-style-position: initial; list-style-image: initial; border-width: 0px; margin: 0px;»> Адамның жасын емес, ақылы мен қабілетін таразылайтын заман туды. Елдік істерді еңсеруге қауқары жетіп жатса, жастарға неге мүмкіндік бермеске?! Тек біздің қоғамда дарындыны алға сүйрейтін күш әлсіз. Әйтпесе, қазақ жастарының ішінде де техникамен «тыныстайтын», есепке келгенде ешкімге есе жібермеген «алтынбастар» жетерлік. Өкініштісі, қазақ қоғамынан бағасын алмаған дарындылар өзге елдің ғылымын дамытуға тер төгіп жүр. Бір ғана мысал, 14 жасында австриялық математик Вальтер Яноустың теңсіздігін дәлелдеп, «Данияр Кәменов теоремасының» негізін қалаған қазақстандық Данияр Кәменов қазіргі күні АҚШ-тың компаниясында жүр…

top: 10px; padding-right: 0px; padding-bottom: 10px; padding-left: 0px; border-style: initial; border-color: initial; background-image: none; background-attachment: initial; background-color: initial; list-style-type: none; list-style-position: initial; list-style-image: initial; border-width: 0px; margin: 0px;»> 

top: 10px; padding-right: 0px; padding-bottom: 10px; padding-left: 0px; border-style: initial; border-color: initial; background-image: none; background-attachment: initial; background-color: initial; list-style-type: none; list-style-position: initial; list-style-image: initial; border-width: 0px; margin: 0px;»>Айсұлу МолдабековаМ.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің  магистранты{jcomments on}

http://qogam.kz/aleumet/zhastar-keshe-bugin-erten/

http://kyzmet-gazeti.kz/

top: 10px; padding-right: 0px; padding-bottom: 10px; padding-left: 0px; border-style: initial; border-color: initial; background-image: none; background-attachment: initial; background-color: initial; list-style-type: none; list-style-position: initial; list-style-image: initial; border-width: 0px; margin: 0px;»>

Яндекс.Метрика