2024-07-27

Ат қоюдың да сыры бар

tories/01/13f0a22571a5c5bb1dc3c158df5a7192.jpg» width=»307″ height=»225″ />      Жақында шетелдік сарапшылар арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесінде Қазақстанды болашағы бар ел деп танитындарын жеткізді. Аталмыш зерттеу бойынша жоғары баға алып қана қоймай, алғашқы орындардың бірінен ойып тұрып орын алған Қазақстан бұл бағаға елдегі демографиялық ахуалдың жоғарылығының арқасында жеткен. Шетелдік зерттеушілердің пайымдауынша, басқа елдермен салыстырғанда қазақстандық аналардың халық санын көбейтуге деген ынтасы жоғары, яғни олар ел ертеңіне сенгендіктен, ұрпақ санын көбейтуден тартынбайды екен. Тіпті елдегі
өтіп жатқан іс-шараларды сәбилеріне есім қылып таңу арқылы ел саясатын қолдағанын білдіруде. Адам ұрпағымен мың жасайтынын ұқтырған сарапшылардың пайымы да мақтануға тұрарлықтай.

      Осы орайда басқа елдермен салыс­тырғанда біздің елімізде халықтың қартаю процесінен гөрі, жыл сайын сәбилер са­нының артуы айтарлықтай байқалған. Ал дамыған елдер қатарына еніп отырған елдердегі балалар саны азайып, халықтың басым бөлігінде қартаю процесі байқалғандықтан, болашағы бұлыңғыр елдер ретінде танылған. Расында да, бала болашағымыз екені даусыз. Қазіргі таңда ана мен бала мәселесін алдыңғы орынға қойып, халықтың санын көбейтуді басты мақсат еткен еліміз балаға берілетін әлеу­меттік жәрдемақыларды да жыл са­йын өсіруде. Мемлекеттің мұндай қам­қор­лығын байқап отырған аналарымыз да е
ертеңіне айналар сәбилердің санын жыл сайын көбейтуде. Тіфәй-тіфәй…Айта кетер жайт, шетелдіктер ел бо­лашағының жарқын екенін демогра­фия­мызға қарап бағалап отырса, халық ел ертеңіне сенетінін сәбилеріне ат қойып, есім беру арқылы дәлелдеуде. Мәселен, биылғы жылдың қаңтар айындағы мәлімет бойынша,
Алматыда екі нәрестеге Сайлау деген ат берілген. Сондай-ақ бүгінде еліміздегі 13 баланың есімі Саммитхан болса, 19-ы – Саммит, үшеуі – Нұрсаммит жә­не екеуі Саммитбек деген есімдерді иеленген. Оған қоса, Азиада есімді 15 қыз бала тіркелген. Яғни 2011 жылдың басындағы Прези­дент сайлауына орай, алматылық екі жан­ұя
Сайлау деген есімді сәбилеріне лайық көрсе, еліміздегі өткен ЕҚЫҰ саммитіне орай дүние есігін енді ашқан балаларының есімін саммитпен байланыстыруға тырыс­қан.
       Халқымыздың жаңа туған балаларға елімізде болып жатқан саяси оқиғаларға байланысты есім беруі – Елбасының ұс­танған саясатын қолдауы. Еліміздегі он­даған баланың саммитке байланысты атты иеленгеніне қарап, аталмыш ша­ра­ның қаншалықты маңыздылығын халық­тың ұққанын аңғаруға болады. Айта кетер жайт,
ЕҚЫҰ елдері басшыларының басқосуы соңғы рет осыдан 11 жыл бұ­рын өткен. Сарапшылар саммиттердің ара­сындағы үзілістің ұзаққа созылуын қа­ты­сушы ел­дердің көз­қрастарындағы қай­шы­лықтармен түсіндіреді. Осы тұр­ғы­дан келгенде, Астанадағы саммит жаңа ға­сырда, жаңа мыңжылдықта «елдер ара­сындағы қырғиқабақ соғыс» деген атауды өшіру тұрғысынан еліміздің ұйыт­қы болуымен маңызды болып отыр. Бұл жайлы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне ауысып отырмыз. Төрт мұхит­тың арасындағы – Атлант мұхитынан Тынық мұхитына дейінгі, Солтүстік Мұз­ды мұхиттан Үнді мұхитына дейінгі ара­лықтағы қауіпсіздіктің біртұтас кеңіс­тігін құру туралы сөз етіп отырмыз», – деп атап көрсеткен еді.

     Осы орайда Астана саммиті тарихқа ЕҚЫҰ-ның Еуропадан тысқары жерде өткізілген бірінші мәжілісі ретінде кіріп, әлем елдерін татулыққа үндеген еліміз үшін зор мақтаныш болып, халық тарапынан қолдау тапты. Ең бастысы, халық­тың мұндай айтулы шаралардың маңыздылығын ұғынып, ел ертеңіне айналар ұрпақ есімін саммит секілді айтулы шаралармен байлыныстыруға талпынуын мемлекет ұстанымын қолдауы ретінде түсінуге болады. Жыл басында өткен VII қысқы Азия ойындары да халық назарынан тыс қал­май, ел ішіндегі балаларға Алаубек, Азиада атты есімдер болып таңылды. Сондай-ақ Тәуелсіздік алғалы бері де Нұрсұлтан мен Астана атты есімдердің де күрт көбейіп кетуі халықтың ел ертеңіне сенетіндігінің айғағы болса керек.

Нұргелді УӘЛИ, филология ғылымының докторы, профессор:«Халық айтса, қате айтпайды». Осы орайда елдегі жаңа туған сәби­лерде науқандық есімдердің көбеюін халықтың сол айтулы шара­ларды қол­дауының белгісі деп түсінген дұрыс. Саммитте мемлекеттер арасын­да­ғы татулық, бірлік, ауызбіршілік, ын­ты­мақтастық секілді қасиетті ұғым­дар­ көптеп сөз болды. Енді ғана Тәуел­сіздігінің 20 жылдығын тойлап отырған еліміздің игі қадамын қолдағандығын халық та өз балаларына ат беру арқылы білдірді. Осы орайда ел мен
Елбасының тілегі мен ниетінің бір арнада тоғысуы мемлекеттің мерейі дер едім.

Автор: Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ

alashainasy.kz

{jcomments on}

Яндекс.Метрика