2022-08-08

Ашық сабақ

Қазығұрт» № 66 жалпы орта мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі: Мыңбаева  Гүлнар Махсұтқызы

 Сабақтың тақырыбы: Бұл қай кезде болады? 194-195 жаттығулар.

 Сабақтың мақсаты:

 Білімділік: Өлеңді мәнерлеп оқи білуін арттыру, жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, қызығушылығын арттыру, дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдерін
тиянақтай түсу.

 Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, ой-өрісін дамыту,
шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын тез, әрі жүйелі жеткізуге дағдылау.

 Тәрбиелік:Оқушыларды бір-бірін тыңдай білуге үйрету, алғырлыққа баулу, еңбекқорлыққа баулу.

 Сабақтың көрнекілігі: Ережелер, дидактикалық суреттер, жыл мезгілдерінің суреттері.

 Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, тест, СТО.

Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық

                     Біз бақытты баламыз

                     Ойнап күліп аламыз

                     Жетілсін деп санамыз

                     Оқып білім аламыз.

  
-Балалар бүгін біз топқа бөлініп саяхат сабағын өтеміз.

Қазір табиғатта қай мезгіл?  Қай мезгілдерде сабақ оқимыз?

Қай мезгілде демаламыз? Сол мезгілдерге байланысы топтардың атын да «Күз», «Қыс», «Көктем» деп үш топқа бөлінеміз.

 Енді саяхатқа шыққанда күннің көзін бұлт басып тұр екен. Сондықтан да «Күннің көзін ашу» ойыны.Ол үшін үй
тапсырмасын айтуымыз керек.
С.Сейфулиннің «Балалар» өлеңі
сұралады. (6)

-Дұрыс.Үй тапсырмасын пысықтау үшін Ой шақыру стратегиясы бойынша

І топ. «Тез ойла»                       (ережелерді тексеру)

ІІ топ. «Орнын тап»                   (семантикалық карта)

ІІІ топ «Менің орным қайда?»      (ауысқан сөздерді орнына қою)

Берген жауаптарына ұпайлар беріліп отырады.

-Иә, балалар дайындығымыз жақсы екен, ендеше Күннің көзін ашайық! Енді тамаша көңіл күймен, серуендеп жүріп, жаңа сабақты бастайық.

Мұғалім Ш.Ахметовтың «Бұл қай кезде болады?» өлеңін мәнерлеп оқиды. Осы өлең ішіндегі қайталанып тұрған сөзді балаларға тапқызу. Демек бүгінгі тақырыбымыз да «Бұл қай кезде болады?» деп аталады екен.

Авторы М.Әлімбаев

а) автор туралы мәлімет беру

ә) алдыңғы сабақтарда өткен
өлеңдерін еске түсіру

«О, қорқайын мен неге?»  «Ақсақалдың ақ батасынан»

 Оқулықпен жұмыс: (оқушылар сұқсаусақпен жүргізіп
отырады, мұғалім мәнерлеп оқиды)

  «Гүл теру» ойыны Сурет бойынша серуендеп жүрген
қыздардың тапсырмасы.

Дәптермен жұмыс: 194- жаттығу.

 Сергіту сәті: «Ойлы болсаң, тауып көр» ойыны. Сурет бойынша серуендеп жүрген ұлдардың тапсырмасы. 195-жаттығу.

Сабақты қорытындылау:Оқуышылар өздері ережені айтып, қорытындылайды.

 Бағалау: Жинаған ұпай саны бойынша марапаттау. «Жарайсыңдар», «Бәрекелді», «Әттеген-ай».

 Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау,  «Жаз» тақырыбында эссе жазу,сурет салу.

 

 

 

 

Яндекс.Метрика