КЕЛДІ КӨКТЕМ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

 

№12 «Арман» бөбекжай-балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Дене шынықтыру»

 

Білім беру саласы: «Денсаулық»

КЕЛДІ КӨКТЕМ

Дайындаған: Дене тәрбиесі мұғалімі

Сауле Муктарханқызы Керімбаева

Шымкент – 2012 жыл


Мақсаты: Қазақстан Республикасы Елбасының 2030 жылғы жолдауы және салауатты өмір сүрудің мемлекеттік бағдарламасы негізінде балалардың салауатты өмір сүру түсінігін қалыптастыру. Күнделікті өмірге қажетті қимыл түрлерін, оларды дұрас орындау дағдыларын қалыптастыру. Алға қойған мақсатқа жету барысында табиғат кедергілерін денешынықтырумен байланыстырып жануарлардың жүрісін, өсімдіктердің тұрысын, әр турлі қимылдарға ену. Еңбектеу, шалқалай жүру, тепетеңдікті сақтап жүру, аттау, жылдамдықпен заттарды жинау, ирелең жолмен қисық жүру, еңбекке баулу, табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту, табиғатты қорғауға, өз үлесін қосып  жыл мезгілдерін атап, жылда тал егу, жерді көгалдандыруға тәрбиелеу. Қимылды ойындарды соңына дейін ойнауға, әр түрлі релаксация жаттығуларын дұрыс орындауға үйрету және жаттықтыру. Жыл құстарына ұя жасап қамқоршы болуға, мақал-мәтел айтып, жұмбақ шешуге, тақпақтар айту арқылы білімдерін арттырып, тілдерін дамытып, дене бұлшықеттерін шынықтыруға жаттықтыру және тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: балалар санымен диаметрі 50 см шығыршықтар; балалар санымен кілемшелер ені: 70 см, ұзындығы: 1 м.; 28 төңке диаметрі 10 см, биіктігі 10 см; 14 см сым темір ұзындығы 1,5 м; 14 дана лента, 7 түсті; үлкен тал 4 дана; 4 дана гимнастикалық орындық ұзындығы – 2,5 м, биіктігі – 30 см, ені – 30 см; ұзын шөптесін резеңке гүлдер 40 м; 12 дана төңке диаметрі 20 см, биіктігі 15 см; саңырауқұлақтар 55 дана, себет 18дана түсті картон қағаздан жасалған; бұталар 19 дана; жол (мата) 20 метр; шелек; көпшіктер 4 дана; көк шалғын 18 дана; Қарлығаш 2 дана картон қағаздан жасалған; саз балшық; релаксацияға шарлар – газды ауасымен; запись, микрофон, спорттық киімдер; шарлар, ақ-жасыл жалаулар,  лак.

Өтілетін орын: Ашық алаң.


І Кіріспе бөлім: «Мотивациялық қозғаушы»

Балалар  (әуенмен) қолдарына құрал алып үлкен шеңбер бойымен жүреді.

  1. Қолды жоғары көтеріп – аяқ ұшымен жүру;
  2. Қолды көкірек тұсына қойып – өкшемен жүру;
  3. Қолды беліне қойып – жанымен жүру;
  4. Бір тізбектен екі тізбек құрап – жұптасып жүру;
  5. Аң-құстардың жүрісін салып жүру:

         маймыл;

         аю;

         түлкі;

         жылқы;

         қоян;

         тырна;

         қарлығаш; т.с.с.

6. Тыныс алу жаттығуларын орындайды.


Балалар сигналмен сап түзеп, бой – бойымен тұрады.

Дене тәрбиесі мұғалімі: Топ. Түзел. Тік тұр.

Қазақстан Республикасының Әнұраны.

Сәлеметсіңдерме балалар!

Балалар: Спорттық жалынды сәлем!

Қар еріп,

Су көбейіп,

Сай салаға ағады!

Бүршік атып,

Жапырақ ашып,

Гүл, бәйшешек басады.

Балалар, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Балалар: Көктемде!

Көктем келді, күн ұзарып, түн қысқарды. Жылы жаққа ұшып кеткен құстар қайта келді. Мал көкке жайылатын болды.

tories/001.jpg» width=»651″ height=»392″ alt=»001″ />

Алақай! Алақай!

Қуанды балақай:

         Қыс кетті, құс кепті,

Қар кетті, қыр кепті.

Көлдерде сең жүрді,

Белдерге сән кірді.

Гүл қаптап дөңдерді.

Күллі алқап көгерді.

Тоңбаймыз, күн күлді.

Тыңдаймыз Бұлбұлды

Ойнаймыз «Тай-құлын»

Тойлаймыз «Май-күнін»

Көк көкпен, Нұр төккен

Бұл – Көктем!

Олай болса балалар көктем мезгілін тамашалауға серуенге шығайық.

Көктем мезгілі туралы балалар тақпақ айтады. Жаттығуға тұрады. 

ІІ Негізгі бөлім: «Іздену Ұйымдастырушы».

Жалпы Дамыту Жаттығуы: Балалар кілемше үстіне жайғасады

Б.Қ.: негізгі тұрыс, қол жанында, оң қолда шығыршық. 1-2 аяқ ұшында тұрып екі қолды жанымен жоғары созу, 3-4 құралды екінші қолға беру. (5 рет қайталау)

Б.Қ.: тұру, аяқ бірге, қолды доға жасап, жоғары көтеріп, шығыршықты денесінен өткізу. (5 рет қайталау)

Б.Қ.: негізгі тұрыс, қол жанында, 1-2 оңға иіліп, оң аяқты бүгіп, сол қолды бастап асырып оң жақа созылу. (5 ретқайталау)

Б.Қ.: малдас құрып отырып, табанды біріктіру, шығыршықты мойнына салып, қолды жанына созу «Көбелек» бейнесін жасау. (бірнеше рет қайталау)

Б.Қ.: арқамен жату, денені түзу ұстап, шығыршықты оң қолмен 1, сол аяққа тигізу, аяқты бүкпей сол сияқты оң аяқпен қайталау. (7 рет қайталау)

Б.Қ.: шығыршықты тізеге салып екі қолмен аяғын өзіне тартып тербелу. (бірнеше рет қайталау)

Б.Қ.: тізені бүгіп 1 оң жаққа бұрылу, 2 Б.Қ., 3 сол жаққа бұрылу. (8 рет қайталау)

Б.Қ.: шығыршықтың ішінде тұру «Гүл» бейнесін жасау. (7 рет қайталау)

Б.Қ.: шығыршықты жерге қойып оң-сол қолмен оңға-солға айналып жүру. (бірнеше рет қайталау)

Б.Қ.: шығыршықты жерге қойып «Құс» бейнесін жасап секіріп жүру. (бірнеше рет қайталау)

Б.Қ.: Тыныс алу жаттығуларын орындау.

Дене тәрбиесі мұғалімі: Жұмбақ жасыру.

Негізгі қимылдар.

  1. «Кемпірқосақтан» өту:

Негізігі жаттығулар: еңбектеу, шалқалай жүру.

  1. «Саңырауқұлақ» теру:

Негізгі жаттығулар: тепе-теңдікті сақтап жүру, заттан аттау, жылдамдықпен заттарды теру.

  1. «Көк шалғынмен» жүру:

Негізгі жаттығулар: тепе-теңдікті сақтап жүру, секіру.

Қимылды ойын: «Қарлығашқа ұя жасау»

Негізгі жаттығулар: жүгіру, қол моторикасын дамыту.

 

ІІІ Қорытынды бөлім: «Рефлексивті коррекциялаушы»

(Балалар кілемше үстінде қолдарына, ішіне ауа толтырылған, шарды ұстап жатады)

Тынығу жаттығуы: «Релаксация»

Денемізді бос ұстап еркін демалып жатамыз. Көзді жұмып, тыныштықты сақтап ыңғайланып жатамыз. Өз дене тұлғамызға бастан аяққа дейін тынығуды ұйғарамыз. Көз алдарыңа елестетіңдерші, әр қайсысыңа туған күндеріңе неше түрлі (ақ, жасыл) доптар сыйлады. Бір уақытта сол әлгі доптар әр түрлі шарға айналып қолдарыңнан ұшып кетіп әдемі көк шалғын шөптің үстімен, неше түрлі әдемі гүлдердің үстімен ұшып жөнеледі. Ал сендер сол шарлардың соңында жете алмай келесіңдер. Айнала көз тоймайтын алғашқы көктем гүлі бақ-бақпен нәуірзек құсының дауысымен жаңбырдың иісі мұрынды жарады. Кенеттен жаңбыр жауып, сендер үлкен ағаштың жапырақтарын паналап, бүрсиіп-бүрсиіп тұрғандарың бір қызық. Бірде жаңбыр жауғанын қоя салып еді, әлгі түрлі шарлар ары қарай ұша жөнеледі. Ұшып-ұшып теңіз жағасын жағалап, әдемі балалар саябағына келіп жетеді. Ал өздерің сол саябақта демалып жатырсыңдар. Көңіл-күйлерің жақсы, күннің көзі жадырап сендерге күліп қарап, нұрын шашып тұр. Саябақтың салқын самалы еркелеп, қолдарыңдағы түрлі шарларды ақ бұттан асырып ұшырып, ғайып болады. Осыдан кейін сендердің бойларыңда сергектік пен күштілік, жеңілдік пен қуаныш сезімі пайда болады. Әрине бұл тынығудың арқасында.

Балалар қолдарындағы шарларын ауаға ұшырып, көздерін ашып ұшып бара жатқан шарларға қарап жатады.




Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика