2022-12-10

ЖАҚСЫ ӘДЕТ — ЖАҚСЫ ОТБАСЫНЫҢ БЕЛГІСІ

Spread the love

                                                          Жақсы әдет — жақсы отбасының белгісі

tom: 3.75pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Біздің күнтізбемізде мерекелер мен атаулы күндер өте көп. Еліміздің тәуелсіздік жылдарында көптеген жағдайлар өзгерді, бұл мерекелерге де әсер етті. Бұдан бұрын кеңінен аталып өткен күндер өзінің маңызын кетіріп, халықтың есінен өшті. Жаңа тәуелсіз Қазақстанда жаңа мерекелер пайда болды. Олардың көбін халық жақсы көреді. Міне осындай мерекелердің бірі – Отбасы күні. Ол Қазақстанда екінші рет, қыркүйектің екінші жексенбісінде аталып өтіледі.  Бұл жаңа және жас мереке, оны атап өту Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2013 жылғы 2 наурыздағы жарғысымен бекітілді. Сондай-ақ, Дүниежүзілік Отбасы күні бар.

Отбасы–табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеу алғаш рет отбасында қалыптасады. Отбасы–өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім–жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз. Бақытты мемлекет бақытты отбасылардан құралады.

tom: 22.5pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Сол себепті де бүгін біз сіздермен бақытты отбасылардың әдеттері жайында сөз қозғамақ ниеттеміз. Маман ретінде біздің сізге айтарымыз қарапайым қағидалар болып көрінуі әбден мүмкін. Бірақ бәрі сол қарапайым қағидалардан басталады. Отбасы құру көптің қолынан келеді, ал бақытты отбасының отағасы мен отанасы болу кез-келгеннің қолынан келмейді. Ол үшін жақсы әдет керек. Сонымен, бақытты отбасы мүшелері нені әдетке айналдыруы керек?

tom: 22.5pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Жалғыз жатпау

tom: 22.5pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>«Бір жастықта қартайыңдар» деген тілекті көп естиміз. Солай істейміз бе, бірқатарыңыз ойланып қалдыңыз…

tom: 22.5pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Ерлі-зайыптылардың қашанда бірге жатуының маңызы ерекше. Ыдыс-аяқ сықырлап қалған, аздаған түсініспеушіліктер орнаған кездің өзінде де төсегіңізді ала қашып бөлек жатпаңыз.

tom: 22.5pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Ұйықтар алдында бір-біріне кем дегенде он минут бөлу

tom: 22.5pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Сізге таңертең жұмысқа ерте тұру керек болса да, қанша ұйқы қысып бара жатса да, күні бойғы шаруадан басыңыз қатып шаршасаңыз да біріңізге біріңіз уақыт бөліңіз. Бүгінгі өткен күн жайында және ертеңгі жоспар жайында талқылаңыздар. Жұмысбасты ерлі-зайыптылар демалыс күндерді есептемегенде тек кешкі уақытта ғана көрісетіндігі белгілі. Ұйықтар алдында кем дегенде он минутты бір-біріңізбен кеңесіп сөйлесуге қиыңыз. Ауыр күн болса, оны айтыңыз. Біріңізді-біріңіз қолдап, бір-біріңізден жылы сөз аямаңыз.

tom: 22.5pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Қол ұстасып не қолтықтасып жүру

 

tom: 22.5pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Қоғамдық ортада қол ұстасып жүруді ыңғайсыздық деп қабылдаймыз көбіміз. Шынында солай ма? Қол ұстасу «Біз біргеміз», «Біз ажырамаймыз» дегенді білдірсе, әйелдің күйеуінің қолтығынан ұсауы оған сенім артуының белгісі. Әйел еркектің қабырғасынан жаралған деседі. Ендеше, оның қабырғаға жақын жүргісі келуі табиғи қажеттілік.Әйткенмен қол ұстасып жүруді ұнатпайтын жұптарға тағар айыбымыз жоқ. Тек жүректері бірге болсын.

tom: 22.5pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>«Қайырлы таң» тілеу

tom: 22.5pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Мұның да орны ерекше. Тәтті ұйқысын қимай орнынан әрең тұрып келе жатқан жартыңызға жылы шыраймен «Қайырлы таң» тілеңіз. «Күнінің сәтті өтуін» де тілеу артық етпейді.

tom: 22.5pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Бірге ас ішу және әйелі еріне ас дайындауы

tom: 22.5pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Ерлі-зайыптылардың бірге ас ішуінде де маңыз бар. Әйткенмен олардың үнемі бір дастархан басында тамақтана беруі кейде мүмкін болмай жатады. Бірі үйде, бірі түзде жүріп тек кешке не таңертең ғана бастары қосылады. Осы кезде әйелі еріне қолынан келгенше дәмді тағамдар ұсынғаны жөн. Таңертеңгі қанбаған ұйқының қабағын дәмді тағам ашады. Дәл сол сияқты, кешке үйіне шаршап келген ері әйелінің қолынан шыққан дәмді ыстық тағаммен көңіл күйін көтереді.

tom: 22.5pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Өздері ғана түсінетін ортақ қалжыңның болуы

tom: 22.5pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Жақсы отбасы–кішкентай ғана ұйым. Олардың өз ұраны, өз құпиясы және өздері ғана түсінетін қалжыңы болуы керек. Сіздің отбасылық әзілдеріңізді біреудің түсінуінің бес тиынға да қажеті жоқ. Сізді күлдіре алатын адам–еңбегі бар адам. Көңіл-күйіңіз болмай тұрғанда, жымиюыңызға себепкер болған адамды қалай жақсы көрмейсіз?

tom: 22.5pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Өз отбасыңызды өзіңіз жасайтыныңызды ұмытпаңыз.

Р. Тулендиева,

№ 2 ШҚБА-ның педагогика бөлімінің меңгерушісі  

 

              

Яндекс.Метрика