1 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БӨБЕКТЕРДІҢ 96,7 ПАЙЫЗЫ ПРОАКТИВТІ СКРИНИГТЕН ӨТКЕН

«Салауатты ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында Шымкентте ілкімді істер жүзеге асырылып отыр.  Қуантарлығы, қалада түрлі патологияларды уақтылы анықтау, мүгедектіктің алдын алу, уақтылы сауықтыру мақсатында жоспарлы 1 жасқа дейінгі балаларды проактивті скринингтермен қамтудың жалпы көрсеткіші 96,7 пайызға жетті. Оның ішінде неонаталдық скринингпен — 98,1%, аудиологиялық скринингпен – 89,2%, психофизикалық даму скринингімен – 99,4%, офтальмологиялық скринингпен – 100% қамту көзделген болатын.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, жүкті әйелдерді жеке және плинараралық пренатальды патронажбен қамту жоспары 87 пайыз болса, бүгінде 90,1 пайызға өсіп отыр. Ал, жаңа туған сәбиден 14 жасқа дейінгі балалар арасында артық салмақпен сырқаттану деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 113,1-ден 75 балаға төмендеген.

Сонымен қатар, Шымкентте 10 медициналық ұйымда балаларға қалпына келтіру және оңалту емі көрсетіледі. 2023 жылдың 4 айында оңалтудан өткендердің 32,6 пайызы, яғни 760-ы мүмкіндігі шектеулі бала.  Шымкент қалалық денсаулық басқармасының 2023 жылға арналған жоспарында 35% қамту көзделген. Өткен жылы оңалту емін 682 ерекше бала қабылдап, 33,3 пайызды құраған. Оның ішінде церебральды сал ауруы диагнозымен тіркелген 303 бүлдіршін бар.

Шаһардағы балаларға арналған оңалту орталықтары кәсіби білігі жоғары мамандармен қамтылған. Олар — емдік дене шынықтыру нұсқаушылары, кәсіби терапевтер, психологтар, логопедтер, дефектологтар, әлеуметтік және түзету педагогтары (ойын және музыкалық терапевттер, Монтессори-терапия мамандары) құрамында дәрігер-реабилитологтармен, педагог мамандар және көпсалалы командалар.

2023 жылы №2 оңалту орталығының базасында неврологиялық және басқа да патологиясы бар 3 жасқа дейінгі балаларға арналған «Қамқорлық» ерте араласу бөлімшесі ашылды. Бүгінге дейін 23 бала қалпына келтіру емінен өтті.

Айта кетейік, мегаполистегі балаларға арналған медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту мақсатында қалалық балалар ауруханасында 180 төсектік жаңа ғимарат ашылды. Нысандағы төсек саны 315-тен 495-ке дейін ұлғайтылды.

Қызмет ақпарат

1942 символ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика