«Мейірім – жүректен!» атты айлық іс-шара жоспары аясында «Прокурор сағаты» өтті

Шымкент қаласының білім басқармасымен қалалық прокуратураның бірлескен  «Мейірім – жүректен!» атты айлық іс-шара жоспары аясында, №24 С.Ерубаев атындағы ІТ мектеп-лицейінің базасында    2023 жылы   16 мамыр күні  «Прокурор сағаты» өтті.

«Прокурор сағатына» барлық білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта  қосылды.

Аталған жиынның мақсаты —  оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын табуға, өз құқықтарын қорғауға үйрету, құқықтық нормативтік актілерді орындай білуге, адамгершілікке, құқықтық сауаттылыққа, зиянды заттардан (арақ,темекі,есірткіден) аулақ болуға тәрбиелеу.

«Прокурор сағатына» Абай ауданының прокуроры Н.Турлыби, Аль-Фараби  ауданының прокуроры Ә.Cапи, Еңбекші ауданының прокуроры  Ж.Мамаев, Қаратау ауданының прокуроры Т. Әжіхан, Тұран ауданының прокуроры А.Есимбетов қатысты.

Онлайн форматта ұйымдастырылған кездесуге  білім басқармасына қарасты 150 мектептен 58327 — оқушы қамтылды. Кездесу соңында оқушылар заң өкілдеріне сұрақтарын қойып, еркін форматта сұхбаттасты. Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құру процесінде құқықтық тәрбие мәселелері үлкен маңызға ие. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда құқытық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру негізгі басымдықтардың бірі. Құқытық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру қоғамның құқықтық тәрбиесіне тікелей байланысты. Қоғамдағы қылмыс пен құқықбұзушылыққа қарсы күресуі бағытындағы жаңа жүктемелерді толығырақ таныстыру құқық қорғау органдарының міндеті. Осы орайда құқық қорғау органдарының тарапынан түрлі іс-шаралар жүзеге асырылып  жатыр.

Қызмет ақпарат

1559 символ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика