ШЫМКЕНТ: СПОРТТЫҚ ҮЙІРМЕГЕ БАРАТЫН БАЛДАР 16 МЫҢНАН АСТЫ

Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, шыдамды, шымыр болады. Біздің ата- бабаларымыз «тәні саудың – жаны сау» немесе «бірінші байлық-денсаулық»,- деп бекер айтпаған. Бірақ, осы нақыл сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін сезінбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Салауатты өмір сүрудің, тазалықты сақтаудың белгілі ережелерін білмейтін де жан кемде-кем. Тіпті ол мектеп бағдарламасына да енгізілген. «Салауатты өмір сүру дегеніміз – тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану». Бала тәрбиесіне қазақ халқы ерте кезден көңіл бөліп, баланың ақыл – ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына ерекше көңіл бөліп отырған. Осыған дәлел қазақтың спорттық ойындары. Жас кезінен бастап балаларға дұрыс тәрбие беріп, асық атып, атқа мініп, теңге іліп, бәйгеге шауып, күреске түсіп өскен балалар шымыр да шыныққан, епті де икемді болғанын білеміз. Қазіргі уақытты өткен кезеңмен салыстыра алмайсың. Себебі, уақыт өте көптеген өзгерістер өмірге енді. Тіпті, бала тәрбиесіне жаңаша көз қараспен қараймыз. Қазіргі таңдағы қоғамдағы жат қылықтар жастарға кері әсерін тигізуде. Осы орайда Шымкентте бұқаралық спорт қарқынмен дамып келеді. Биыл ұйымдастырылған «Шымкент жастар лигасына» 6 мыңға жуық оқушы қатысты. Қазіргі уақытта лиганың ІІІ маусымы басталып, іріктеу кезеңі өтуде. Спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Металлург» стадионын реконструкциялау, №12 спорт мектебі ғимаратына қосымша құрылыс және Бозарық ш.а. ауыр атлетика спорт кешені, «Медициналық колледжі» спорт залының құрылысы жүргізілуде. Тағы бір айта кетерлігі, биылдың өзінде спорттық үйірмелермен жан басына шаққанда қаржыландыру арқылы 16 мыңнан астам бала қамтылды. Жоғары спорттық жетістіктер бойынша қала спортшылары Қазақстан Республикасының, Азия, Әлем чемпионаттарында 688 алтын, 605 күміс және 641 қола медальдеріне ие болды. Ал футболдан әйелдер клубының «Шымкент – БИІК» командасы осы жылы да 11-ші рет ҚР чемпионы атанды.
Қызмет ақпарат
1763 символ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика