ҒАЛЫМ БОЛАМ ДЕСЕҢІЗ…

Шымкент қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияда «Ғалым болам десеңіз…» тақырыбында мектепішілік ғылыми жоба  байқауы өтті.  Байқаудың басты мақсаты балаларды ғылым әлемімен таныстыру, осы кезге дейін ғылымның әр саласының әліппесімен танысып, осы жолда алғашқы қадардарын жасаған  дарынды балаларды таңдап алу және олардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру болды. Жоба баррысында қушыны ғылымға бейімдеу үшін алдымен оның бойында  зерттеушілік дағдысын  дамыту керек. Осы орайда мұғалімдер қандай жұмыстар жүргізіп, қандай жетістіктерге жетіп отыр. Осы жұмыстар да сараланды.  Сондай-ақ, талапты әр оқушыға  өзі таңдаған ғылым саласы бойынша өз бетінше ізденуге, білім – дағдыларын жетілдіруге бағыт берілді. Ғылым қандай қоғамда болмасын жалпы адамзаттың прогрессивті дамуының қозғаушы күші болып табылады және солай болып қала береді. Абай Құнанбайұлы «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» деген. Бүгінгі ғылым мен білімді, ақыл мен пайымды, ар мен мінезді қатар ұстап, тәрбиеленіп келе жатқан оқушы болашақта өз қатарынан озып шығатын алғыр ойлы азаматтар,  ертеңгі ғалымдар.

Мектепішілік ғылыми жоба байқауы

— тарих

—  этномәдениеттану,

— тіл білімі секциясы,

— экономика,

— информатика,

— математика,

— биология секциялары бойынша өтті.  Жобаға 32 оқушы қатысып, 25 тақырыпта ғылыми жобаларын қорғады.

Ғылыми жоба байқауына Шымкент қаласы білім беру басқармасына қарасты «Дарын» орталығының директоры, педагогика ғылымының кандидаты  Джеренова Раушан Омархановна қатысып,  ұйымдастырылуына жоғары баға берді. Балаларды ғылым жолына түсуге ынталандырды. Алдағы уақытқа ғылыми жобаға тақырып боларлық жаңа идеялар ұсынды.

Оқушылардың ғылыми жобаларын  ОҚМПУ ғалымдары мен НЗМ Шымкент қаласындағы химия биология бағытындағы Зияткерлік мектептің мұғалімдерінен құралған қазылар алқасы атсалысты. Ғалымдар жобаларды саралап қана қойған жоқ, оқушылардың келешегіне керек бағыт-бағдар беріп, кеңестерін айтты. Байқау соңында жас ғалымдар  анықталып, мадақтамалармен және І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Ғылыми жоба жазу барысында оқушы нені үйренеді? Жаңартылған мазмұндағы оқулар талабына сай, оқушылар шынайылықты бойына сіңіріп, ғылыми дамуды үйренеді, ғылыми тілде сөйлеуді, оқыған әдебиеттердегі оқиғаларды пайымдауды, әр тақырыптан өзекті мәселелерді табуды, түрлі тәжірибелер жасауды, ойларын қорытындылап, тұжырымдар жасауды үйренеді.

Қызмет ақпарат

2000 символ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика