ШЫМКЕНТТЕ МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Бар жақсылық балаларға! Еліміздің бүгіні мен ертеңі – жас ұрпақ үшін қаншама игіліктер жасалса да көптік етпесі анық. Жаз мезгілінің шуақты мерекесі — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бүгін қаламыздағы “Денсаулық” спорт кешенінде жүзу маусымы мен жүзуден жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир басталды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов балғындардың қуанышына ортақтасып, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараның ашылу салтанатына қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Екі күнге жалғасатын жарысқа еліміздің әр өңірінен келген 400–ге жуық спортшыдан құралған 23 команда қатысуда. Республикалық дода жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, тәжірибесін арттырады. Бүгінде қалада 1000-нан аса спортшы кәсіби түрде жүзу спортымен шұғылданады. Күрделі жөндеуден өтіп, заманауи талапқа сай жабдықталған жүзу бассейні мегаполисте бұқаралық спорттың дамуына, сондай-ақ жүзуге қатысатын жас жеткіншектер қатарының артуына ықпал ететін болады. «Өмірдің бір қызығы – бала деген». «Балалы үй – базар». «Бала – болашағымыз». Бұл әрбір жанның жүрек түкпірінде, көңіл қалтарысында жүретін өмірлік қағида кілті. Себебі адам өмірінің мәні мен сәні де – бала. Бала – отбасының мызғымас тірегі, ертеңге деген сенімінің кепілі.
Барша адамзат үшін ең маңызды мереке – 1 маусым – балаларды қорғаудың халықаралық күні. Бұл – жадыраған жаздың алғашқы күніндегі ең көркем, ең мейірімді мейрам. Өйткені бұл күн сыңғырлаған сәби күлкісі мен балдырғандардың былдыры арқылы ерекшеленеді. Бұл мереке сонау 1949 жылдың қараша айында өткен Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды. БҰҰ бұл бастаманы қызу қолдап, балалардың құқықтарын, өмірін және денсаулығын қорғауды өз қызметінің басым бағыты деп жариялады. Бала – басты байлығымыз, ал ең асылы – оның тәрбиесі. Ал отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы алтын ұясы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне отбасы мен өскен ортасының тигізетін әсері мол. Бала тәрбиесі ұлт таңдамайды, тәрбие барлық ұлтқа қызмет етеді. Алайда әр елдің балаларының бала тәрбиелеу ісі бір-біріне ұқсай бермейді. Әр ұлттың тәрбие беруі әрқилы болса да, бала атаулыға ортақ құндылықтар бар. Олар – туған отбасы, ұядай жылы үй, ата-анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігі.

Қызмет ақпарат
1989 символ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика