Бүгін 19 маусым – қала күніне орай бірқатар әлеуметтік нысандар халық игілігіне табысталуда. Қала әкімі М. Әйтенов экстремалды спорт түрлеріне арналған жаңа қоғамдық кеңістіктің салтанатты ашылуына қатысты. “Скейт элементтері бар алаң жастарымыздың сұранысы бойынша қолға алынды. Өскелең ұрпақтың өтінішін ескеріп, жаңа нысанды Қала күніне орай пайдалануға бердік. Біз қашан да осындай ерекше жобаларға қолдау көрсетуге әзірміз” – деді М. Дүйсенбекұлы. Қаламыздағы скейт элементтері бар алғашқы алаңда скейтбординг, BMX сияқты спорт түрлерімен шұғылдана алады. Бұл жаңа кеңістік бұрынғы Дельфин аквапаркінің аумағында орналасқан, онда скейтпен сырғанау алаңынан өзге воркаут аймағы, көше тренажерлары, роллердром, баскетбол алаңы, және әткеншектері бар тыныш аймақ та бар. Заманауи талапқа сай жабдықталған скейт парк мегаполис жастарының бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік беретін орталыққа айналады. Жастар – ұлт үмітін арқалаған ел ертеңі. Үміт пен сенімді ақтау сол буынның парызы. Сол себептен де жастар қазіргі қоғамның жетекші күші ретінде еліміздің дамуы үшін жауапты екені мәлім. Еліміздің тарихы мен мәдениетінің тағдыры, дамуы мен модернизациялануы, жалпы бүгіні мен ертеңі де жастарға байланысты. Жастар қай заманда, қай елде болмасын, асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы болған. Жастар – болашақтың жарқын айнасы іспетті. Бұл сөздің мағынасына үңілсек, «еңбек» деген ұғыммен байланысып жатқанын ұғасыз. «Еңбектің наны тәтті» деп бекер айтылмаса керек. Қай саланы алсақ та, мерейін үстем еткен үкілі азаматтар ащы терін сығумен биіктерге жеткен. Жастар – елдің ертеңі. Ендеше, олардың амандығы мемлекеттің саулығы деген қорытынды шығарсақ қателеспейміз. Осы орайда жеткіншектердің денсаулығын жақсарту, соның ішінде спортпен айналысуға баулу өзекті мәселе екенін ешкім жоққа шығармайды.
Қызмет ақпарат
1634 символ
Leave a Reply