ШЫМКЕНТ ДЕНСАУЛЫҚ: 58 МЫҢ ТҰРҒЫНҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ЕМХАНА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты №5 қалалық емхана ғимараты күрделі жөндеуден өтіп жатыр. 1984 жылы қолданысқа берілген емхананың алдағы уақытта инженерлік желілері түгел ауыстырылады. Сондай-ақ, сыртқы қасбеті жаңартылады.  Қала әкімі Мұрат Әйтенов шілде айының 1-інен басталған емхана құрылысы жұмыстарының жай-күйімен танысты. Төрт айға созылатын жөндеу жұмыстары бірінші кезекте сапа жағына мән берілу керек.  Амбулаториялық емханалық көмек көрсететін мекеме қазіргі уақытта 58 мыңнан астам тіркелуші тұрғынға медициналық қызмет ұсынып отыр. Сондай-ақ, мұнда 500-ден аса медицина персоналы қызмет етеді.  Қаламыздағы қырық жылдық тарихы бар емхананың күрделі жөндеу жұмыстары қараша айында аяқталады. Денсаулық – адамның ең қасиетті де, құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Біз осы жаңа ғасырдан күтер үмітіміз көп. Сондай-ақ, қазіргі заманда адам ағзасына тиер залал да жетерлік. Тірі ағзаға тиер экологиялық фактордың әсері осы таңда айтпаса да көзге түскен сүйелдей болып көрініп тұрғаны анық.
Денсаулық — табиғаттың ең  қымбат сыйы. Күнделікті жұмыста жүргенде, деніміз сау болғанда, денсаулықтың қадірін біле бермейміз. Аздап ауырсақ, өзіміз білетін дәрі-дәрмектерді ішіп жазылып кетуге тырысамыз. Дәрігерге бара қоймаймыз. Шын мәнінде кез -келген аурудың алдын алуға болады. Ол үшін не істеу керек? Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарға майлы тамақтарды көп жеуге болмайды. Оның орнына сүт, көкөніс тамақтарын пайдаланған дұрыс. Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтаудың спортпен айналысудың маңызы зор. Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы да жарқын өмір сүруі қажет. Ол үшін ең алдымен ата-бабамыз айтып кеткендей, «Бірінші байлық – денсаулық»- демекші, ең алдымен саналы да жарқын өмір сүру үшін денсаулық қажет. Ал сол денсаулықты сақтау – өз қолымызда, яғни өз еншімізде. Қазіргі таңда аурулардың түрі көбейіп барады. «Тірі адам түбінде бір ауырмай тұрмайды” деп данышпан Баласағұнидің айтқан сөзі рас сияқты. Өйткені, әрбір адам басында өзіне белгілі бір аурулары бар. Бірақ біз сол аурулардың шарықтауына жол бермей оған төтеп беруіміз қажет.

 

Қызмет ақпарат

2000 символ

 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика