ШЫМКЕНТ: ЖЕРЛЕСІМІЗ — АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

Каратэден тағы бір жерлесіміз Азия чемпионы атанды. Малакка қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы XIX Азия чемпионаты өтуде. Жарыстың екінші күнінде жерлестеріміз үшін сәтті өтті. Бір алтын, бір қола медаль еншіледі. Алпысбай Қайсар 60 келі салмақ дәрежесін бағындырды. Юлдашев Данияр 84 келі салмақта қола жүлдені қанағат тұтты. Айта кетейік, чемпионаттың алғашқы күнінде кумите бағдарламасында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева (+68 кг) өз салмағында қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанған болатын. Сондай-ақ, биылғы бәсекеге құрлықтағы 31 елден 400-ге жуық татами шебері жиналды. Бұл қатарда 19 қазақстандық бар. ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАҒА АЛТЫН СЫЙЛАДЫ Софья Берульцева Азия чемпионатының алғашқы күні Ұлттық құрамаға алтын сыйлады. Бүгін Малайзияның Малакка қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы XIX Азия чемпионаты басталды. Биылғы бәсекеге құрлықтағы 31 елден 400-ге жуық татами шебері жиналды. Бұл қатарда 19 қазақстандық бар. Ұлттық құрама каратэшілері чемпионатты сәтті бастады. Алғашқы күні кумите бағдарламасында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева (+68 кг) өз салмағында қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды. Азия чемпионаты 23 шілдеде аяқталады. Біздің негізгі мақсатымыз – бұқаралық спорт арқылы тұрғындарды дене шынықтырумен жүйелі түрде айналыстыру, инфрақұрылымды және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жетілдіру. Бұған қоса спорттық резервті даярлады қамтамасыз ету, алға қойған спорттағы жоғары жетістіктерге қол жеткізу де біздің Басқарманың әрқашан басым бағыты болып қала береді. Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін Шымкент қаласы өзінің қызметімен 414 мыңнан астам адамды қамтыған үш мыңнан астам спорт ұйымы мен дене шынықтыру ұжымы және 60 аккредиттелген федерация жұмыс істейді.

 

Қызмет ақпарат

1616 символ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика