Кітап – қоғам мен адамның арасындағы маңызды фактор. Ел қатарлы мемлекет болудың рухани-мәдени көрсеткіштері осында жатыр. Кітап арқылы келешек ұрпаққа бүгініміз тарих болып жазылып, ертеңгі мұра болып қалмақ. Кітаптың оқырманға жететін қасиетті орны кітапхана екендігі ертеден белгілі. Ұлттық мәдени кодымыз оқу арқылы қалыптасатыны да сөзсіз. Демек, оқу әлеуметтік қарым-қатынас формуласының бірі ретінде қалыптасқан. Ертеңгі күніміз бүгінгі күнге байланысты. Сондықтан да оқуға жан-жақты бейімделу аса қажет. Кітап-руxани сарқылмас қазына. Кітап оқу арқылы адамның ойлау қабілеті артып, ішкі жан дүниесі тынышталады. Кітап бұл миға арналған жаттығу іспеттес. Кітапты оқу арқылы біз миымызды жаттықтырып, есте сақтау қабілетіміз де артады. Жастайынан тұлға болып қалыптасып осы өмірде өз орнын таба білу үшінде кітап оқудың маңызды екені бәрімізге мәлім. Қазірде кітапты кейбіреулер өзінің xоббиі ретінде ермек үшін оқыса, енді біреулері кітаптан ғылым мен білім іздейді. Білімнің қайнар бұлағы мен өміріңе жаңа ізденіс пен күш жігер беретін мотивациялық арқау болатын да бұл кітап дер едім. Себебі кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына болып табылады. Қазірде кітап оқуға біздің мүмкіншілігіміз көп. Бүгінде Шымкенттегі Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми әмбебап кітапханасында 181 жыл бұрын жарық көрген көне кітап мұрағатта сақтаулы тұр. Бұл — кітапхананың “Сирек қор” бөлімінде ағылшынның көрнекті жазушысы Вальтер Скоттың 1824 жылы Лондонда жарық көрген «Қызыл қолғап» /Редгонтлет/ атты тарихи романнының ІІ — томы. Ағылшын тіліндегі бұл кітап 328 беттен тұрады. Осы секілді 4000 дананы құрайтын сирек кітаптар бөліміндегі көне кітаптар жойылып кетпей, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мақсатында бүгінде электронды форматқа көшірілуде. Жалпы Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы барлық оқырман санаттарына арналған көпшілік кітапхана болып табылады. Жалпы кітап қоры – 420 949, сирек кітаптар бөлімінің қоры – 4000 дананы құрайды.
Қызмет ақпарат
1763 символ
Leave a Reply