Оның 28-і – қонақүй. Шымкент бір күнде 10 мыңға жуық саяхатшыны қабылдай алады. Халықаралық стандартқа сәйкес бес жұлдызды «Риксос Хадиша» қонақүйін айрықша атап өтуге болады. Одан бөлек «Қайнар» қонақүйі де қазақстандық стандарт бойынша бес жұлдызды қонақүй санатына жатады. Сондай-ақ төрт, үш, екі жұлдызды және санаты жоқ қонақүйлер де бар. Шымкентте туризмді өркендетудің, алдағы даму бағыттарын айқындайтын тұжырымдамасы әзірленіп, ол таяу уақытта жергілікті әкімдік тарапынан бекітіледі. Тұжырымдамада қаланың туристік әлеуеті жан-жақты сараланады. Соның ішінде туристік инфрақұрылымды қолға алу бойынша жоспарлар белгіленеді. Мұндағы басты мақсат Шымкентке қыдырып келген туристің қалада аралап көретін мәдени-танымдық, серуен құратын қызықты орындары көп болуы қажет. Мегаполис республиканың оңтүстігінде орналасқандықтан қалада шуақты күндер көп болады. Ескеретін бір жайт, Өзбекстанға келетін ең көп туристердің ішінде Қазақстан бірінші орында тұр екен. Ал біздің елімізде ресейлік туристердің басқалардан қарағанда саны басымдау. Сосын Өзбекстан мен Түркия елдерінен келетіндер саны көп. Ресми статистикаға көз жүгіртсек, өткен үш айда Шымкентке саяхаттаған азаматтар 94 мың адам болған. Алты айлық көрсеткіш бойынша 214 мың адам мегаполиске турист ретінде ат ізін салған. Мәліметті тарқата түссек, осы алты айдағы туристердің 14 мыңы шетелдіктер болды. Қалғанын ішкі туризмнің үлесі алып отыр. Яғни Шымкентке саяхат жасайтындардың басым бөлігі – республиканың түкпір-түкпірінен келетін өзіміздің отандастар. Сондай-ақ төрт халықаралық әуе рейсі арқылы Мәскеумен, Түркияның екі қаласы Анталья, Ыстанбұлмен және Грузияның Кутаиси қаласымен тікелей байланыс орнатылған. Ендігі жерде Анкара қаласына бесінші тікелей әуе рейсі ашылғалы отыр. Сонымен бірге чартерлік рейстер арқылы Мысыр, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері елдерімен де туристік байланыс нығайып жатыр.
Қызмет ақпарат
1699 символ
Leave a Reply