Шымкентте туризмді дамытып, туристердің санын арттыру бағытында кешенді жұмыстар атқарылуда

Өткен жылдың деректеріне сүйенер болсам, туристердің көп бөлігі ТМД елдерінен келді. Ал, дәл қазіргі уақытта Еуропалықтар өлкемізге қызығушылық танытып, туристік жорықтарды бастап кетті. Туризм бағытын жетілдіруде eQonaq бағдарламасының маңызы зор. Бұл платформа арқылы туристік ағынды талдап, көші-қон бақылауын жүзеге асыра аламыз. Ал, көктемнің алғашқы айынан бастап туристер Шымкентке көбірек келуде. Мәселен, Түркістанды таңдаған саяхатшылар әуелі Шымкент қаламызға келеді. Себебі, Шымкентте қонақ үйлердің саны әлдеқайда көп әрі бағасы да қолжетімді. Біркөлік, Сайрам сынды орындарды аралайтын туристер үшін осы шаһарды таңдаған тиімдірек. Одан бөлек, Шымкент қаласында тарихи кешендер көбірек. Сол орталықтармен танысуға да туристер ағылып келеді. Бізде garant_tour атты туристік агенттік бар. Олар Германиядан келген саяхатшыларды Шымкентке алып келіп, Ұлы Жібек жолы бойындағы мекендерді, Түркістан, Шымкент қалалары мен Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерін аралатады. Туристерді шаһарға келген сәтте «Цитадель» көне қалашығына, Сайрам тұрғын алабындағы тарихи мекендерге, түрлі саябақтар мен мұражайларға апарып, қазақтың ұлттық құндылығымен таныстыру жұмыстарын жүргіземіз. Мысалы, Еуропаның саяхатшыларына Түркия, Дубай сынды туризмі дамыған елдер қызықты емес. Олар Орта Азияның әрбір елімен танысып, тарихын, мәдениетін үйренуді қалайды. Ал, жолдың сапасына біздің орталық жауап бермейді. Біз туристерге арнайы орындарды ғана ұсына аламыз. Егер қандай да бір қиындықтар туындаған жағдайда аудан басшыларына хабар етіп, мәселені шешу жөнінде тапсырмалар беріледі. Статистика бойынша шаһарда 121-ге жуық қонақ үй мен 5000 жатын орындары бар. Алайда, қонақ үйлерде орын жоқ. Наурыз айынан бастап туристер көп келетіндіктен, алдын-ала орынға тапсырыс беріп қоймаса, бұл жаққа келген соң қонақ үйді іздеу қиындық тудырады. Орташа есеп бойынша ішкі туристер күніне 30 мың теңге жұмсайды. Ал, шетелдік туристер үшін 3 күнге 300000 теңге жетеді.

Қызмет ақпарат

1783 символ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика