ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА СПОРТ АЛАҢШАСЫ ТҰРҒЫНДАР ИГІЛІГІНЕ ТАПСЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында жалпы саны 105 ашық спорт алаңшасы бар. Биылғы жылы тағы 2 ашық спорт алаңшасын салу жоспарланған болатын. Соның бірі Береке шағын ауданындағы 276 орамда ашық спорт алаңшасы бюджет есебінен салынып, тұрғындардың пайдаланыуына тапсырылды.  Соңғы үш жыл ішінде аудан аумағында 41 спорт алаңшасы соғылып, халыққа пайдалануға берілді. Қаламыздың жастарын спортқа баулу мақсатында, алдағы уақытта аудан көлемінен осындай ашық спорт алаңдарының санын көбейту жоспарланып отыр. Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, шыдамды, шымыр болады. Біздің ата- бабаларымыз «тәні саудың — жаны сау» немесе «бірінші байлық-денсаулық», — деп бекер айтпаған. Бірақ, осы нақыл сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін сезінбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Салауатты өмір сүрудің, тазалықты сақтаудың белгілі ережелерін білмейтін де жан кемде-кем. Тіпті ол мектеп бағдарламасына да енгізілген. Бірақ оған көпшілігіміз күнделікті өмірде аса мән бермейміз. Неге? Оның басты себебі, өз бойымызда қалыптасып қалған жалқаулық жеңетін күш-жігердің әлсіздігі. Бұл әлсіздікке мойынбас үшін күнде таңертеңгілік уақытта 20-30 минуттай ертерек тұрып шама келгенше жүгіріп, секіріп әртүрлі қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасап соңынан салқын сумен шайынып денені шынықтыруға болады ғой. Бірақ көпшілігіміз жас кезімізде бұл мәселеге көңіл бөлмей есейген соң жалқаулықтың құрсауынан босай алмай, жасымызға жетпей қартайып, әртүрлі созылмалы ауруларға шалдығып, қайғы-қасірет пен өлім қорқынышынан қалтырап күн өткіземіз. Денсаулығымыз мықты болу үшін мынадай төрт шартты бұлжытпай орындау қажет. Олар: дене еңбегі, тамақты уақтылы ішуді, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және демала білу. Оның бесінші шарты — бақытты өмір сүру! Жастар үшін тағы бір арнайы айта кететін кеңесңім бар. Спортпен айналысу денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі — жүгіру. Күн сайын таңертен үйдің маңайында, саяабақта, алаңда жарты сағаттай жүгіру қажет. Егер, жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе таңғы таза ауада серуендеуге болады. Сондай-ақ әртүрлі жаттығулар жасауға болады.

 

Қызмет ақпарат

1914 символ

 

 

 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика