Жолдау: жастардың мәселесі назарда!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының жылдағы дәстүрмен жасаған биылғы Жолдауы – еліміздегі саяси­оқиғалардың ең маңыздысы ретінде қабылданатын тарихи құжат. Жолдаудан Қазақстан халқы үлкен үміт, жақсылыққа ұмтылыс, жаңалық күтіп үйренгені де рас. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын көтеруге бағытталған биылғы Жолдау өзгеше пішінде өтуімен ел назарын аударды. Президент халықтың жағдайы мен мемлекет дамуына жауап беретін әрбір сала жетекшілерінің жұмысын сынға алды. Жалтаруға, жауырды жаба тоқуға жол бермей, сала жұмысы бойынша көзбе-көз есеп сұрады. Бұл не деген сөз? Ең алдымен, Президент халықтың жағдайынан жақсы хабардар. Президент Қазақстанның әрбір адамы үшін, тұтас халқы үшін алаңдайтынын, сәт сайын қамқорлық жасалу керегін, министрлердің, әкімдердің сол мақсат үшін тағайындалып, халыққа қызмет етуі басты міндеті екенін еске салды. Әсіресе полиция жұмысы, сот ісі, білім беру, денсаулық саласы – бұл халықтың күн сайын бетпе-бет, қоян-қолтық араласып отырған жері. Бұл Жолдау осы салалардың жұмысын жандандыруға, қозғау салып, ширатуға үлкен серпін береді деп ойлаймын.  Президент Тәуелсіздік алғалы бері жастардан қолдауын аяған емес. Ғылым, өнеркәсіп, өнер, білім, жалпы барлық салада мемлекеттік грантпен шетелде білім алған білікті жастардың қатары артып келеді. Біз еңбек ететін М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында жалпы актерлік құрамның 70 пайызын жастар түзіп отыр. Театрымызға жас режиссерлер, жас драматургтер келді. Себебі бүгінгі сахна тынысы бөлек, көрермен сұранысы да өзгерген – мұны жастар жақсырақ сезеді және мақсат-мұратын тұтынушы талабына лайық құра біледі. Биылдың өзінде қарашаңырақ театр төрт рет республикалық, халықаралық деңгейдегі театр фестивалін өткізді. Басы-қасында жүргенде, қазақтың театр өнері ешбір елдің сахна өнерінен кем емес екенін дәлелдеп, жаңашылдыққа бейімділігін байқатып, қызықтырып өткізген де осы жастарымыз. Бетбұрыс атаулының бастамашысы да, тірегі де осы жастар. Ендігі жерде мемлекет тарапынан оларға қолдау көрсетілгені сөзсіз қанаттандыратын болады.  Сөз жоқ, Президент Жолдауын жалпы еліміздің өркендеуі жолындағы ауқымды сын-тегеуріндерді еңсерудің мүмкіндігі және соны жолы деп білемін. Еліміздің дамуы алдындағы барлық міндеттердің Елбасының бағыт беруімен жемісті жүзеге асырылатынына кәміл сенемін.

 

Қызмет ақпарат

2000 символ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика