Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – мемлекетіміздің дамуына арналады!

Әр жыл сайын ҚР Президент жолдауды өз жаңалықтарымен, құнды ұсыныстарымен еліміздің өркендеуіне, жаңғыруына негіз болатын салмақты тұжырымдармен ерекшеленеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы мемлекетіміздің даму жолындағы бағытберер басты құжаты. 2023 жылдың 1 қыркүйектегіПрезидент Жолдауының негізгі мәні Қазақстанхалқының әл-ауқатын арттыруға мемлекетіміздің дамуына арналып отыр. Осыған орай бұл Жолдау бүкіл халықтың ойынан шығып, қазірмемлекетіміздің барлық аумақтарында басқару, оқу-өндірістік салаларында, мемлекеттік емесұйымдарда кеңінен талқыланып, кең қолдау тауыпотыр. Қазақстан индустриялы жаңа технологияларды енгізудің көшбасына шығуы өте дұрыс. Бізге бұлсалада барлық мүмкіндіктер бар. Ауылшаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор, агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасаукеректігі өте орынды айтылған. Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялықмақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлықорталықтың біріне айналуы. Осы мақсатқа қолжеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғарыдеңгейде өңдеуге көшуіміз қажет деп алдағы үшжыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін70 пайызға жеткізу қажеттігі айтылды. Бұл – нақтыміндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандырукеректігі, ол үшін салық саясатын қайта қараудұрыс бағыт. Ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу жәнеөндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту,машина-трактор паркінің әбден ескіріп, тозуы – күрделі мәселеге айналған, сондықтан жыл сайыноның 8-10 пайызын жаңартып отыруға мүмкіндік туса, бұл ретте еліміздегі техника өндірушілер мен шаруалардың да мүддесін ескерген болар еді. Агроғылымды дамыту және ең бастысы, оны ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану үшін шаралар қабылдау қажеттігі, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын зерттеу ісінің барлық сатысын қамтитын агротехнология хабына айналдыру керектігі, сондай-ақ шетелдің танымал агро-ғылыми орталықтарымен толыққанды ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастық орнату, білім беру бағдарламаларын ауыл шаруашылығы талаптарына бейімдеу бағытта жүзеге асырған жөн. Транспорт, логикалық инфрақұрылымдарды дамыту ел байлығының қайнар көзі болмақ, құрылыс пен тұрғын үйді дамыту, қаржы секторын қайта құрап озық үлгімен алмастыру, адам капиталының жаңа сапасын, мемлекеттік басқарудың тиімділігін, әділеттілігін жетілдіру, Заң үстемдігін жоғары деңгейге көтеру, жемқорлық тағы басқа зиянды құбылыстармен аяусыз күрес жүргізу, жаңа технологияларды енгізу арқылы қала құрылысының проблемаларын оңтайлы шешу мәселелеріне айрықша мән берілген. Бұл айтылған, ұсынылған Президент жолдауы халыққа, қоғамға, мемлекет дамуы, өркендеуі үшін аса қажетті дүние.

 

Қызмет ақпарат

2000 символ

 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика