Жаңа Жолдау, жаңа міндеттер

Президенттің биылғы Жолдауына сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап елдегі ең төменгі жалақы көлемі 85 мың теңгеге дейін өсуі тиіс. Қазір бұл шек 70 мың теңгені құрайды. Осылайша, ең төменгі жалақының өсуі нәтижесінде елдегі 1,8 млн адамның айлық табысы артуы керек. Оның қатарында бюджет саласында еңбек ететін 350 мың адам бар. Осы орайда Павлодар облысының билігі де өңірдегі қанша азаматтың еңбекақысы артуы керек екенін есептеп қойды. Жергілікті экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назарчук қай сала өкілдерінің кірісі еселенетінін айтты. «Президенттің Жолдаудағы тапсырмасына сәйкес, ең төменгі жалақы көлемінің өсуі нәтижесінде біздің облыстағы 44 мың тұрғынның жалақысы артады. Оның ішінде 21 мың адам бюджеттік салада қызмет етеді. Олардың қатарында тәрбиешілердің көмекшілері, музей мен архив қызметкерлері, күзетшілер, қойма жұмысшылары, кассирлер бар. Аталған қызметкерлердің лауазымдың еңбекақысының көлемі қазір 85 мың теңгеден аз алады», — деді Ирина Назарчук. Қазіргі уақытта мамандар аталған сала қызметкерлерінің айлығын өсіру үшін қанша қаражат қажет екенін есептеуде. Айта кетейік, Павлодар облысында барлығы 750 мыңнан астам тұрғын бар. Соңғы статистикалық деректер бойынша аймақтағы еңбек ететін азаматтардың орташа айлығы – 303 731 теңге. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Президент Парламент, Үкімет, уәкілетті органдар және барлық мемлекеттік аппарат алдында ізденіс кезеңіндегі жұмыстың негізгі бағыттарын белгілеп, нақты тапсырмалар беріп, жаңа міндеттер қойды. Президент атап өткендей, елдің жаңа экономикалық бағытының айқындаушы қағидаттары әділдік, инклюзивтілік, паргматизм болады. Осы Жолдауда баяндалған міндеттер үш жыл ішінде іске асырылуы тиіс деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Мемлекет басшысы республика деңгейде шұғыл шараларды талап ететін проблемалық мәселелерді нақты атап өтті. Ең маңыздыларының бірі – елдің энергетикалық қауіпсіздігі. Біздің еліміз басқа мемлекеттермен бірге электр энергиясының тапшылығын сезіне бастағаны жасырын емес, энергетика саласына елеулі қаршы құю қажет. Ірі нысандарға инвестиция салумен қатар, «жасыл технологияларды» белсенді енгізуді жалғастыру қажет. Атом электр станциясын салу тақырыбы да күн тәртібінен шықпайды. Еліміздің әлеуметтік маңыздылығы мен экологиялық қауіпсіздігін ескере отырып, Президент бұл мәселені жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынды, осылайша әрқайсымызға дауыс беру арқылы өз көзқарасымызды білдіруге құқық берді.  Бұл, әрине, Семей ядролық полигонындағы сынақтардың салдарын әлі есінде сақтайтын Қазақстан халқын қуантады. Президент жылу және сумен жабдықтау мәселелеріне тоқталып, жақын арада жаңа Су ресурстары  және ирригация министрлігі құрылатынын, Ұлттық гидрогеологиялық қызмет қайта құрылатынын айтты.  «Қазсушар», «Нұра топтық су құбыры» компанияларын қоса алғанда, су шаруашылығын басқарудың барлық жүйесі реформаланады.  Соңғысы, өздеріңіз білетіндей, Астананы ғана емес, Ақмола облысының бір бөлігін де сумен қоректендіреді.  Бұл кәсіпорынның проблемаларын облысымыздың бірқатар аудандарының тұрғындары қатты сезінді.  Мемлекет басшысы айтқан реформаларды енгізе отырып, өңіріміздің және бүкіл еліміздің ең шалғай ауылдарында су мәселесі шешілетін болады деп үміттенеміз.

 

Қызмет ақпарат

2000 символ

 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика