Университетімізге Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетінің құрметті профессоры, Татарстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы Роберт Гарабшевич Мухарлямов келді. Шетелден келген ғалымды университет ректоры Гүлжан Сүгірбаева қабылдап, оқу орнының физика-математика бағытында атқарып жатқан жұмыстары мен жетістіктерімен бөлісті. Профессор білімгерлерге «Жаратылыстану ғылымдары бойынша ғылыми құзіреттілікті дамыту үдерістері» атты ғылыми семинар өткізді. Болашақ физик-математиктер ғалымның дәрісін тыңдап, сұрақтарына тікелей өзінен жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Р. Мухарлямов сондай-ақ, мәжіліс залында бірінші курс студенттерімен кездесуде. Стратегиялық даму жəне əлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек болашақ жас мамандарға ғалымның еңбек жолын таныстырды. «Əрқайсыңыздың ішіңізде бір Ньютон отыруы тиіс» деген профессор жастарға мотивациялық кеңес беріп, ғылыми-оқу тәжірибесімен бөлісуде. Бүгінгі таңда қазіргі қоғамдағы ғылым адамдар өмірінің көптеген салаларында маңызды рөл атқарады деп айта аламыз. Ғылымның даму деңгейі қоғам дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі бола алатыны сөзсіз, сонымен қатар ол мемлекеттің экономикалық, мәдени, өркениетті, білімді, заманауи дамуының көрсеткіші екені даусыз. Қазіргі заманның ғаламдық мәселелерін шешуде ғылымның әлеуметтік күш ретіндегі функциялары өте маңызды. Оған мысал ретінде экология мәселесін келтіруге болады. Ғаламшардағы табиғи ресурстардың сарқылуы, ауаның, судың, топырақтың ластануы сияқты қоғам мен адамға қауіпті құбылыстардың негізгі себептерінің бірі – ғылыми-техникалық прогресстің қарқындылығы екені белгілі. Демек, бүгінгі күні адам ортасында болып жатқан түбегейлі және зиянсыз өзгерістердің факторларының бірі – ғылым. Мұны ғалымдардың өздері де жасырмайды. Қоршаған ортаның қауіптілігінің масштабы мен параметрлерін анықтауда ғылыми деректер жетекші рөл атқарады. Ғылымның қоғамдық өмірдегі рөлінің артуы оның қазіргі мәдениеттегі ерекше мәртебесін және оның қоғамдық сананың әртүрлі қабаттарымен өзара әрекеттесуінің жаңа ерекшеліктерін туғызды. Осыған байланысты ғылыми танымның ерекшеліктері және оның танымдық әрекеттің басқа түрлерімен (өнер, күнделікті сана, т.б.) байланысы мәселесі өткір қойылады.
Қызмет ақпарат
Leave a Reply