Еліміздің іргелі оқу орындарының бірі …

Оқырмандар, сіздерді бүгін еліміздегі тағы бір іргелі оқу орнының жұмысымен таныстырғым келіп отыр. Ол — Шымкенттегі Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан  педагогикалық университеті. Ұстаздар ұстаханаcына айналған қара шаңырақ 1937 жылы құрылған. Бұл білім ордасын 70 мыңнан аса түлек бітіріп, көрнекті ғалымдар мен  педагогтар, өнер иелері тәрбиеленіп іргелі жоғары оқу орны.  Университет өзінің миссиясы мен келешегін дамудың жаңа стратегиясына, жаһандық білім беру нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін негізгі мақсаттар, міндеттер мен нақты бағыттарын қалыптастырған білім берудегі үздік тәжірибелер негізінде адами капиталдың сапасын арттыруға бағытталған.  2022-2023 жаңа оқу жылы университет құрамында 6 факультет,  20 кафедра жұмыс атқарды.  Олардың ішінде білім беру бағдарламаларын даярлайтын  кафедралар саны 19 және 1 кафедра сервистік  қызмет көрсетті.  Университетте бакалавриаттың – 33, магистратураның – 2,  докторантураның – 12 білім беру бағдарламасы негізінде еліміздің ұлттық құндылықтарын  сіңірген,  рухы биік,  тағылымды тәрбиеге ие жаңа форматтағы маман  даярлау жүзеге асуда.  2022-2023 оқу жылында кадрларды даярлауда сабақтастықты қамтамасыз ететін  біртұтас функционалдық  білім беру жүйе ретінде колледж ашу жұмыстары ұйымдастырылды.  Нәтижесінде «4S01140101» Бастауышта білім беру педагогикасы мен  әдістемесі, «4S01140301» Көркем еңбек, «4S01140201» Музыкалық білім беру мамандықтарына лицензия берілді. Халықаралық ынтымақтастық бойынша    қос диплом («6В01703» Шетел тілі: екі шетел тілі мұғалімін даярлау) және бірлескен («6В01502» Физика мұғалімін даярлау) білім беру  бағдарламалары Түрік мемлекетінің  Гази университетімен жасалынды.Академиялық  ұтқырлық бойынша  2022-2023 оқу жылында  серіктес шетелдік және отандық ЖОО-мен 15 халықаралық және 5 отандық келісімшарттар түзілді. Университетте тәрбие жұмыстары назардан тыс қалмаған. Мәселен, «Тарихи тұлғалар: ұлттық тәрбие және сабақтастық» атты Республикалық форум өткізіп, білім алушыларға тарихи  тұлғалардың бай мұрасын насихаттаумен бірге ұлттық тәрбие құндылықтарын сіңіру бағытында  игі жұмыстар жасалуда. Студенттерді жатақханамен 100% қамтамасыз еткен бірден бір жоғары оқу орны.  2022-2023 оқу жылы университетте «Ғылым жылы» деп аталса, 2023-2024 оқу жылы «Сапа жылы» деп жарияланды.  Университет ұжымына жаңа оқу жылында сәттілік,  ілкімді ізденіс пен шығармашылық табыс тілеймін!

 

Қызмет ақпарат

2000 символ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика