ЖОЛДАУ-2023: ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАРЫ

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен сессиясының ашылуында Қазақстан Республикасының Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы жолдауын жариялады. Билік тармақтарының барлық өкілдері бас қосқан алқалы жиында алдағы жұмыстың бағыт-бағдарын айқындап, нақты тапсырмалар берді, жаңа міндеттер жүктеді.  Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік  Қазақстан педагогикалық университетінің ректоры Гүлжан Сүгірбаева, оқу ордасының ұстаздары және студент жастары болашаққа  бағдар түзетін жыл сайынғы дәстүрлі  жолдауды бірге тыңдады.  Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты бұл  жолдауында Қазақстанның әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту үшін қабылдануы керек нақты шараларды атап көрсетті. Қоғамның барлық салаларына тоқталып, шұғыл шешілуі тиіс мақсат-міндеттерді айқындады.  Алдымен атқарылған жұмыстардың оң нәтижесімен бөлісіп, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту үшін болашаққа жоспарланған бастамалармен таныстырды. Бұл Жолдаудың орны барлығымыз үшін ерекше. Мемлекет басшысы өз Жолдауында ана мен бала, отбасы жайлы, сондай-ақ балаларға зорлық көрсетуге қатысты қылмыстардың жазасы күшейтілетіндігі жөніндегі мәселелерге тоқталды. Еліміздің болашағы — жас ұрпақты қорғау, оларға дұрыс бағыт беру аға ұрпақтың жауапкершілігінде. Аналар кеңесінің төрайымы ретінде ұлт болашағы үшін отбасы мен бала тәрбиесінің рөлі мен үшін аса маңызды. Жолдауда айтылғандай, балаларға қатысты қылмыстардың жазасы күшейтіліп, қылмыскерлерге кешірім болмайды. Бұл баласы үшін уайым кешкен әрбір ата-ана үшін мықты қолдау болатынына сенімдімін. Сондай ақ, тұрғын үй мәселесіне де басымдық берді. Бұл тапсырмалар алдағы уақытта орындалып, жаңа отбасыларға үміт сыйлайтыны қуантады. Жолдау дағдарыстан кейінгі кезеңдегі даму бағыттары мен басымдықтарын қамтиды. Жолдаудың негізі ел экономикасы мен әлеуметтік мәселелерге арналған, әрине әлеуметтік-экономикалық мәселелер әрқашанда негізгі сұрақтардың бірі болып табылатыны сөзсіз, сондықтан да отандастарымыздың әл-ауқаты мен тұрмыстық әлеуетін арттыруға және ел экономикасын дамытуға септігін тигізеді деген ойдамын. Бұл жолғы Жолдау маңызды де күрделі деп есептеймін, елде болған пандемияға байланысты қиындықтар өте көп, оны шешу жолдары оңай емес, бұны жоғары деңгейде шешу үшін стратегиялық жоспарлар мен реформалар агенттігін құру бойынша тапсырма берілді, бұның өзі халық жағдайына қарасқан мәселе. Расында да, Жолдаудың әр сөзі халыққа керекті мәселелерді қамтиды. Еліміздің тағдыры – біздің тағдырымыз, еңсесі биік, тұтқасы берік еліміздің алға қойған мақсаттары орындалсын деген тілек үстіндеміз.

 

Қызмет ақпарат

2000 символ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика