ШЫМКЕНТ  СПОРТЫ: КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласында көркем гимнастикадан спорт шеберлері және спорт шеберлігіне кандидат спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. 7-10 ақпан аралығына жоспарланған бәсекенің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, көркем гимнастикадан ұлттық құраманың бас бапкері Әлия Юсупова жиында іс-шараның маңызына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Шаhарда көркем гимнастикадан жеңісті дәстүр бар. Қазіргі уақытта бұл спорт түрімен қалада 1000-нан астам жас шұғылданады. Оларға қажетті жағдай жасалған. Биыл спортшылар көптеген маңызды додаларға қатысады. Олимпиада ойындарына жолдама алу мақсаты тұр. Алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз, –деді қала әкімінің орынбасары. ҚР чемпионатында еліміздің барлық өңірінен келген 300-ге жуық гимнасшы қыздар жекелей және топтық бағдарламалар бойынша бақ сынайды. Олардың арасында Азия чемпионаты, ҚР чемпионаты мен Кубогының жеңімпаздары және жүлдегерлері бар. Айта кетсек, жарыс 10 ақпанға дейін созылады.  Көркем гимнастикадан ҚР ұлттық құрамасының бас бапкері Ә.Юсупова бұл сайыстың жеңімпаздары әлем кубогы мен Азия чемпионатына баратынын айтты. Сондай-ақ, биыл лицензиялық әлем чемпионаты және Азия чемпионаты өтеді. Білімді, тәрбиелі әрі дені сау ұрпақ – ұлттың ең қымбат байлығы. Олай болса, балалар мен жасөспірімдердің оқумен қатар, өнер үйреніп, спортпен шұғылданып, жан-жақты жетілуіне қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің мойнындағы борышы. Сол себепті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Президент ретіндегі алғашқы Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне назар аударған болатын. Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз, – деген Қасым-Жомарт Кемелұлы бұқаралық спортты дамытуға арналған кешенді бағдарлама қабылдау керектігін айтқан болатын. Президенттің осы тапсырмасын орындау мақсатында «Дене шынықтыру мен бұқа­ралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған ке­шенді жоспар» әзірленіп, ол Үкіметтің қау­лысымен бекітілгені мәлім. Осы жос­парға сәйкес, мемлекет-жекеменшік әріп­тестігі аясында балалар мен жасөс­пірімдерге арналған спорт секцияларына жан басына қаржыландыру жүйесі енгізілді.

 

Қызмет ақпарат

2000 символ

 

 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика