Жолдаудан: Әкімдерді сайлау және тәуелсіз бюджет елімізге елеулі өзгеріс әкеле ме?

Сарапшылардың айтуынша, егер әкімдерді халық сайласа, олардың билігі күшейіп, шешім қабылдауда тәуелсіз әрі дербес бола түседі.

–Блоктық бюджеттің идеологиясы қазіргіден басқаша. Әкімге сенім шкаласы бойынша белгілі бір қаржы лимиті, мысалы 100 миллион тенге бекітіледі. Осы қаржы көлемінде ол өз шешімі негізінде әрекет ете алады. Яғни, кез-келген жағдайға дайын, кұбыр жарылса да, желден шатыр ұшып кетсе де, ол оны тез арада жөндей алады. Артынан, белгілі бір уақыттан кейін облысқа есеп беріп, қаржының қайда жұмсалғанын көрсетеді. Осы жүйеге көшу үшін аудан әкімдерін сайлау идеясы қатар жүзеге асуы керек. Беделі кіршіксіз, түрғындардың сеніміне ие болатын, қолынан іс келетін азаматты халық өзі таңдап, әкім етіп сайлауы керек. Сондай жалынды жастарға сенім артылып, мүмкіндік берілсе, олар өзі басқаратын ауданды үш жылдың ішінде адам танымастай етіп өзгерте алады. Жергілікті бюджетке корпоративті, жеке табыс салығымен бірге қосылған құн салығы да берілмек. Демек, әр аудан әкімі бұдан былай өз жерінде бизнес нысандарының көп болуына, олардың салық төлеуіне мүдделі болады. Көп салық жинадың ба, ол ақша өз ауданыңның бюджетінде қалады. Баяғыдай тек жоғары тұрған бюджеттің бергенін ғана игеріп отыратын тиімсіз кездер артта қалмақ. Аудандар бизнесті тарту, қызық локациялар ашу, креатив бойынша бір-бірімен бәсекелесе бастайды. Осы ретте инфрақұрылым да түзеліп, түрлі кәсіптің пайда болатыны анық, – деді академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры Берік Садықов. Жолдаудағы толғақты мәселенің бірі АЭС салу мәселесі болды. «Қазақстанда АЭС салу тақырыбы аса маңызды экономикалық және саяси мәселеге айналған. Оған қатысты түпкілікті шешім жалпыұлттық референдум қорытындысы бойынша қабылданады» делінген Президент Жолдауында. Бұл ауқымды мәселе жастарды да бей-жай қалдырмады. Өздерін алаңдатқан сұрақтарды сарапшыларға жолдап, ойларын ортаға салып, референдум арқылы мәселені шешуді қолдайтындықтарын жеткізді.

 

Қызмет ақпарат

1804

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика