Қалада мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты 6 театр жұмыс істейді. Жаңа маусымның жаңалықтарымен қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының мәдениет және тарихи-мәдени мұраны сақтау бөлімінің басшысы Бауыржан Орынбасарұлы баспасөз брифингінде бөлісті.
– Осы жылдың 8 айында Шымкент қалалық Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында «Серінің сергелдеңі» лирикалық драмасы, Шымкент қалалық өзбек драма театрында «Сәби» драмасы, Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрында «Кейкінің кегі», жалпы 13 премьера көрермен назарына ұсынылды. Сондай-ақ репертуарлық 738 қойылым қойылып, 131 мыңнан аса көрермен келді. Биыл өнер ордалары жыл басынан бері 38 облыс, ауданда гастрольдік іс-сапармен қойылымдар қойылды. Алдағы 6-10 қыркүйек күндері Шымкент қалалық орыс драма театры Алматы қаласының М. Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театрына «Театр, или шум за сценной», «За двумя зайцами» қойылымдарымен гастрольдік сапары жоспарлануда,–деді Б. Орынбасарұлы. Жыл соңына дейін қаладағы барлық театрларда 389 қойылым қою жоспарланған. Тамыздың соңында бастау алған маусымашарда Шымкент қалалық опера және балет театры Т.Жармұхамбеттің «Домалақ ана» операсымен 16-шы театр маусымын, А. Пушкиннің «Пиковая Дама» драмасымен Шымкент қалалық орыс драма театры 94-ші маусымын, А. Маудановтың «Кейкінің кегі» драмасымен Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының 41-шы театр маусымы ашылды. Айта кетейік, 7 қыркүйек күні М. Әуезовтың «Қарагөз» трагедиясымен Шымкент қалалық Жұмат Шанин атындағы қазақ академиялық драма театрының 90-шы маусым ашары, 14 қыркүйек күні С. Ваннустың «Сұлтанның аты сұлтан» трагикомедиясымен Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының 16-шы, 28 қыркүйек күні Жоэль Помраның «Сәби» драмасымен Шымкент қалалық өзбек драма театрының 21-ші театр маусымының ашылуы өтеді. Осы аптада Қостанай облыстық қуыршақ театры гастрольдік сапармен Шымкент қаласына келіп, көрермендерді қуантып отыр. Шымкенттегі «Қуыршақ және жасөспірімдер» театрында Қостанай облыстық қуыршақ театрының директоры Нұрмұхамбетов Мәди Мейрамханұлы алдымен баспасөз өкілдері және театр ұжымымен алдағы жоспарларымен бөлісті.
– Өзара тәжірибе алмасу мақсатында екіжақты меморандумға қол қойылған болатын. Соның аясында театырымызбен 10 күндік гастрольдік сапарға келдік. Театр көрермендеріне 4 қойылым ұсынып отырмыз. Бүгін соның бірі «Экопатруль» қойылымын көрермендер тамашалады. Сондай-ақ қазіргі уақытта Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының шығармашылық тобы Қостанай қаласында. Қостанайда театрдың қанша жылдық тарихы болғанымен қазақ труппасы жоқ. Сондықтан біздің қаланың тұрғындары да қазақша қойылымдарды ерекше ықыласпен қабыл алуда, – деді Мәди Нұрмұхамбетов. Қостанайлық театр ұжымы ұсынған «Экопатруль» қойылымының негізгі идеясы балаларды табиғатты қорғауға шақырады. Қойылымдағы кейіпкерлер қала қорғаушысы, су қорғаушысы, орман қорғаушысы болып бірігіп, қоқысты жоймақшы болады. Кейіпкер де қойылым барысында өсіп, үлкейіп, онымен күресуші батырлар түрлі қиындықтарға тап болады. Соңында батыр кейіпкерлер жеңіске жетіп, қоршаған ортаны ластауға болмайтынын, онымен күресудің оңай еместігін көркем әрі түсінікті жеткізеді. Мұнан өзге үш қойылымда ғибратқа толы. Айта кетейік, қойылымдар 29-шы қыркүйекке дейін жалғаспақ.
Қызмет ақпарат
2000 символ
Leave a Reply