Жауын-шашын қызықтырмайды

Құрылыс — экономиканың күре тамыры. Ол соғып тұр. Күні кеше Шымкенттен Төле би ауданына шығатын жолдағы көпір құрылысы мерзімінен бұрын аяқталып, пайдалануға берілді.
Осындай көпір құрылысы қалалықтар «Коммунизм» атап кеткен елді мекен тұсында салынып жатыр.

Бадам өзенінің үстінен тұрғызылып жатқан өткелдегі құрылыс жұмыстары Алматы-Термез тас жолына шықсаң  алыстан көзге түседі.  Біз нысан басына барғанда аталған құрылыстың үшінші бөлігі жүргізіліп жатыр екен. « ЖБИС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің прорабы Жарқынбек Тоғызбаевты жұмыс басында жолықтырдық. Жауын-шашын құрылысшыларды қызықтырмайды деген жұмыс барысы жайлы қызығушылықпен әңгімелеп берді:

— Бұл көпір құрылысы осы жылдың соңында аяқталуы тиіс. Алған міндеттемеміз бар, сол жааупкершілікті сезініп барымызды салып жұмыс істеп жатырмыз. Былтыр өткелдің бір жағы біткен. Енді жанындағы екінші көпірді тұрғызу қамындамыз. Қазір  50 шақты жұмысшы еңбек етуде.  Техникадан екі «буровой», үш эксковатор, бес самосвал», үш кран, екі «погрузщик» бар. Мамандарымыз ешқайда шықпайды. Бәрі карантиндік тәртіпті қатаң ұстанып,  құрылыс алаңында жұмыс істеп жүр, кешке осы арадағы арнайы жасақталған жатын орынға қонып шығады. Жұмысшылар үшін нысан басында монша, асхана ұйымдастырылған. Барлығы антисептиктермен қамтамасыз етілген.

Құрылыс жобасы 150 метрлік екі көпір, 7 аралық, 2 жағалық, 5 аралық тіректен, арқалық пен монолиттен тұрады. Мұнда қазір 5 аралық тіректің астына құйылатын «свай»  жұмыстары атқарылуда. Яғни 25 метр тереңдікке шұңқыр қазып, ішіне арматура орнатып, бетон құюдамыз. Әр «свайды»  дайындауға бір тәулік уақыт кетеді. Жоспарда 70 «свай» бар. Бәрін құйып болған соң тіректер мен олардың сыртынан қосымша нығайту жұмыстарын жасаймыз. Жаңбыр сіркіреп жауып тұрды. Аспан сірескен бұлт. Ал, құрылысшылардың  жұмысы қарқынды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика