Денсаулық сақтауды жаңғырту — саламатты өмір

    Адам денсаулығы — баға жетпес байлығымыз.  Сондықтан болар, халқымызда «Денсаулық — зор байлық» деген қанатты сөз бар. Осы қағиданы ұстанған біздің елімізде халық денсаулығын сақтап, медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

     Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен елімізде «Саламатты Қазақстан-2015» бағдарламасы қабылданып, жүзеге асуда. Емдеу диагностикалық кешендер, Ұлттық медициналық орталықтар құрылып, халыққа осы заманғы озық медициналық құралдармен көмек көрсетіліп жатыр. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын қалыптастыру тұрғысында бұқаралық спортты дамыту, дене шынықтыруды жүйелі жүргізу және әлеуметтік аурулардың алдын алу бағытында іс-шаралар жоспарлы жүргізіліп келеді.     
     Жыл сайын «Денсаулық фестивалі» ұйымдастыру дәстүрімізге енген. Сондай-ақ, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының ауданымыздағы филиалы да өз кезегінде салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытымен жоспарлы жұмыстарды жүзеге асырып отыр. Жастар арасында нашақорлыққа қарсы күрес бағытында және әртүрлі жұқпалы аурулардан сақтану жолдары жайлы дәрігерлік кеңес беруді ұйымдастырып, жергілікті басылым беттерінде маман-дәрігерлердің мақалалары жарияланып тұрады. Аналар мен сәбилердің денсаулығын сақтау басты назарда. Оларға да маман дәрігерлеріміз ақыл-кеңестерін беріп, әртүрлі аурулардан сақтану жолдарын түсіндіреді. Ана мен бала, яғни отбасы құрамының денсаулығының мықты болуы — елімізде саламатты өмір салтын қалыптастыруға негіз болады. Сондықтанда дәрігер мамандар өздері тарапынан ақыл-кеңестерін беріп, олардың денсаулығының мықты болуына үлес қосады. 
   Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай — 20 қадам» мақаласында халық денсаулығын сақтап-нығайту, соның негізінде елімізде саламатты өмір салтын қалыптастыруды одан әрі дамыту бағытында маңызды тапсырмалар берген. Әрбір азамат қимыл-қозғалыссыз және спортсыз, сонымен қатар саламатты өмір салтынсыз дені сау болып ұзақ жасауы мүмкін еместігін ескертіп айтып өткен. Сол үшін біздің әрбіріміз өз денсаулығымызға баса назар аударып, спортпен,  дене тәрбиесімен тұрақты түрде шұғылданып отырсақ — денсаулығымыз мықты, еңбекке құлшынысымыз арта түсетіндігі анық.                                             

А.Толыбаева,

 Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы

Бейнеу ауданы филиалының меңгерушісі.

{jcomments on}

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика