Үстіміздегі жылдың бірінші желтоқсаны – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінің қарсаңында Елбасымыздың құрметіне спорт жарыстары ұйымдастырылуда. Қазақ күресінен ұйымдастырылған жарысқа – облыстық ұлттық спорт мектебіне 1995-96 және 1997-98 жылдары туған жас балуандар жиналды.
Барлығы 10 команданың құрамында 55 үміткер бақтарын сынады. Атап айтқанда, Айыртау ауданының Дәуқара, Қарақамыс, Светлое ауылдарынан, Аққайың, Қызылжар, Мамлют, Шал ақын аудандарының елді мекендерінен, Қызылжар қаласындағы қазақ мектеп-гимназиясынан үміткерлер тоғысты.
1995-96 жылдары туғандар арасында жеңіске жеткендер — 51 кг. Нұрболат Көлбаев (Айыртау ауданы, Дәуқара ауылы), 57 кг. Думан Оразтаев (Петропавл қаласы, қазақ мектеп-гимназиясы), 64 кг. Егіс Жолкенов (Шал ақын ауданы, Жаңажол ауылы), 72 кг. Махамбет Айтхожин (Шал ақын ауданы, Жаңажол ауылы), +81 кг. Әмір Лұқпанов (Петропавл қаласы, қазақ мектеп-гимназиясы). Ал, 1997-98 жылдары туған жасөспірімдердің арасында мыналар жеңімпаз болды: 35 кг. Темірлан Жанұзақов (Петропавл қаласы, қазақ мектеп-гимназиясы), 38 кг. Әлихан Төлебаев (Аққайың ауданы, Ленин ауылы), 42 кг. Рахат Алпысов (Айыртау ауданы, Қарақамыс ауылы), 46 кг. Аманжол Сейітқали (Айыртау ауданы, Светлое ауылы), 50 кг. Райымбек Алпысов (Айыртау ауданы, Қарақамыс ауылы), 56 кг. Әнуар Құнанбаев (Айыртау ауданы, Дәуқара ауылы), 66 кг. Семен Вист (Аққайың ауданы, Ленин ауылы), + 66 кг. Абылайхан Өмірзақов (Петропавл қаласы, қазақ мектеп-гимназиясы).
Кенжегүл ХАМЗИНА, облыстық ұлттық спорт мектебі директорының орынбасары.
«Қызмет» ақпарат.
{jcomments on}
Leave a Reply