Исламдық алғашқы шағын несиені түлкібастық кәсіпкер алды

tories/programma_satti.jpg» border=»0″ width=»300″ height=»220″ align=»right» /> «Тойдың болғанынан, боладысы қызық» демекші, исламдық несие жыры соңғы жылдары жұрт аузында жиі   айтылып келді. Міне, енді сол күнге де   жеттік. Оңтүстік    Қазақстан       облысындағы Түлкібас ауданының Мыңбай ауылында Тілеуішов Айтмұқан елімізде сол несиені бірінші рет алып отыр.

   2008 жылы Ислам Даму  Банкінің 2009 жылға арналған мемлекеттік  бағдарламалары қатарына қосылған  «Қазақстан Республикасының ауыл тұрғындарының экономикалық белсенді топтарын шағын қаржыландыру»  бағдарламасы әзірленген-ді. Онда Ислам Даму Банкінің «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына»  жеңілдікпен 10 млн. АҚШ  доллары көлемінде ұзақ мерзімді қарыз беруі көзделген.

  «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы Нармухан Сарыбаев журналистерге берген сұхбатында өткен жылы Ислам Даму банкімен келісім шартқа қол қойылып, оның бірінші тарншы 2 млн. АҚШ долларының келіп түскенін айтты. Оның сөзіне қарағанда, ОҚО, Ақтөбе, Павлодар облысында пилоттық жобалар жүзеге асырылуда. Қазір 30-ға жуық несие жобасы қаралуда. Оңтүстік Қазақстан облысында бірінші болып несие жобасы мақұлданса, басқа облыстарда оқыту жұмыстары жүргізілуде. Несие мерзімі 18 айдан бастап, 4 жылға қаралған. Қаржы алушы пайда үлесінен қайтаратын болады.

  Қазақстанға Ислам қаржысының тиімді тартылуы үшін салық, банк туралы заңдарға өзгерістер енгізілген. Былай қарағанда, 10 млн. доллар да соншалықты үлкен сома емес, дегенмен, ұтымды пайдаланса, табысқа шығарымыз сөзсіз.

— Біз Ислам Даму Банкі берген несиені 10 жылда екі рет айналдырып үлгеруіміз керек, — дейді Н.Сарыбаев. – Негізі екі мың жобаны жүзеге асыру көзделуде. Әр несие алушы 5 адамнан жұмыс орнын құрғанның өзінде, 10 мың адам еңбекпен қамтылады деген сөз. Және бұл несиенің өзге қаржы институтынан ерекшелігі, құжат жұмыстары да жеңілдетілген. Несие алушының да тарихы оң болуы тиіс, әрі кепілге мүлігін немесе алған тауарын қоя алады.  Үстемақысы ай сайын емес, түскен табыс бөлігінен алынады.

   Келісімдер бойынша Қорда исламдық қаржыландыру әдістемесі енгізіліп, исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкес, «Сәтті» шағын несиелеу бағдарламасы әзірленген және Қор қызметкерлері арнайы оқытылған. Пилоттық түрде екі несиелеу өнімі бекітілді: ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін мал шаруашылығы (шошқа өсіруден басқасы) және өсімдік шаруашылығы үшін шағын несиелеуге арналған «Салам» мен «Мұрабаха» өнімдері. Қарыздың сомасы  — 25 мың долларға, табыстылық үстемесі  -9,5 пайызға  дейін. «Салам» бағдарламасының мақсаты – сапасы, көлемі, бағасы, жеткізудің күні бекітілген келешектегі  астық, актив, тауар үшін алдын-ала төлеу. «Мұрабаха» бағдарламасы бойынша негізгі құрал-жабдықтарды немесе биологиялық активтерді бөлшектеп төлеу қаржыландырылады.

   Сонымен, Мыңбай ауылының тұрғыны Айтмұқан Тілеуішовке 11 сүтті сиыр сатып алынды. Клиенттің малды ұстау үшін үй жанында қорасы, жаппалар мен пішен қорасы бар. Қарыз алушы жылқы бордақылау мен ірі қара мал ұстаумен айналысады.

  — Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынының қызметі ұнады, — дейді Айтмұқан Тілеуішов. – Мынау қорада тұрған сиырларды буаз күйінде алдым, күніне 12-15 литрден сүт сауылады. Келер жылы 11 бұзауды аман-есен өсірсек, қарыздың жартысын жауып тастаймыз. Маған тиесілі несие 2 миллион болса, табыстылық үстемесі 4 жылға 425 мың теңгені құрайды. Екі жылда-ақ қарыздың бәрін жауып тастаймын деп үміттеніп отырмын дейді.

    Басқарма төрағасы Н.Сарыбаев клиент қарызды мерзімінен бұрын жауып тастаса, ары қарай үстемақы жүрмейтінін де тілге тиек етті. Сондай-ақ, әйел кәсіпкерлерді қаржыландыру да басымдыққа ие. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден бөлек, ауыл тұрғындары үшін сервистік қызмет, нан наубайхана, кондитерлік цехтар, т.б. қызмет көрсету салаларына да несие берілмек.

— Исламдық несие біз үшін өте қолайлы, — дейді Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Өтебай Мәткәрімов. – Егін, бақша, бау, мал азығын өсіру, мал бағу жағына келсек, ауданның мүмкіндігі мол, жері шүйгін. Барлық шаруа қожалықтарында тиесілі жер үлестері бар.

  Енді мына бір мәліметке жүгінейікші: әр тұрғын басына шаққанда, артық жері жоқ Қарабұлақ ауылында атаулы әлеуметтік көмек алатындар жоқтың қасы. Және бұл – жұмыссызы жоқ ауыл. «Ал, Машат ауылдық округінде атаулы әлеуметтік алатындардың саны – 57 адам», — дейді ауыл әкімі Мұхтар Сәрсепбаев.

   Әрбір тұрғынның өз отбасын жұмыспен қамтуға мүмкіндік көкжиегі ашылып тұр. Ендеше, «Ауыл шаруашылығын қолдау қорымен»  үнемі байланыста болып, жобаларыңызды ұсыныңыз.

Дидар Бегалиев,

«Қызмет» ақпарат.

{jcomments on}

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика