Ашық сабақ
Тақырыбы: М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы Абылай хан мен Батыр Баян бейнелері Пән мұғалімі: Ахметова Гүлмира 8 сынып Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы Абылай хан мен Батыр Баян бейнелері
Сабақтың мақсаты:
А) білімділігі:
-Поэмадағы Абылай хан мен Батыр Баян бейнелерін ашу;
-Баянға тән биік рух пен отты сезімді поэма желісі арқылы ашу;
— Шығарманың тарихи сипатына мән беріп, жоңғарлардың ХУІІІ ғасырда қазақ еліне жасаған бірнеше дүркін шапқыншылықтары , Абылай хан бастаған қазақ сарбаздарының оларға тойтарыс беруі, Батыр Баянның ерлігі жайлы “Қазақстан тарихы” оқулығындағы деректерге, тағы басқа да тарихи деректерге сүйене отырып талдау жүргізу.
Ә)Тәрбиелік:
— Оқушыларды ұлттық сана сезімін оятуға, өзіне деген сенімін арттыруға, өз-өзіне сеніммен қарауға тәрбиелеу.
-Абылай хан мен Батыр Баян бейнелері арқылы потриоттық сезім қалыптастыру.
Б)Дамутышылық:
-Қоғамдық-саяси дүниетанымын кеңейту;
-Оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін шыңдау;
-ойларын еркін жеткізе білуге баулау.
Сабақтың түрі: талдау сабағы
Сабақтың әдіс- тәсілі: психологиялық талдау,сұрақ-жауап,саралау
Сабақтың көрнектілігі: интеративті тақта.
Сабақтың барысы:
to 0cm auto 54pt; mso-add-space: auto; mso-list: l0 level1 lfo1″>1. Ұйымдастыру кезеңі:
to 0cm auto 54pt; mso-add-space: auto; mso-list: l1 level1 lfo2″>1) Оқушыларды түгелдеу,оқу- құралдарын тексеру.
to 0cm auto 54pt; mso-add-space: auto; mso-list: l1 level1 lfo2″>2) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
to 0cm auto 54pt; mso-add-space: auto; mso-list: l1 level1 lfo2″>3) Сабақтың мақсатымен таныстыру.
to 0cm auto 54pt; mso-add-space: auto; mso-list: l1 level1 lfo2″> 2. Үй тапсырмасын сұрау:
1)Поэмадағы әдеби теориялық ұғымдарға талдау жасау.
2)Поэманың мазмұнын қысқаша баяндау.
3)Жоңғарлардың 18 ғасырда қазақ даласына жасаған шабуылдары.
Абылай ханның,Батыр Баянның тарихтағы рөлін нақты деректерге сүйене отырып айту.
Жаңа сабақ
Поэманың композициялық сюжетіне талдау жасау.
1.Оқиғаның басталуы: Батыр Баянның жорыққа келмей қалуы.
2.Байланысы: Батыр Баянның қалмақтың бір сұлу қызын елге алып келуі.
3.Дамуы: Інісі Ноянның қалмақ қызына ғашық болуы.
4.Шиеленісуі: Ноян мен қалмақ қызының қашуы.
5.Шарықтау шегі: Баянның Ноян мен қалмақ қызын өлтіруі.
6 Оқиғаның аяқталуы: Баянның қалмақтармен шайқаста ерлікпен қаза табуы.
Кейіпкерлерді топтастыру.
Абылай хан қолбасшы,саяси қайраткер қазақ халқынның ұлы ханы.(1711-1781) жылдар арасында өмір сүрген. Абылай 20 жасында хан майданында ерлігімен танылады. Қазақтарды жоңғар шабуылдарынан құтқарып,елдің тыныштығын,тірлігін қамтамасыз етуді алдына мақсат қойған.
Абылай жоңғарлармен соғысқа дарабоз Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, Өтеген, Батыр Баян сияқты белгілі батырлар мен тізе қоса қатысады.
Батыр Баян Қасболатұлы-ержүрек батыр шамамен 1710-1715 жылдары дүниеге келіп ,1757 жылы елін қорғау жолында,үлкен шайқаста қаза тапқан.
Баян жас кезінде алғырлығымен, тапқырлығын Абылай ханның ерекше құрметіне бөленген. Баян туралы Т.Тәуекелов 1993 жылы кинофильм түсірген.
Абылай хан мен Батыр Баянға мінездеме беру, портретін жасау.
tories/Abilay_khan.jpg» border=»0″ align=»right» />
tories/1315887695.jpg» border=»0″ width=»369″ height=»335″ align=»left» />
Әдебиет теориясы бойынша портрет пен мінездеуге тоқталу.
Сөздікпен жұмыс жасау.
Поэманы “Батыр Баян”кинофильмімен салыстыру.
Сабақты қорытындылау: Пысықтау сұрақтарын қою.
Оқушыларды бағалау.
Ахметова Гүлмира
Leave a Reply