Қалталы әнші… Кім?!

       Жыл соңында атқарылған жұмыстардың барлығы қорытындыланып, әр нәрсенің оңды һәм теріс жағы талқыға түсетіні бесенеден белгілі. Отандық шоу-бизнесте де солай. Кез келген өнер адамы алдымен өз-өзіне есеп береді. Олардың біразы жылдың қаншалықты өнімді болғанын жарыққа шыққан әні мен клиптерінің санымен таразылайтыны бар. Өз кезегінде «AynaLine» порталы бірқатар қазақ әншілерінің тойдағы «құнын» сұрастырып, сол арқылы биылғы жылы қаржылай жағынан кімнің көшбасшы болғанын анықтауға тырысты.

tories/CWjM1U1KN1it0jwO6U4Vq30F8mY0Xe.jpg» width=»250″ height=»166″ alt=»CWjM1U1KN1it0jwO6U4Vq30F8mY0Xe» style=»float: right;» />

      Алдымен қазіргі қазақ эстрадасының бет-бейнесі, дұрысы – белді өкілі, Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаеваға тоқталайық. Өнер иесінің өзінен «тойдағы «ставкаңыз» қанша?» деп сұрағанымызда, ол бір  демде: «оның не керегі бар?» деп өзімізді сауалдың астына алып, артынша бұның «жабық тақырып» екенін алға тартқаны бар. Сахна сандуғашы сыр ақтарғысы келмеген сұрақтың жауабын сенімді дереккөздерімізден білдік. Олардың сөзіне сенсек, Қуанышқызы 5 әнін орындағаны үшін 3 мың АҚШ долларын алады екен. Бұл – Алматыдағы баға. Аймақтарда өтетін тойдан оның тиісінше көп алатыны айтпаса да түсінікті. Аптасына кемінде 2-3 жұпты «қосатын» әншінің жылдық табысын есептеуді Сізге қалдырдық, оқырман. Ал қашан да ашық айтып, ақ сөйлейтін тағы бір Халық әртісі Мақпал Жүнісова болса, бұл жолы да әдетінен айныған жоқ.

        — Әдемі болып жүргің келсе, тойға шығуға тура келеді. Неге десеңіз, негізгі табыс көзіміз сол ғой. Әсіресе, жаңадан көйлек кигім келген кезде, тойшы қауыммен кездесетінім бар, – деп бір күліп алған «қазақтың ерке қызы» сөзін сабақтап: — Ең аз дегенде 1 мың АҚШ доллары ғой сол. Онда да қатты қысылып, жағдайы болмай тұрғанда ғана бұл бағаға келісемін. Бірақ тума-туыс, таныстардың тойында тегін ән салатын кездерім де ұшырасады, – дейді ол. Орайы келгенде оған «ал ең көп қаржы тапқан тойыңызды айта аласыз ба?» деп қиыла кеттік. Мақпал Мұхамедиярқызы сөзге келместен былай деп ағынан жарылды:

tories/61b9df7302337addb27e3f8c7265e796.jpg» width=»250″ height=»167″ alt=»61b9df7302337addb27e3f8c7265e796″ style=»float: left;» />

       — Бізде атымтай жомарттар ілуде біреу. Көпшілігі ақшасын еліміздегі әншілерден гөрі,  шетелден келген «жұлдыздарға» ұстатуға құмар. Тойда өнер көрсетіп, ең көп қаражатты осыдан  1-2 жыл бұрын алғанмын. Жасырмаймын, Алматыда ұйымдастырылған тойда 10 мың АҚШ  долларын ұстатқан адам болды. Сол бір-ақ рет осынша көлемдегі сомманы иеленгенім бар. Той  иесі – Болат Назарбаев.

       Құрылғанына он жылдан асқан «МузАрт» тобын да тойына екінің бірі шақыра алмайды.  Мейрамбек бастаған ансамбльді оңтүстік астанадағы тойда көргіңіз келсе, 5 мың АҚШ долларын  төлеуіңіз қажет. Онда да бірнеше ай бұрын қамданып, олармен келісіп қойғаныңыз игі. Әйтпесе,  «ұстатпай» кетуі бек мүмкін. Оның үстіне, ВИА басқа әріптестеріндей бүкіл тойдан қалмауды мақсат етпейді, таңдап-талғап барады. Есесіне, ән айтып қана қоймай, қолдарын оңды-солды сермеп, ара-тұра сахнада секіруден де кетәрі емес «Орда» тобының жігіттері бұл жағынан мейлінше ешкімнің бетін қақпайды. Тек жоғарыда аталған топтың «қаламақысынан» кем бермесеңіз болғаны. Содан болар, аты шулы «Forbes» журналының қазақстандық нұсқасының дерегінше, «Кеш мені» деп ән салғандар осы жылы 240 мың АҚШ долларын тауыпты. «Орда»-ның өкшесін басып, жуырда 10 жылдық мерейтойын атап өткен продюсер Ерғали Әбдірайымовтың жобасын сөз етпесек, сын болар.
       Аты мен заты бірдей квартет, яғни кіл жігіттерден құралған «Жігіттер» де біз тілге тиек еткен өнердегі ағаларындай сұрайды.
       Тағы бір мәліметке сүйенсек, олардың Жылан жылындағы табысы 400 мың АҚШ долларын құраған. Несі бар, әрқайсысы атаулы, қос нөлден тұратын сомманы алуға әбден лайықты. Үлкен сахнаға олардан кейін шыққаны болмаса, жасы үлкен әрі «той падишасы» атанған Заттыбек Көпбосыновты қалай ұмытайық?! Бұл ретте өзінің «Ақмаржанымен» талай аруды ұзатқан Зәкең «ол жағы құпия болып қалсыншы» деп сала берді. «Қазақ тойының патшайымы» болса, ол –Гауһар Әлімбекова. «Ақ келін», «Келінге өсиет» әндерімен ұзатылып бара жатқан нәзік жандыларды сазға қосқан сахна саңлағы, Роза апасының ізін жалғап, «оны қайтесіздер? Ондай нәрселерді сұрамаңыздаршы осы» деумен шектелді. Бұл жағынан Ақылбек Жеменейдің «кеңпейілділік» танытқанын айта кету керек. Әрдайым тұтқаның арғы жағынан «сіз» деп сыпайылық танытуды жөн көріп, «қалайсыздар, бәрі жақсы ма?»-ны және қосатын өнерлі жігіт «Қызыл өріктің» арқасында қалтасының қалыңдағанын мойындайды. Бүгінгінің серісінің «ставкасы» – 3-5 мың АҚШ долларының аралығында. Соңғы жылдары үйіндегі келіншегін «Асылым» деп әнге қосып жүрген Айқын Төлепберген де сұраныстағы әншілердің бірі. «Орда бұзар» жасты алқымдаған әнші үстіміздегі жылда 495 мың АҚШ долларға татитын еңбек етіпті. Алайда, әр тойдан қанша табатыныны туралы тіс жармаған ол: «Одан да ең көп «қанжығалаған» ақшамды айтайын. Павлодарда екі концертімді беріп, 9 мың АҚШ долларын иемденгенмін» дейді. Ал еліміздегі маңдайалды «гёлз-бэнд»-тердің бірі – «КешYou» «көз тиіп қалады» деп бұл жөнінде сыр ақтарудан бас тартса, Мәдина Сәдуақасова, Батырхан Шүкенов, Ділназ Ахмадиевалар да сұраққа нақты жауап беруден қашты. Бір анығы, соңғы үшеуінің атағының өзінен ат үркетіні әмбеге аян.

tories/ac0e8a57d48a80582b78e76877830013-big.jpg» width=»250″ height=»167″ alt=»ac0e8a57d48a80582b78e76877830013-big» style=»float: right;» />

       Бұл ретте Қазақстанды шулатып жүрген Қайрат Нұртас та атақ пен шатақ жағынан осал емес. Тойда ән шырқауын 7 мың АҚШ долларына бағалаған жас әншінің аяқталғалы отырған жылда 2 млн долларға байығанын «Forbes Kazakhstan» журналы есептеп те үлгеріпті. Қайраттың продюсері әрі анасы Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, бұл дерек ақиқаттың ауылынан алыс. Әйтсе де, жыл сайын концерт берумен шектелмей, кино түсіріп, ол аздай сәнді киімдерді саудалайтын «бутик» ашқан 24 жастағы жігіт осынша көлемде қаржы таппағанда, кім табады дер-сің. Сондықтан енді санаулы күндерден кейін тарихқа айналатын осы жылдың ең қалталы да қарымды өнерпазы – Қайрат Нұртас десек, қателесе қоймаспыз. Оның келтірілген сан-айғақтарды жоққа шығаруын қазақы қарапайымдылыққа балағанымыз дұрыс-ау… Қанша айтқанмен, «тіл-көзден қорқамын» деген еңбекқор әнші жеке өмірін де осылай құпияда қалдырып отыр емес пе?

Айбек СЕРІКҰЛЫ.
«Айналайын» порталы.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика