tories/8ec2da0ebab0f81906487a3448ebe98c.jpg» width=»350″ height=»263″ alt=»8ec2da0ebab0f81906487a3448ebe98c» style=»float: left;» />
Астана. 15 қаңтар. Baq.kz – Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты еліміздің көптеген аймақтарында күн жауын-шашынды болады, кей жерлерде боран соғады, жел күшейеді, тұман түседі, көктайғақ болады. Тек оңтүстік-шығыста күн ашық болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Ақмола, Қарағанды облысында тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кейде оның екпіні 23-28 м/с. жетеді. Алматы облысында тұман түседі, Жалаңашкөл ауданына желдің екпіні 25 м/с. жетеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 23-28 м/с. құрайды.
Оңтсүстік Қазақстан облысының кейбір жерлеріне тұман түседі, көктайғақ болады. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облысытарында боран соғады, 20 м/с жел тұрады. Қызылорда облысында жел күшейіп, боран соғады. Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжанған.
Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында боран соғады, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.құрайды. Павлодар облысында күндіз кей жерлерде боран соғады, 15-20 м/с жел болады. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с. дейін жетеді.
baq.kz сайтынан алынды
Leave a Reply