Пәтерлер қымбаттап жатыр

Қазақтанда бірқатар құрылыс компаниялары пәтер сатуды тоқтатып, жобалардың құнын қайта қарайды. Кейбіреулер бағаны 5-7 %-ға көтерді. Бұл туралы Қазақстан құрылыс компаниялары қауымдастығы хабарлады.

«Себебі теңгенің құлдырауы және осыған байланысты құрылыс компанияларының тәуекелдерімен байланысты болып отыр», – деп түсіндірді Қазақстан құрылыс компаниялары қауымдастығының президенті  Виктор Микрюков.

Ол азаматтық заңнамада тараптар жасасқан шартқа өзгерістер енгізілуі мүмкін жағдайлар белгіленгенін айтты.

«Төлем шарттарына қатысты өзгерістердің басым бөлігі бұрынғысынша келісім-шарттардың өздеріне сәйкес жасалады деп болжануда», – деді қауымдастық басшысы.

Төлемдерді бөліп төлеуге қатысты сарапшы қазіргі жағдайда бұл механизм ахуал тұрақталғанға дейін мүлдем жойылатынын айтты.

Сонымен қатар, Микрюковтың айтуынша, ағымдағы келісімшарттардың талаптары тараптардың келісімі бойынша өзгеруі мүмкін. Оның ішінде: құрылыстың ағымдағы құнының айтарлықтай өзгеруіне байланысты, материалдар құнының айтарлықтай өсуіне байланысты.

«Мұндай келісімдерді тараптар ортақ мақсатқа қол жеткізу яғни, нысан құрылысының аяқталуын қамтамасыз ету бойынша келіссөздер нәтижесінде жасай алады», – деп қорытындылады қауымдастық президенті.

Қызмет газеті

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика