Шымкентте Әз-Наурыз мерекесіне орай «Қош келдің, Наурыз!» керуені жолға шықты. Наурыз айында өтетін мерекелік іс-шараларды хабарлап, халықты құлағдар ету мақсатында Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы бүгінгі шараны ұйымдастырды
– «Қош келдің, Наурыз!» керуені халықтың көңілін көтеріп, мерекелік шараларды таныстыру үшін жолға шықты. Жарнама афишаларын ілу арқылы көпшілікті Жаңа жылды тойлауға шақырамыз. Наурыз айында мерекелік концерттер, «Көрісу күні», «Қошқар ата сейіл» көктем мерекесін өткізуді жоспарлап отырмыз, — деді шараны ұйымдастырушы Жұмабек Исимов.
Керуен бірнеше бағыт бойынша жолға шығып, Қыдыр ата бастаған топ қаланың әр тарапына жария салып, халықпен кездесті.
– Шуақты көктемнің мерекеге толы күні көп. Баршаңызды Әз-Наурыз мерекесіне шақырамыз. Ұлыстың ұлы күні төрт көзіміз түгел жиналайық, ағайын, — деді Қыдыр ата бейнесіндегі Ж.Шанин атындағы театр актеры Еркінбек Шымырқұлов.
Айта кетейік, шара наурыз айының соңына дейін жалғасады. Астана даңғылынан жолға шыққан керуен ірі сауда орталықтары мен саябақтарда аялдап, халықтың ықыласына бөленді.
“Шымкент келбеті” – Ақбөпе ЕРГЕШ
Фото: Серік ҚОСАЕВ
Leave a Reply