Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Жетісай ауданына жұмыс сапарының соңында жетісайлық тұрғындармен кездесті. Кездесуге аудандағы ақсақалдар, қоғамдық ұйымдар, білім және кәсіпкерлік саласының өкілдері қатысты.
Кездесуде Өмірзақ Шөкеев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдары туралы баяндады. «Жаңа Қазақстанды» құрудағы мақсаттар мен міндеттерге тоқталды. Ауыл-аймақтың әлеуетін көтеруде жұмыссыздықпен күрес, кәсіпкерлікті дамыту салаларына басымдық беріліп отырғанын мәлімдеді.
– Бүгін мемлекеттен грант алып, өз кәсібін жүргізіп отырған жетісайлық тұрғындармен кездестім. Өндірген өнімдерін көрдім. Осы бағытта жұмысты күшейту керек. Шағын кәсіпкерлік арқылы ел дамиды. Екіншіден, Жетісайдың агросалада мүмкіндігі өте жоғары. Жылыжайлар ісі, үй іргесіндегі алқаптарды пайдалану, суды үнемдеу технологиясына басымдық беру мәселелері де маңызды. Ауданның жай-күйімен танысып шықтым. Бірқатар ұсыныстарға қолдау көрсетіледі. Сіздердің де пікірлеріңіз ескеріліп, арнайы хаттамаға енгізіледі, – деді облыс әкімі.
Жүздесуде жетісайлық тұрғындар ойда жүрген сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Ауданда саябақ пен жаңа медициналық бекет салынатынына, өзге де жобаларға ризашылықтарын білдіріп, қолдайтындарын жеткізді.
Қызмет газеті
Қызмет газеті
Leave a Reply